Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тапсырма. Жүрек қызметінің жүйке -гуморальді және рефлекторлы реттелуі




 

Керекті құрал-жабдықтар: Бақалар пинцет, қайшы, жіп, кимограф, электр қуаттандырғышы, физиологиялық ерітінді. Рингер ерітіндіеі, 1%=1 КСІ және СаС12 ерітінділері. Штраубе қанюласы (түтікшесі), адреналин (1:200), ацетилхолин (1:10000), мақта, дәке.

Жұмыстың барысы:

1. Бақа жүрегінің жұмысына кезеген жүйкенің әсерін зерттеу. Бақаның көкірек куысын ашып жүректі жалаңаштайды да, алдыңғы оң аяғын жанына кере тартып, пластинкадағы пробкаға түйреуішпен қадап қояды. Қолтық асты еттерін тіл-жұтқыншақ және тіл асты жүйкетері көрінетіндей етіп ашады. Бұл жүйкетер бір-бірімен өзара қиылысып бақаның тұмсығына қарай тарайды. Аталған жүйкетердің арасымен ваго-симпатикалық жүйке пен қан тамырларынан құралған жүйке-тамыр шоғы өтеді. Бұл шоқ бақа көмекейіне арнаулы буылтығы бар шыны түтікшені тықса, анық көрінеді.

Осы жүйке-тамыр шоғына электродтарды тигізіп, жүйкені тітіркендіреді.

Жүректің жиырылуын кимографпен жаза отырып, жүйкенің жүрекке әсерін зерттейді.

2. Данини - Ашнер тәжірибесі.

Алдын - ала адамның қалыпты жагдайдағы пульсын (қан тамырының 1 мин. соғуын) санап, жазады. Содан соң көз алмаларын саусақпен 10 сек. басып тұрады, тамырдың соғуын қайта санайды. Алынған сандарды салыстырып, қорытынды жасайды.

3. Адреналин, ацетилхолин, кальций және калий иондарынын жекеленген жүрек жұмысына әсері.

Бақаның көкірек қуысын ашып, жүректі жалаңаштайды. Кішкене пинцетпен бірінші жіпті оң қолқа доғасының астынан, екінші жіпті сол колқа доғасының астынан, үшінші жіпті қолқа бултығының астынан, ал төртінші жіпті жүрек үзбесінің астынан өткізеді. Кан юлада қан пайда болса, онда оның ұшының қарыншаға кіргені. Содан соң үшінші жіптен тамырды кан юлаға қысып байлап, жүректі денеден бөліп алады. қанюла арқылы жүректі Рингер ерітіндісімен жуып, канюланы арнаулы қысқышқа бекітеді де, жүрек ұшын жазғыш құралмен жалғасытырып, жүректің жиырылуын кимографқа жазады. Содан соң қанюлаға бір тамшы адреналин ерітіндісін құйып, жүрек жұмысын жазуды жалғастырады. Адреналиннің жүрекке әсерін анықтайды да, кимографты тоқтатып, жіңішке түтікшесі бар сорғыш арқылы канюла ішіндегі ерітіндіні түгел сорып алады да, бір тамшы ацетилхолин қосылған Рингер ерітіндісін құйып, жүректің жұмысын жазады. Жүрекке ацетилхолиннін әсерін анықтаған соң, дәл осы ретпен хлорлы кальций және хлорлы калий ерітінділерін құйып, олардың да жүрек жұмысына әсерін зерттейді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных