ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тапсырма.Спирометрдің көмегімен өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтауКеректі кұрал-жабдықтар: Пневмограф, төсеніш шыны, үгітілген графит, бақа, спирометр, мақта, спирт, Жұмыстың барысы: Өкпенің тіршілік сыйымдылығын аныктау үшін спирометрді жұмысқа дайындау керек. Аппараттың арнаулы түтікшесін спирттелген мақтамен сүрткеннен кейін, тексерілетін студент, танауын арнаулы қысқышпен қысып қояды да, барынша терең дем алып, барлық дәмін спирометр түтікшесі арқылы шығарады. Спирометрдің ішкі цилиндрінің көтерілу деңгейіне қарап, аппараттың арнаулы белгілері бойынша өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтайды. Орта көрсеткішті шығару үшін тәжірибені үш рет қайталайды.Тыныстық ауаны мөлшерін анықтау үшін қалыпты жағдайда дем алып, демді спирометрге шығарады. Бұл тәжірибені де үш рет қайталап орташа көрсеткішті анықтайды.Қосымша (үстеме) ауа мөлшерін анықтау үшін спирометрдің ішкі цилиндрінің пробкасын ашып, оны жоғары көтереді де, спирометр цилиндрін атмосфералық ауамен толтырады. Студент танауын қысқышпен қысып қойып, қалыпты жағдайдағыдай дем алады да, түтікшені аузына алып, дем алуды спирометр арқылы жалғастырады. Спирометрдің алғашқы көрсеткіші мен дем алғаннан кейінгі көрсеткіштерінің айырмасы қосымша ауаның мөлшерін көрсетеді.Қордағы ауаның мөлшерін анықтау үшін тексерілетін студент танауын қысып, қалыпты жағдайдағыдай дем шығарады да, түтікшені аузына алып, қалған демін барлық мүмкіндігінше спирометрге шығады.Спирометр көрсеткіші арқылы деммен шыққан ауаның мөлшерін анықтайды. Жоғарыда баяндалып өткен кейінгі үш тәжірибенің көрсеткіштерін қосып,оны,алғашқы аныкталған өкпенің тіршілік сыйымдылығымен салыстырады. Егер көрсеткіштер айырмашылығы 10/-тен көп болса зеттеуді қайталайды.
Қанда негізінен азот, оттегі, көмір қышқыл газы кездеседі. Азоттың мөлшері артерия қанында да, вена қанында да бір деңгейде сақталады, ол организмдегі алмасу процесіне қатыспайды. Оттегі артерия қанында 18 көлем процент, ал вена қанында -12 көлем процент болады. Дененің қалыпты температурасы жағдайында альвеола ауасында оттегінің үлес қысымы с.б. 107 мм тең болса, 100 г қан 0,31 мл отгегі газын еріте алады. Демек, организмге қажетті оттегі газының тек қана, 0,3 проценті қан арқылы физиологиялық ерітінді күйінде тасымалданып, негізгі бөлігі эритроциттердің кұрамындағы гемоглобинмен химиялық қосылыс түрінде тасымалданады. Көмір қышқыл газы оттегімен салыстырғанда жақсырақ ериді, сондықтан оның организмдегі жалпы мөлшерінің 2,7 % ерітінді түрінде тасымалданып, ал негізгі бөлігі ерімейтін химиялық байланыстар түрінде тасымалданады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|