ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Барлық тұздардың организмдегі маңызы өте күшті.1) олар қан мен тіндегі осмостық қысымды реттейді; 2) қанның сілтілі-қышқылды реакциясының тепе-теңдігін және қанның белсенді реакциясын бірқалыпты сақтауға қатысады; 3)минералды заттар катализаторлық қызмет (химиялық реакцияларды тездетеді) атқрады. Ферменттер мен гормондардың әсеріне қолайлы орта жағдайларын қамтамасыз етеді және тұздардың өзі ферменттер мен гормондардың құрамына кіреді; 4) тұздар құрылыс пластикалық материал ретінде қаңқаның, организмдегі барлық жасуша құрылымының құрамына кіреді, бірақ бе лок, май, көмірсудан ерекшелігі, минералдық тұздардың энергиялық маңызы жоқ. Организмге тұздар үнемі тамақ құрамымен қабылданады, ал несеп, тер және ішек арқылы сыртқа шығарылады. Минералды тұздардың маңызы арнайы бақылаулар арқылы дәлелденген. Мысалы,тұздарын әбден шайып шығарған етпен иттерді ұзақ мерзім тамақтандырғанда, олардың тамаққа зауқы нашарлап, жүдеп өліп қалған. Фосфор (Р) адам организімінде фосфатты кальций қосындысы ретінде сүйектің құрамында болады. Бір және екі негізгі фосфор қышқылының тұздары барлық жасуша және жасушааралық сұйықтық, коферменттердің, липидтердің кейбір белок топтарының құрамына кіреді,гликолизге қатысады. Кейбір тіршілікке қажет үрдістер (жасушалық тыныс алу, сіңу, бұлшықеттің жиырылуы т.б.) фосфор қышқылының қатысуымен өтеді. Сонымен, фосфор қышқылы барлық негізгі топтағы заттардың белок, май, көмірсу, витаминдер т. б. алмасуына қатысады. Фосфаттардың тәулік қажеттілігі 1,0 г. Қандағы РО4 мөлшері 2 мэкв/л, жасуша ішіндегі сұйықтық 140 мэкв/л. Күкірт (S) белок алмасуына қатысады, амин қышқылдарының құрамына кіреді. Күкірт қышқылы организмдегі белок алмасуынан, тоқ ішекте белоктың шіруінен пайда болған улы заттарды усыздандырады. Қан плазмасындағы күкірт қышқылының анионы 1-2 мэкв/л. (Организмдегі калъцийдің мөлшері 1 кг Са++ сүйек тіндерінде (Са н емесе қосылыстар) қорға жиналады, қан плазмасында Са иондық қосылыстар және белок пен байланысқан күйде болады (5 мэкв/л). Ол қанның ұюына қатысады және жүрек қызметіне әсер етеді. Жүйке иіс бұлшықет тіндерінің қалыпты қозуына қандағы Са мөлшері тұрақтылығының маңызы зор. Са жасушалық мембрананы тығыздайды, Оның қандағы мөлшері азайғанда мембрана борпылдақ болады (Сүйке жүйесінің қозғыштығы артып еттердің күшті тартылуы (тетания ) пайда болады. Қалыпты жағдайда кальцийдің тәуліктік і і іігі 0,6-дан 0,8 г. дейін. Өсіп келе жатқан балалар мен жастар екіқабат әйелдер үшін оның қажетті мөлшері анағұрлым жоғары болады.Себебі ол сүйек тінінің қалыптасуына қажет. Магний (Мg) жасуша ішіндегі маңызды катиондардың бірі. Қан сарысуында 1,8 - 2,5 ммоль/л, эритроциттерде - 3,5 ммоль/л. Ол кейбір ферментік (фосфатаза, фосфорилаза) жұйелердің құрамына кіріп глииколизге қатысады, көптеген ферменттер белсенділігі мен жүйке-ет қозғыштыққа әсерін тигізеді. Тәуліктік қажеттігі 0,3-0,4 г. Натрий (Nа) мен калий (К) организмде хлор, көмір және фосфор қышқылды тұздар ретінде кездеседі. Nа негізінен қан плазмасында және тін сұйықтығында болады. Жасуша сыртындағы сұйықтықта 140-145 мэкв\л жасуша ішіндегі сұйықтықта 10-12 мэкв/л мөлшерінде болады. Жасуша сыртындағы сұйықтықтың осмостық қысымы негізінен NаСІ мөлшеріне байланысты. Натрийдің кейбір қосылыстары күкірт қышқылды) өте нашар сіңеді. Оның гипертониялық ерітіндісін пероральды қабылдағанда судың қаннан ішекке өтуіне әсер етеді де ішті өткізеді. Nа организмге хлорлы тұз ретінде қабылданады.Оның тәуліктік мөлшері 10-12г, натрийдің мөлшері 6 г. Калий жасуша ішінде белокпен байланысқан түрде көбірек 155-160 мэкв/ л болады. Калий иондары ферменттік жүйені белсендендіруге қажет және жүректің қызметін реттеуге қатысады. Плазма мен жасушааралық сұйықтықта 4,5-5 мэкв/л калий болады. Оның тәуліктік қажеттілігі 3-5 г, КСІ түрінде қабылданады. К мен № түздары тамақтың құрамында жеткілікті болады. Хлор адам организмінде ИаСІ, КСІ түздарының құрамында болады. Көбіне жасуша сыртындағы сұйықтықта (140-145 мэкв/л) және біразы жасуша ішіндегі сұйықтықта (2-3 мэкв/л) болады. Тәуліктік қажеттілігі 2-4 г. Темір (Ғе). Темір өте бағалы микроэлементке жатады. Ол организмде органикалық және бейорганикалық қосылыстар күйінде кездеседі. Адам организмінде темірдің мөлшері 3 - 5 г, оның 65 - 70% эритроцит құрамында болады. Эритроциттердегі темірдің үлес мөлшері - 15-20 ммоль/л. Адам тіндерінде темір негізінен қор ретіндегі белок - ферритиннің, трансферриннің құрамына кіреді. Сонымен қатар темір аса маңызды белоктар - гемоглобин мен миоглобиннің, ферменттер: каталаза, пероксидаза, цитохромдар т.б. құрамында кездеседі. Организмде темір жетіспесе қан түзілу үрдісі бұзылады да қан аздық ауруы - гипохромдық анемия пайда болады. Темірдің тәуліктік қажеттілігі ер адамдарда - 0,6 мг, ал әйелдерде бұдан 30 - 60% көп. Жүкті әйелдерде, әсіресе жүктіліктің соңғы үш айында темірге мұқтаждық физиологиялық жағдайдан бірнеше есе жоғары болады. Темір бауырда, көкбауырда, сүйек кемігінде ферритин және гемосидерин (дәнекер тіндерінде кездеседі) түрінде сақталады. Темірдің организмге күнделікті қажетті мөлшері тағаммен (ет, бауыр, бұршақ, ерік т.б.) бірге түседі. Тәуліктік қажеттілігі адамда 13-15 мг. Мыс (Си). Органзмдегі қалыпты мөлшері 70 - 80 мг. Мыс тирозиназа, цитохромоксидаза, галактозоксидаза құрамында болып тотығу-тотықсыздану үрдістеріне қатысады. Яғни ол көптеген ферменттердің белсенді орталығына енеді. Сонымен қатар мыс иондары аминқышқылдары, нуклеотидтер, нуклеин қышқылдары, белоктар және ферменттермен берік байланыс түзейді. Мыс - қан түзуге, гемоглобин синтезіне және коллаген мен эластин синтезіне қатысады. Мыс жеткіліксіз болса организмде бірқатар маңызды: темір алмасуы, фосфолипидтер синтезі, остеобластар белсенділігінің жоғарлауы, пигменттер алмасуы, коллаген және эластин синтезі үрдістері бұзылады. Сонымен қатар қаназдық ауры мен қант диабеті дамиды. Тәуліктік қажеттілігі 30-50 мг. Марганец (Мп). Организмдегі мөлшері 8-10 ммоль/л. Марганец көптеген ферментативті үрдістерді белсендіреді. Сонымен қатар ол организмнің өсіп жетілуі үшін өте қажет. Егер оның мөлшері организмде жеткіліксіз болса, ұрықтық жасушалардың ұрықтандыру қабілеті төмендейді, сүйек пен шеміршекте органикалық матрикс мөлшерлері азаяды. Тәуліктік қажеттілігі 50-100 мг. Мырыш (2п). Организмдегі мөлшері 1,2 - 2,4 г. Ол көптеген гормондар (гипофиз гормондары, инсулин т.б.), ферменттер (карбокси-пептидаза, дипептидаза, карбоангидраза, супероксиддисмутаза, аль-долаза т.б.) мен витаминдердің құрамында кездеседі. Организмде мырыш жетіспесе бойдың өсуі нашарлайды, зат алмасу мен жыныс мүшелері дамуы бұзылады. Сонымен қатар инсулиннің (мырыш инсулиназаны белсендіреді) жеткіліксіздігі пайда болып, қант диабеті дамиды. Тәуліктік қажеттілігі - 5 мг. Кобалып. Организмдегі мөлшері 4,3 - 35,4 мг%. Кобальт өте қажетті микроэлементтердің бірі болып саналады. Ол қан жасалуына қажет, яғни эритроциттер, ретикулоциттер, лейкоциттер түзілуі мен гемоглобин синтезін белсендіреді және ВІ2 витаминінің құрамына кіреді. Бром (Вr) орталық жүйке жүйесінің тежелуін күшейтеді. Ол (И.П. Павловтың мәліметі бойынша) ОЖЖ-гі қозу және тежелу арасындағы тепе-теңдікті сақтайды. Бром дәрілері невростенияда, неврозда, истерияда, үйқы бұзылғанда және артериялық гипертен-зияның алғашқы кезеңдерінде қолданылады. Иод (I) аса маңызды микроэлемнет. Организмдегі мөлшері 25 мг, оның 15 мг қалқанша безінде неорганикалық иодид түрінде тироидты гормондар құрамында болады. Ол негізінен зат алмасу және т.б. үрдістерді реттеуге қатысады. Тәуліктік қажеттілігі 0,15-20 мг. Фтор (Ғ). Организмге тәуліктік қажеттілігі 2-3 мг. Фтор тіс эмалінің қүрамына кіреді. Сонымен қатар ол сүйек минерализациясы мен дамуна қатысады. Селен (Sе). Организмдегі мөлшері 20 мг%. Ол ферменттердің (глю-татионпероксидаза, формиатдегидрогеназа т.б.) құрамына кіреді. Селен организмде ұзақ жеткіліксіз немесе жоқ болса бауыр жасушалары жойыла бастайды, яғни ол бауырда некроз дамуынан сақтайды. Организмдегі судың маңызы. Адам өміріне су өте қажет. Адам толық ашығып және су ішпесе, 8-10 күн, иттер 10-14 күн өмір сүре алады. Егер жануар тамақ ішіп, су ішпесе 3-4 күнде өліп қалады. Денедегідегі су көптеген қызмет атқарады: 1. Су жасуша протоплазмасының және тінаралық құрылымдардың құрамына кіреді; 2.Су әмбебап еріткіш; 3.Барлық ас қорыту ферменттері гидролазалар тобына жатады,сондықтан барлық қоректік заттар судың қатысуымен қорытылады; 4. қан мен лимфаға қоректік заттардың сіңуіне, түрлі заттарды, і і.ірды, зат алмасуының қалдықтарын тазалауға катысады; 5.Денедегі жылуды реттгеуге қатысады. Адамның тәуліктік су қажеттілігі 2-2,5 л, оның 2-2,2 л (экзогенді тамақ құрамымен қабылданады. 0,3 л (эндогенді су) организмдегі қоректік заттардың тотығуынан пайда болады. Судың алмасуы. Ересек адамның дене салмағының 60-70%-і су.Организм неғұрлым жас болса, соғұрлым онда су көбірек болады.Эмбрион салмағының 90%-і, жаңа туған нәрестенің 75%-і, кәрі адамның55%-і су болады. Салмағы 75 кг ересек адамның организімінде литрдей су бар. Түрлі тіндердегі судың мөлшері әртүрлі: 91 бауыр, өт, теріде 70-75%, бүйректе 80%, мидың сұр затындва 86 сүйек құрамында 22%, тіс эмалінде 0,2%. Денедегі барлык сұйықтықты 2 түрге бөледі: 1. Жасуша ішіндегі сұықтық организм салмағының 70% (30-40 л шамасында), яғни судың көбі жасуша протоплазмасының құрамында болады. Жасушадан тыс тамыр ішіндегі сұйықтық (қан, лимфа) тінаралық сұйықтық құрамына кіреді. Денедегі судың 20% (15-17 л), жасушадандан тыс сұйықтыққа жатады. Оның 13-15%-і интерстициялық сұйықтық пен лимфа, ал 4-5%-і қан плазмасына кіреді. Су мен тұз алмасуының реттелуі. Гиппоталамуста ерекше шөлдеу және тұз алуына арналған жүйке орталықтары бар.Бұл орталықтарға ауыз қуысының шырышты қабатында орналасқан осмоқабылдағыштардан (ауыз қүрғағанда) мәліметтер келіп тұрады, рефлекстік афференттік жауаптар, гуморальдық факторлар, гормондар қатысуымен жүреді. Шөлдегенде, денеде су жеткіліксіз болғанда гипоталамусқа келетін жүйке серпіністері ондағы шөл орталығын қоздырады, одан пайда болған жүйке серпіністері нейрогипофизга барып несеп бөлінуге қарсы (антидиурездік) гормонның өнуін күшейтеді. Бұл гормон бүйрек түтікшелеріндегі судың (реабсорбциясын) қайта сіңуін күшейтіп, орга-низмде суды үстап қалады.Шөлдеу сезімінің пайда болуына ауыз қуысының құрғақтығы әсер етеді. Сондықтан көпшілік жағдайда ауызды сумен шайғаннан кейін-ақ шөлдеу сезімі басылады. Энергия алмасу жəне жылу шығару. Ағзаның энергетикалық балансы. Организмдегі энергия алмасуын энергия теңдестеген анықтау арқылы зерттейді.Ол үшін организм қабылданған ж/н бөлген энергия молшерін салыстырады.Организмнің қорекпен қабылдаған энергиясының молшерін жалпы энергия деп атайды. Организм қабылдаған жалпы энергияны қоректік заттардың қуатық құнды лығына сүйене отырып анықтайды.Ал қоректік заттардың қуатық құндылығын анықтау үшін арнаулы аспап – калориметриялық қуты қолданылады. Рацион құрамындағы көмірсулар,белоктар ж/н майлар мөлшерін анықтағаннан соң, организм қабылдаған энергия мөшиерін есептеп шығаруғаболады. Дене температурасының мұндай тұрақтылығы, жылу пайда болуы, оның сыртқа шығуы сияқты үрдістерге қатысатын бірқатар ағзалар мен жүйелер жүйесі қызметінің жүйке-қан арқылы реттелуіне байланысты. Олардың бір-бірімен байланысы өте нәзік, үйлесімді, сондықтан да температурасы бірқалыпты сақталады, яғни денедегі жылу реттеледі (терморегуляция). Жылу реттелуі дегеніміз сырттағы температура өзгерсе де дененің ішкі, өз температурасын қалыпты тұрақты күйінде сақтауы. Бұл арнайы әрекетгік жүйе арқылы іске асырылады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|