ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тапсырма. Сілекейдің ферменттік қасиеттерін анықтауКеректі заттар мен құралдар: Адам немесе мал сілекейі, химиялық шыны стакандар, пробиркалар, 10% сірке қышқылы ерітіндісі, Люголь ерітіндісі, 0,2% крахмал клейстері, 10% NаОH ерітіндісі, 1% СuS04 ерітіндісі, 0,1 н H2S04 ерітіндісі, лакмус қағазы, рН метр,пипеткалар,метилоранж индикаторы. Жұмыстың барысы: Төрт пробиркаға пипеткамен 3 мл-ден крахмал клейстерін құяды. 1-пробиркаға 1 мл адамның таза сілекейін, 2-пробиркаға 1 мл алдын ала қайнатылып суытылған сілекей, 3-пробиркаға 1 мл сілекей мен 2 тамшы 1% НСL, ал 4-пробиркаға аз ғана крахмал ұнтағын салып, үстіне 1 мл ден сілекей құяды. Барлық пробиркаларды 20-30 мин термостатта 37-38°С ұстайды. Көрсетілген уақыт еткен соң пробиркаларды термостаттан алып, суытып, әр пробирканың ішіндегі сұйықты екі пробиркаға тең бөліп кұяды. Бірінші пробиркамен крахмалға реакция қояды (3-4 тамшы Люголь ерітіндісін қосады), егер ерітінді көк түске боялса, онда ертіндіде крахмал болғаны, демек көмірсудың ыдырау процесі жүрмегені. Ішінде крахмал жоқ қатардың екінші пробиркасымен қантқа Троммер тәжірибиесін қояды. Ол үшін пробиркаға ішіндегі сұйық деңгейінің жартысындай мөлшерде 10% КОН ертіндісін құяды да, ашық көк түске боялғанға дейін тамшылатып, 1% СuSО4 ерітіндісін қосады. Пробирканы ішіндегі сұйық қайнағанға дейін спиртовкамен қыздырады. Тәжірибе кезінде алдымен сары түсті тұнба пайда болады (мыс гидраты - Сu(ОН)2, қыздыруды одан әрі жалғастырғанда тұнба қызыл түске боялады, себебі Сu(ОН)2- Сu20-ға айналады.
Тәжірибе қорытындысын мына төмендегі кесте түрінде бейнелеңіз
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|