Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырыбы: Сезім мүшелерінің физиологиясы




Жұмыстың мақсаты. Студенттерді адам мен жануарлардыңсезім мүше лерінің физиологиясымен, құрылымымен, қызыметімен және олардың ерекшеліктерімен таныстыру

Тақырыптың теориялық негізі. Ішкі және сыртқы ортаның алуан түрлі тітіркендіргіштерінің әсерін қабылдауды қамтамасыз ететін жоғары маманданған құрылымдарды сезім мүшелері дейді. Сезім мүшелері сезімдік (сенсорлық) жүйенің тек қана шеткі қабылдаушы аппараты. Организмдерде ол тек сыртқы орта әсерін ғана қабылдай қоймай, сонымен қатар ОЖЖ не ішкі ағзалардың, бұлшық ет пен буынның физиологиялық күйі, дененің кеңістіктегі жағдайы жайлы да ақппарат жібереді.

Сезім мүшелерінің орналасқан орнына қарай сыртқы аппараттары контак тылық және дистанциялық экстерорецепторлардан құралады. Контактылық рецепторлар тітіркендіргішпен тікелей түйіскенде ғана қозады.Оларға тері рецепторлары және дәм сезу рецепторлары жатады.

Ішкі талдағыштардың қабылдаушы аппаратарын интеро (ішкі) және проприорецепторлар (бұлшық ет, буын байламы,сіңір рецепторлары) құрайды. Ішкі талдағыштар организімнің ішкі ортасы мен ішкі ағзаларынан түскен сигналдарды қабылда түйісу рецепциясына негізделген.

Талдағыштардың қасиеттері:

Эволюциялық даму барысында әрбір талдағыш тітіргендіргіштің белгілі бір түрін қабылдауға бейімделген, сондықтан әр талдағыштың өзіне тән ерекшеліктері болады.Дегенмен, барлық талдағыштарға тән ортақ қасиеттерде бар. Олардың қатарына мыналар жатады.

1.Жоғары сезімталдық қасиет. Талдағыш рецепторларының қозу табалдырығы төмен болады да, олар үйреншікті тітіркендіргіш әсеріне өте сезімтал келеді.

Арнаулылық, талғамдылық қасиет.Әрбір талдағыш рецепторы тек белгілі бір тітіркендіргіш түрін қабылдауға бейімділік танытады, белгілі энргия түріне ғана жауап береді. Көру талдағышының үшін үйреншікті тітіркендіргіш-сәуле, есту талдағышы үшін- дыбыс толқыны т.с.с болып табылады. Бірақ талдағыштарда қозу өте кушті тосын (инадекватты) тітіркендіргіштер әсерінен де туындайды. Мұндай жағдайда туындайтын түйсік солғын, көмескі болады.

3. Әсерлілік (реактивтік) қасиеті. Талдағыштар қозу процесі туындап үлгермей тұрып-ақ тітіркендіргіш әсерінен өзінің функционалдық күйін өзгерте бастайды.

Созылыңқы, жалғасқан әсерге жауап беретін қабілет.Талдағыштар рецепторы тітіркендіргіш әсері қанша уақыт созылса, сонша уақыт қабылдап, ол тиылғанға дейін орталыққа сигнал бағыттап отырады. Осының нәтижесінде талдағыштар арқылы әсер мерзмінің ұзақты, оның сипаты жайлы нақтылы ақпарат алынады.

5. Сенсибилизация қасиеті. Тітіркендіргіш әсері қайталанған сайын анализатордың сезімталдығы арта түседі, олардың қайталанған әсерді қабылдау қабілеті күшейеді.

Бейімделгіш (адаптация) қасиет.Тітіркендіргіш күші мен сипатына талдағыш рецепторы қажымай-ақ өзінің функционалдық күйін өзгертіп, сезімталдығын төмендетіп жауап береді. Олардың қозғыштық, сезімталдық қасиеті қалпына тез оралады.

7. Контрастық құбылыс. Түйсік күші нақтылы жағдаймен өзгереді. Мысалы, толық тыныштық жағдайында әлсіз дыбыстың өзі күшті естіледі.

8. Түйсік ізін сақтау қасиеті. Белгілі бір түйсік тітіркендіргіш әсері (заттың бейнесі, әуен т.б.) тиылғаннан кейін де біраз уақыт жалғасады. Мысалы, жарқ еткен сәуле оның әсері тоқтағаннан кейін де біраз уақыт сезіліп турады.

Омыртқалылардың көру ағзалары. Көру талдағышы ең жақсы дамыған құрылым. Оның қызметі нәтижесінде организм қоршаған ортаны бағдарлап, айналасындағы заттардың түсін, пішінін, көлемін және оларға дейінгі ара қашықтықты ажыратады.

Эволюциялық даму барысында көру мүшесі жарық пен түсті ажыратуға бейімделген. Адам мен сүт қоректі жануарларда ол дамудың ең жоғары деңгейіне жеткен. Көру талдағышының негізгі мүшесі-көз алмасы. Ол бас сүйектің алдыңғы жағындағы екі ойықта – көз шарасында орналасқан. Көру мүшесі оптикалық, фоторецепциялық жүйелерден және қосымша қорғағыш аппараттан құралады.Көз алмасы шар пішінді құрылым. Оның алдынақарай шығыңқы келген бөлігі көздің алдыңғы полюсі, ал артқы жағын – артқы полюсі деп атайды. Сырт жағынан көз алмасы үш қабықпен қапталған. Ең сыртқы фибриозды қабық – ақ қабық, ортаңғы тамырлы қабық және ішкі – торлы қабық.

Сыртқы қабықтың алдыңғы бөлігін қасаң қабық деп атайды. Ол түссіз, мөлдір, дөңгелек, дөңес, сағат әйнегіне ұқсас келеді. Қасаң қабық арқылы еөздің ішіне жарық сәулесі сындырылып өткізіледі. Осы фиброзды қабықтың артқы бөлігін ақ қабық деп атайды. Ақ қабық көз алмасының артқы жағынан шыққан көру жүйкесінің сыртын қаптап, жүйке

Ақ қабықты астарлай тамырлы қабық орналасады. Бұл қабатта көзді қоректендіретін қан тамырлары орын тебеді. Тамырлы қабықтың қасаң қабықты астарлай орналасқан алдыңғы бөлігін нұрлы қабық деп атайды. Көздің түсі осы нұрлы қабықтағы бояғыштарға (пигменттерге) байланысты болады. Нұрлы қабықтың ортасында қарашық деп аталатын тесік болады. Ол арқылы жарық сәулесі көздің ішіне өтіп, торлы қабыққа жетеді. Нұрлы қабықта сақиналы және сәулелі бағытта орналасқан ет талшықтары болады. Сақиналы еттер жиырылғанда, көз қарашығы тарылады, сәулелі еттер жиырылғанда – ол кеңейеді. Осының нәтижесінде көз алмасының ішіне өтетін жарық сәулесінің шоғыры көбейіп, не азайып отырады да, көз жарық күшіне бейімделеді – көз адаптациясы жүреді.

Қарашықтың артында екі беті дөңес линза пішінді мөлдір дене – көз бұршағы орналасады. Ол сыртынан белдемшелі жұқа қабықпен қапталады. Қабық белдеміне циннов байламы бекиді. Бұл байлам тамырлы қабықтың құрылымы – кірпікше еттермен жалғасады. Кірпікшелі дененің жиырылуы нәтижесінде көз бұршағының пішіні өзгеріп, ол не қабысып, не дөңестеліп отырады. Қасаң қабық пен көз қарашығының арасындағы қуысты – көздің артқы камерасы деп атайды. Бұл камералар мөлдір сұйықпен – шылауықпен толған. Көз алмасының көз бұршағының артында жатқан қуысын шыны тәрізді дене деп аталатын түссіз, мөлдір, қоймалжың сұйық зат толтырып тұрады. Аталған құрылымдар – қасаң қабық, шылауық, көз бұршағы және шыны тәрізді дене, - көздің оптикалық немесе сындырушы жүйесі деп аталады. Оптикалық жүйе, әсіресе көз бұршағы көздің әртүрлі қашықтықтан айқын көруге бейімделуін – аккомодация процесін қамтамасыз етеді.

Торлы қабықта жарық сезгіш рецепторлар- таяқшалар мен сауытшалар орналасады, аласады, сондықтанда оны жарық сезгіш, немесе фотрецепциялық бөлім деп айтады.Торлы қабықтың құрылымы өте күрделі, ол 1О қабаттан тұрады. Оның тамырлы қабықпен жанасатын сыртқы қабатын пигментті торшалар түзеді

Фоторецепторлар екі буыннан - ішкі жөне сыртқы, - тұрады. Сыртқы, пигментті қабатқа жақын орналасқан буыңца жарыққа сезімтал көру пигменті болады, ал ішкі буында торшалардағы қуат алмасуын қамтамасыз ететін ядро мен митохоңдриялар орналасады. Фоторецепторлар буындары бір-бірінен мембранамен бөлінеді. Бұл мембрана арқылы 16-18 жіңішке жіпшелерден - фибриллалардан, құралған шоғыр өтеді. Ішкі буьшнан өсіңділер басталады. Олар арқылы қозу фоторецепторлардан олармен түйісетін қос өрісті (биполярлы) торшаларга беріледі.

Қос өрісті торшалар түйінді (ганглиозды) торшалармен жалғасады. Соңғы торшалар өсіңцілері көру жүйкесін құрайды. Әрбір қос өрісті торшалар көптеген таяқшалармен байланысады, ал түйінді (ганглиозды) торшалар өз кезегінде көптеген қос өрісті торшалармен түйіседі. Ал әрбір сауытша тек бір ғана қос өрісті торшамен байланысады, сигналды соған ғана береді. Демек, қатар жатқан таяқшалардан шыққан сигналдар бір-бірімен тоғысса, қатар жатқан сауытшалар сигналдары жеке-жеке беріледі.

Көру талдағышының өткізгіш жолын көру жүйкесі қүрайды. Бұл жүйке арқылы импульстер латеральдық имек дене ядроларымен төрт төмпешіктің алдыңғы екі төмпешігіне бағытталады. Ал соңғы құрылымдар нейрондарының аксонымен импульстер үлкен ми жарты шарлары қыртысының шүңде бөлігіңде орналасқан көру талдағышының орталығына беріледі.

Жарық сезгіш торшалар қызметі. Жарық сезгіш торшаларда қозу процесі фотохимиялық реакция нәтижесінде пайда болады. Таяқшаларда жарыққа сезімтал родопсин, ал сауытшаларда - йодопсин деген заттар болады. Родопсин мен йодопсин белок текгес жоғары молекулалы қосьлыстар. Жарық өсерімен родопсин ретинен (А дәрмендәрісінің альдегиді) және оп-син белогына ыдырайды да, өзінің қызыл түсін жоғалтып, алдымен сары түске айналады, артынан түссізденіл кетеді. Қараңғыда ретинолдың (А дәрмен дәрісі) қатысуымен родопсинді қайта синтездеу процесі жүреді. Ретинол жетіспеген жағдайда бүл реакция тежеліп, қараңғыға бейімделу процесі бүзылады, ақшам соқырлық байқалады.

Көру рецепторлары аталған пигмештерінің фотохимиялық реакциялары салдарынан қозады. Көру пигменттері ыдыраған кезде бөлінген иондар торлы қабық рецепторларын тітіркендіріп, көру жүйесіңде импульстер пайда болады.

Құрылымы жағынан йодопсин родопсинге жақын, олретинен мен фотопсин белогының қосындысынан түрады. Фотопсин үш түрлі болады, соңдықтан сауытшалар әр түрлі ұзындықтағы сәулелер толқынына (күлгін, жасыл, қызыл) реакция беретін торшалар болып жікгеледі. Осы үш түрлі сауытшалардың әр түрлі комбинацияда қозуы нәтижесінде түрлі рең түйсігі пайда болады.

Аралық түстер осы үш түрлі сауытшалардың әр түрлі деңгейде қозуының нәтижесінде пайда болады. Мысалы қызыл сары түс түйсігі "қызыл сауытшалар" күшті, "жасыл сауытшалар" жеткілікгі деңгейде, ал "күлгін сауытшалар" әлсіз деңгейде тиіркенгенде пайда болады. Ал осы үш түрлі сауытша бірдей деңгейде қозсасақ түс қабылданады.

Есту талдагыщының қүрылымы. Есту деп организмнің дыбысты қабылдау қабілетін айтады. Ол есту мүшесінің күрделі қызметі арқылы іске асырылады. Сүт қорекгілерде есту мүшесі сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтан тұрады. Сыртқы жөне ортаңғы құлақ есту талдағышьшың өткізгіш, ал ішкі құлақ - қабылдаушы бөлімі.

Сыртқы құлақ құлақ қалқанынан және сыртқы дыбыс жолынан тұрады. Құлақ қалқаны дыбыс тербелістерін қабылдап, оны дыбыс жолына бағьптайды. Дыбыс жолы дыбыс толқынын ортаңғы құлаққа өткізеді. Сыртқы құлақ пен ортаңғы құлақ арасын дабыл жаргагы бөліп тұрады. Ол өзіне жеткен дыбыс толқынын орталық құлаққа өткізеді.

Дабыл жарғағының арғы жағындағы дабыл қуысында бір-бірімен буындана байланысқан есту сүйекшелері - балгашық, төс және, үзеңгі орналасады. Балгашық дабыл жарғағына, ал үзеңгі – ішкі құлаққа баратын сопақша тесікті жауып тұратын жарғаққа бекиді. Аталған сүйекшелер арқылы дыбыс толқыны дабыл жарғағынан сопақша тесікті жауып тұратын жарғаққа беріледі.

 

Сүйектің ерекше байланысының және үзеңгі ауданының дабыл жарғағы беткейінен көп кіші болуының салдарынан дыбыс толқынының күші 40-60 есе артады. Дыбыс тым күшейіп кетсе құлақ қуысының етгері жиырылып, дабыл жарғағы керіле түседі де, сүйектер қимылы шектеліп, дыбыстың әсер күші азаяды.Ортаңғы құлақты ішкі құлақтан бөліп тұратын сүйекті қалқавда екі тесік болады. Олар жүқа дәнекер үлпалы жарғақпен жабылған дөңгелек және сопақша тесіктер. Дөңгелек тесікті иірім түтіктер (үлу) терезесі дейді. Одан сәл төменірек орналасқан сопақша тесікті - сага (кіреберіс) терезесі деп атайды.

Ішкі құлақ, немесе шытырмақ (лабиринт), самайдың қайыршық сүйегінің ішінде жатады (54- сурет). Ол бірінің ішінде бірі орналасқ-ан сүйекті және жарғақты шытырмақтан түзілген. Бұл екі құрылымның арасында перилимфа, ал жарғақты лабириштің ішіңце эндолим-фа (ішкі сүйық) болады.

Сүйекті лабиринт үш құрылымнан - сағадан (кіреберіс), иірімді түтіктен (үлудан) және жартылай дөңгелек түтіктерден, — тұрады. Саға мен иірімді түтік есту мүшесін қүрайды. Ал сағада орналасқан қапшықтар мен жартылай дөңгелек түтіктер тепе-тендік (вестибула-лық) аппараты больш табылады. Демек, ішкі құлақта есту және тепе-тендік мүшелері орналасқан. Сага - кішкентай қуыс. Ол сопақша және дөңгелек қапшықтарға бөлінеді. Сопащиа

қапшық жартылай дөңгелек түтіктермен, ал дөңгелек қапшық - иірімді түтікпен жалғасады.

Иірімді түтік (үлу) - орталық білікті бойлай спираль тәрізді екі айналым жасай орналасқан иірімделген қүрылым. Рейснер мембранасы мен негізгі

мембрана арқылы ол үш жіңішке арнаға - сопақша тесіктен басталатын саеа өзегте, дөңгелек тесікпен жалғасатын дабыл өзегіне жөне иірімді тутік өзегіне, - бөлінеді. Алғашқы екі өзек иірімді түтіктің төбесінде бір-бірімен тар тесік - геликотрема, - арқылы жалғасады және олардың қуысы перилимфамен толған. Ал, иірімді түтік өзегі эндолимфамен толады да, мүңда дыбыс толқынын қабыл-дайтын Корти мүшесі орналасады.

Корти мүшесі - күрделі қүрылым. Ол негізгі мембра-наның ішкі беткейін бойлай орналасқан есту торшалары мен сүйеніш торшаларцш қүралады. Есту торшаларының үшында жіңішке кірпікшелер болады. Олар дыбыс толқынының өсерін қабылдайды. Осы торшалардың үстінде бір үшы сүйекті түлғаға жалғасқан, екінші үшы бос жататын жабынды табақша орналасады.

Құлақ қалқаны қабылдаған дыбыс толқыны есту жолы арқылы дабыл жарғағьш тербелтеді. Бұл тербеліс есту сүйектерінің тізбегімен сопақша тесікке беріліп, саға өзегіндегі перилимфаны толқытады. Одан әрі толқын геликотрема арқылы дабыл өзегіндегі сұйыққа тарайды. Осы толқын әсерімен негізгі мембрана тербеліп, оған бекіген есту торшаларының түктері жабынды мембранамен түйіседі де, бұл торшаларда қозу пайда болады. Қозу процесі ұлу жүйкесінің ұштарынан есту жүйкесіне беріледі де, одан әрі есту жолымен сопақша ми, аралық ми арқылы үлкен ми сыңарларының самай белігінде орналасқан есту таддағышыньщ қыртыстық бөліміне беріледі.

Ішкі құлақ сағасы мен жартылай дөңгелек түтіктер вестибулалық аппаратты қүрайды. Вестибулалық аппарат дененің жазықтықтағы жағдайын бағдарлауды және тепе-тендікі сақтауды қамтамасыз етеді.

Жартылай дөңгелек түтіктер бір-біріне перпендикуляр үш бағытта орналасады. Әр түтіктің бір үшында ампула тәрізді аздап кеңейген бөлік болады. Жарғақты түтіктің осы бөлігіңде ескек пішіндес, жартылай мөлдір іркілдек затпен оралып жататын кірпікгі ұзын рецепторлық торшалар орын тебеді. Осы қүрылым бастың кеңістіктегі жағдайын қадағалап отырады. Бастың кеңістіктегі жағдайы, қозғалыс бағыты өзгерсе, немесе айналмалы қозғалыс басталса, эңдолимфа осы рецепциялық торшаларды толқытады, қозу тудырады. Осыдан ми құрылымдарына қимыл бағытының, өзгерістері жайлы ақпарат жіберіледі.

Сағаның (кіреберістің) қапшықтарьшда сезімтал торшалар шоғырланған дақ деп аталатын дөңестеу бөлік болады. Бүл сезімтал торшалардың бір бөлігі цилиндр пішінді келеді де, екінші ұшы сүйірлене бітеді. Оның сүйір ұшында бос тұрған бір қимылдағын және бір-біріне жабысқан 60-80 кірпікшелер орналасады. Бүл торшалар ерекше іркілдек зат массасына батып жатады. Осы массаны отолит жарғагы (отолит мембранасы) деп атайды. Оның беткейінде көптеген алты қырлы өте майда фосфор-көмір қышқылды кальций кристал-дары - құлақтас (отолиттер), - жатады, ал жарғақ сезімтал торшалар кірпікшелерін қысып тұрады. Қимыл үдегенде не баяулағанда, дененің, бастың кеңістіктегі қалпы өзгергенде отолит өз салмағымен торша кірпіктерін не кереді, не басады, не бір бүйірге тартады. Осыдан сезімтал торшалар тітіркенш жағдайды орталық жүйке жүйесіне хабарлайды.

Вестибулалық аппараттың рецепциялық торшалары вестибулалық түйін түзетін қос өрісті торшалар өсіңцілерімен синапс арқылы жалғасады. Осы қос өрісті торшалар аксоңдары есту жүйкесінің вестибулалық тармағын түзеді. Вестибулалық аппаратта пайда болған импульстер есту жүйкесінің талшықтарымен сопақша мидағы вестибулалық ядроға беріледі. Осы жерде қимыл сипаты, дене мен бастың кеңістікгегі жағдайы жайлы ақпараттар алғашқы талдаудан етеді. Сопақша мидың вестибулалық ядроларынан еткеннен кейін вестибулалық аппараттың афференггік жолы айқасады да, таламустың вентробазальдық құрылымдарына бағытталады.

Дәм сезу талдағышының қызметі арқылы ауыз қуысына түскен қоректің сапасы, сипаты анықталады. Бүл таддағыштың қабылдаушы бөлігі тіл бүртіктеріңде, жұмсақ тандайда, жұтқыншақтың артқы бетінде, бадамшада және көмекей қақпашығында орналасады. Тіл бүртіктері шатырша, жапырақша және орлы болып бөлінеді. Осы бүртікгер ішінде эпителиальды құрылым – дәм жуашыгы, орналасады.

Дәм жуашығы сопақша пішінді, жуа тәрізді болып келеді. Ол бүйірлі, ұршық пішіндес дәм торшаларынан және цилиндр пішінді сүйеніш торшалардан тұрады да, тілдің көп қабатты эпителийі бойьшда орналасады. Дәм торшаларьшың ұшында майда түктер (кірпікшелер) болады. Дәм жуашығы кілегей қабық беткейінде дәм саңлауы деп аталатын кішкентай тесікпен ашылады.

Әр тіл бүртігінде бірнеше дәм жуашығы орналасады. Олар өсіресе орлы бүртіктерде көптеп саналады. Орлы буртіктер тілдің түбірінде және үстіңгі беткейінде орналасады. Шатырша буртіктер тілдің үстінде, бүйір беткейінде орын тебеді. Тілдің кілегей қабығында дәм сезу рецепторларымен қатар температураны, жанасуды, қысымды қабылдайтын сезімтал жүйке ұштары болады. Дәм сезу процесі сілекейде еріген химиялық заттарды дәм саңлауы арқылы дәм торшаларының микротүкгеріне әсер етуінен басталады. Күрделі биохимиялық және биоэлектрлік процестердің нәтижесінде дөм торшаларының рецепторлары қозады. Тітіркеніс дәм рецепторларынан үшкіл, тіл-көмекейлік, кезеген және беттік (дабыл шегі) жүйкелер тармақтары арқылы сопақша мидағы алғашқы дәм сезу орталығына беріледі. Осы құрылым нейрондарының аксондары езара айқасқаннан кейін таламустың доға төрізді ядроларына, содан кейін үлкен ми жарты шарлары қыртысына — соматосенсорлық қыртыстың төменгі бөлігіне, - бағытталады. Қазіргі кездегі жіктеуге сәйкес ащы, тузды, қышқыл, тәтті жөне су дәмі болады. Қышқыл дөмді сутегінің еркін иондары, тұзды демді -кейбір түздар, ащы жене тәтті дәмді - ер түрлі қүрылымды заттар тудырады. Бір дәм жуашығы тек ащы дөмді, екіншісі — тұзды дөмді, үшіншісі - қышқылды т.с.с. қабылдауға бейімделген. Дегенмен, бір бүртікте өр түрлі дәмді қабылдайтын рецепторлар қатар орналаса береді, сондықтан бір бүртік бірнеше дәм түріне реакция бере алады. Сонда да тіддің үшы - теттіге, бүйір беткейінің орта бөлігі - қышқьшға, тілдің түбі - ащы дөмге, тілдің үшы мен бүйір беткейі — тұзды дәмге сезімтал. Дәм сезу талдағышы шөп қорекгі жануарларда жақ-сы, жыртқыштарда - нашар дамыған.

Адам мен жануарларда иіс таддағышының қызметі дистанциялык хеморецепциямен байланысты. Иіс талдағышы ең ерте дамыған тал-дағыштың бірі, ол қоршаған ортадағы биологаялық маңызды химия-лық сигналдарды қабылдауды қамтамасыз етеді. Иіс талдағышьшьш жетілу деңгейіне қарай жануарлар макросматиктер жене микросма-тиктер болып бөлінеді. Макросматиктерге - иіс талдағышы жақсы дамығаңдарға, - сүт қоректілер жатады. Адамда, китте, маймылда иіс талдағышы нашар дамыған. Иіс талдағышының шеткі бөлімі мүрын қуысында, кеңсіріктік жоғарғы жолында орналасқан иістік төсемік болып табылады. Олар микросматиктер,рецепциялық, сүйеніш жөне негіздік торшалардан құралады. Сүйеніш торшаларының апикальдық ұшы тармақтаньш, айырланып жатады. Негіздік торшалар тереңірек орналасады, олар эпителий қабатының бетіне шықпайды. Олардан сүйеніш торшалар мен рецепциялық торшалар өсіп отырады. Иісті қабыддауды шашақты рецепциялық торшалар қамтамасыз етеді. Бастапқы хеморецепция - химиялық заттардың әсерін қабыл-дау, - осы торшалар шашақтарының мембранасында жүреді деген болжам бар.

Иіс торшалары қос өрісті торша болып табылады. Олар-да пайда болған тітіркеніс иіс жүйкеімен иіс жуашығына беріледі.Иіс жуашығы іші қуыс, немесе қарыншалы, қүрылым. Онда топтасқан торшалар алты қабатта орналасады. Бірінші фиброзды қабат иіс нейрондарының өсінділерінен қүралады. Иіс жуашығынан бастал ан талшықтар алдыңғы мидың бірнеше қүрылымдарына бағытталады (иіс төмпешігіне, алдыңғы иіс ядро-ларына, препириформды және преа иг алярлық қыртысқа, бадам-ша кешенінің медиальдық жөне қыртыстық ядроларына). Мидың аталған қүрылымдары мен гиппокамп иістік түйсіктің қалыптасу-ын қамтамасыз етеді.

Терінің сезімдік қызметі. ері дененің сыртқы жабындысы больш табыл ды, сондықтан ол арқылы организм қоршаған ортаның әр түрлі әсерлерін қабыл ды. Теріде температураны, жанасуды, қысымды, ауырсынуды сезінетін рецеп лар болады Жылуды терідегі Руффини денешіктері, суықтықты Краузе сауытшалары, жанасуды - Маркелъ торшалары мен Мейснер денешіктёрі, қысымды Фаттер-Паччини денешіктері, ал ауырсыну өсерін эпидермистің сыртқы қабатында орналасқан жалаңаш жүйке уштары қабыдцайды.

Теріде рецепторлар біркелкі таралмаған. Оның 1 см ауданында 12-13 суық сезгіш, 1-2 жылу сезгіш нүкте болады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных