ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тапсырма. Жарық күшіне байланысты көз қарашығының өзгеруін бақылау
Керекті құрал- жабдықтар: Түрлі жануарлар (қоян, ит, жылқы, сиыр), 0,5% атропин ерітіндісі, көз пипеткасы, жарық көзі.Тәжірибе жүргізетін жануарлар (қоян, ит, сиыр, жылқы), офтальмоскоп, 0,5% атропин ерітіндісі, көз пипеткас
Жұмыстың барысы: 1.Малдың көзін қарап, көз карашағының үлкендігіне көңіл аударады. Содан кейін көзді қолмен жауып, бірнеше секундтан кейін қолды алады. Қолды көзден алған кезде көз карашығы қалай өзгеретініне көңіл аударады. 2.Мал көзіне жанып тұрған электр шамын жақындатады.Біршама уақыттан кейін шамды көзден алшақтатады, содан кейін қайта жақындатады. Жарық күшінің өзгеруіне байланысты көзқарашығы қалай өзгеретіндігін бақылайды. 3.Мал көзіне 1—2 тамшы 0,5% атропин ерітіндісін тамызып жоғарыда жасаған (1 және 2) жұмыстарды қайталайды.
3-Тапсырма. Соқырдақты табу (Мариотта тәжірибесі) Керекті құрал-жабдықтар: Ақ қағаз, қалам, сызғыш.
Жұмыстың барысы: Қағаз бетіне көлемі 10x3 см төрт бұрыш сызып, оның ішіне диаметрі 1,5 см шеңбер және қосу таңбасын (0,5 см) салады. Бұл екі белгінің ара қашыктығы 6— 8 см болуы керек (45 - сурет). Суретті жайлап көзден алыстата бастайды. Көзден белгілі бір қашықтықта (20—25 см) қосу таңбасы көрінбей калады. Оның себебі қосу таңбасының бейнесі көз торшасындағы соқыр даққа түседі, ол жерде таяқшалар мен сауытшалар жоқ.
Тапсырма. Көздің түрлі қашықтықтарда орналасқан заттарды анық көруге бейімделу қасиетін анықтау(көз аккомодациясы).
Керекті құрал- жабдықтар: Сым торы тартылған рамка (20x20 см), сызғыш.
Жұмыстың барысы: Сым торы тартылған рамканы алып, оны көзден 25—30 см қашықтықта ұстайды. Тор арқылы ұзақта орналасқан затқа немесе тор сымына қарайды. Бір Мезгілде алыстағы затты да, тор сымын да анық көруге бола ма, жоқ па, соны анықтайды.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|