ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тапсырма. Трінің 1 см2 ауданында орналасқан жылуды және суықты сезгіш рецепторлар санын анықтау.
Керекті құрал- жабдықтар: Термоэстезиометр, көлемі 1 см2 төрт бұрышты тесігі бар қағаз. Жұмыстың барысы: Жұмысты екі сатыда жүргізеді. Суықтықты сезетін рецепторлардың орналасу жиілігін анықтау үшін термоэстезиометрді мұзбен толтырады. Тексерілетін студенттің қолына, білегіне, иығына көлемі 1 см2 тесігі бар қағаз трафаретін койып, сол тесік тұсында теріге термоэстезиометрдің ұшын жайлап тигізеді де, әрбір жанасу кезінде тексеріліп отырған студент өз түйсігін (жанасу немесе суықтықты сезу) айтып отыруы керек. Осылай суықтыкты сезгіш рецепторларының орналасу тығыздығын анықтайды. Жылулықты сезетін рецепторлар санын анықтау үшін термоэстезиометрді температурасы 50°С сумен толтырып, тәжірибені жоғарыдағы жолмен өткізеді Тапсырма. Жанасуды сезгіш рецепторлардың жанасу сезімін тудратын күшін анықтау Керекті құрал-жабдықтар: Эстезиометр немесе Вебер циркулы, химиялық қалам. Жұмыстың барысы: Тексерілетін студентті отырғызып, көзін байлап қояды. Зерттеуші циркуль немесе эстезиометр аяқтары ұштарының арасын 1 мм-ге дейін жакындатады да, оның екі ұшін саусақгардың терісіне тигізеді. Осыдан соң эстезиометр аяқтарын 1 мм-ге алшақтата отырып, теріге тигізе береді. Тәжірибеде циркуль аяқтарының қай мөлшеріндегі алшақтығын екі нүкте сезетінін анықтайды. Тәжірибені терінің басқа аумақтарында (алақан, мұрын, мойын, арқа) қайталайды.
Тапсырма. Дәм сезу табалдырығын (қышқыл, тәтті, ащы және тұзды заттардың әсерін қабылдайтын аймақтарды және олардың қозуын тудыратын бастапқы күшті)анықтау Керекті құрал-жабдықтар: Шыны таяқшалар немесе көз пипеткасы, қайнаған немесе дистильденген су. 0,01%,0,1% жэне 1% лимон қышқылының ерітіндісі, 0,01%, 0,1%, 1% және 10% қант ерітіндісі, 0,001%, 0,01%, 0,1% 1% хинин ерітіндісі, 0,001%, 0,01%, 1 % хлорлы натрий ерітіндісі.
Жұмыстың барысы: Зерттелетін студент тілінің әр жеріне шыны таяқшамен немесе көз пипеткасымен тексерілетін ерітінді тамызады. Тәжірибені ерітіндінің ең аз концентрациясынан бастайды. Әрбір тексеруден кейін студент аузын қайнаған немесе дистильденген сумен шайып отырады. Тексеру аралығындағы үзіліс 1—2 минуттан кем болмағаны дұрыс.Жұмыстың барысында тілдің әр дәм түріне сезімтал аймақтарын, сезімталдығын анықтайды.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|