ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тапсырма. Бұлшық еттің тыныштық және әрекетті кезде бөлген көмір қышқыл газын анықтауКеректі құрал- жабдықтар: Арнаулы қондырғы, бақа хирургиялық аспаптар, барит суы.
Жұмыстың барысы: Тәжірибе жүргізу үшін суретте көрсетілтен арнаулы қондырғыны дайындау керек. Бұл қондырғының негізгі бөлігі сыйымдылығы 200— 250 мл, аузы резеңке тығынмен жабылатын шыны банка. Тығыңдағы арнаулы екі тесік арқылы индукциялық аппаратпен (6) жалғасқан екі сым өткізіледі. Осы сымдардың ашық ұштарын электрод ретінде пайдаланады. Тығын арқылы иілген екі шыны түтік те өткізіледі. Оның біреуі ұзын болып, банканың түбіне дейін жетуі керек те, екінші қысқасы — тығынның астында аяқталады. Тығындалған қос шыны сауыт (1,2) П — тәрізді шыны түтікшелер арқылы банкадан ұзын түтікпен жалғасады. Дәл осындай қос сауыт (3,4) банканың қысқа түтікшесімен байланысады. 4— пробиркадан шыққан түтікті су ағынымен іске қосылатын сорапқа (5) жалғастырады. Банкаға өтетін ауаны көмір қышқыл газдан тазарту үшін 1 — сауытқа күйдіргіш натрий —ерітіндісін құяды. 2— сауытқа — барит суын кұйып, банкаға ауа кұрамында көмір қышкыл газының болмауын бақылай отырады. Байкадан сорылған ауа 3 және 4—сауыттардағы барит суы арқылы өтеді. Жоғарыда көрсетілген принциппен қондырғыны жинағаннан кейін, 2, 3, 4— сауыттарға 100 мл барит суын, ал 1 - сауытқа дәл сол мөлшерде 40 % күйдіргіш натрий ерітіндісін құяды. Осыдан кейін үш-төрт бақаның артқы аяқтарынан пер» - ет препаратын дайындап, оларды үлкен банкаға жүйкетері электродтармен жанасып жататындай етіп орналастырады. Банкаға сырттан тығын арқылы ауа кірмеуі керек. Бұлшық етткен бөлінген көмір қышкыл газды анықтауға арналған қондырғы. Су ағысты сорапты іске қосқаннан кейін 1 және 2 — сауыт арқылы көмір қышқыл газынан тазарған ауа препарат орналасқан банкаға сорылады да, одан бөлінген көмір қышқыл газын ілестіре 3 және 4— сауыт арқылы өтеді. Тәжірибе үстінде 3, 4— сауыттардағы барит суының қанша уақыттан кейін ылайланғанын анықтайды.Тәжірибені 2, 3, 4—сауыттардағы барит суын өзгертіп, жүйке—ет препараттарын индукциялық тоқпен тітіркендіре отырып жалғастырады да, тағы да 3, 4— Сауыттардағы барит суының ылайлану уақытын анықтайды. Тыныштық және әрекет жағдайларында 3—сауыттағы барит суының ылайлану уақытын салыстырып, қорытынды жасайды. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|