Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тапсырма. Сапалы реакцияны пайдаланып, деммен шыққан ауа кұрамында көмір қышқыл газдың мөлшерін анықтау




Керекті құрал-жабдықтар: Мюллер приборы, майда лабораториялық жануарларға арналған қондырғы, барит суы, спирт, мақта, бақа, ақ тышқан.

Жұмыстың барысы:

Мюллер приборы аузы тығынмен жабылған екі пробиркадан тұрады. Әр пробиркаға тығын арқылы екі шыны түтік жіберілген: оның бірі кысқа, екіншісі пробирка түбіне дейін жетіп тұрады. Пробиркалардағы бір қысқа және бір ұзын түтік резеңке түтікшелермен ұштармақ арқылы арнаулы мундуштукпен жалғасқан. Пробиркаларға ұзын түтікшелер батып тұратындай етіп барит суын кұяды. Мундуштук арқылы тыныс алып, дем шығарғанда, ауа бір пробирка арқылы сорылып, екінші пробирка арқылы шығып отырады. Барит суының ылайлану дәрежесіне қарап көмір қышқыл газдың мөлшері көп ауаны анықтайды.

Осы мақсатта тәжірибені майда лабораториялық жануарларға да жүргізуге болады. Ол үшін арнаулы кондырғының төменгі бөлігіне барит суын құйып, жоғарғы бөлігіне зерттелетін жануарларды отырғызады. Организмнен бөлінген көмір қышқыл газын барит суы сіңіреді де, ерімейтін тұздың пайда болуы нәтижесінде ол ылайланады.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Тынысалу жүйесінің физиологиясы, тынысалу прцесінің маңызы

2.Тынысалу ағзалары, олардың эволюциясы

3.Өкпедегі тынысалу, өкпенің желденуі, өкпедегі газ алмасуы

4.Газ алмасу және газдар тасымалдануы

5.Тыныс алудың реттелуі. Реттелу деңгейлері

6.Тыныс алу дегеніміз не

7 Тыныс алу фазалары мен сатылары

8.Тыныс жолдарының маңызы

9.Тыныс механизмі.

10.Өкпенің тіршілік және жалпы сиымдылығы.

11.Дем алған, деммен шыққан және альвеольдық ауаның құрамы.

12.Өкпе мен ұлпалардағы газ алмасу.

13.Қандағы газдардың құрамы, газдардың тасмалдануы.

 


Тест тапсырма

1. Тыныс жолындағы ауа газ алмасу процесіне қатыспайды, сондықтан оны өлі кеңістік ауасы деп атайды,оның орташа көлемі?

a) 130-140мл

b) 160-170мл

c) 120-130мл

d) 150-160мл

e) 140-150мл

 

2. Газ алмасу процесінде қандағы газ қысымының маңызы зор,оны бірінші ашқан ғалым?

a) И. П. Павлов

b) И. М.Сеченов

c) П.К.Анохин

d) Н.Б.Базанов

e) Х. Д. Дүйсенбин

 

3. Қандағы О мөлшері азайып,СО деңгейі азайса,тыныс алу жиілейді.Мұны не деп атайды?

a) эйпноэ

b) асфиксия

c) апноэ

d) гиперпноэ

e) гипоксия

 

4. Қандағы СО азайып тыныс тың тоқтап қалуын не деп атайды?

a) гиперноэ

b) гипоксия

c) асфиксия

d) эйпноэ

e) апноэ

 

5. Қандағы СО азаюын не деп атаймыз?

a) гиперкапния

b) гипокапния

c) гипоксия

d) гипероксия

e) асфиксия

6. Тыныс актісіндегі демалу кезеңі не деп аталады?

a) инспирация

b) экспирация

c) сипоксия

d) диффузия

e) гипероксия

 

7. Тыныс актісіндегі дем шығару кезеңі не деп аталады?

a) гипероксия

b) диффузия

c) экспирация

d) инспирация

e) гипоксия

 

8.Спирометрмен не өлшенеді?

a) плевралық қан қысымы

b) барлық процестер

c) буын қозғалысын өлшейді

d) өкпенің тіршілік сыйымды лығы мен тыныс көлемін

e) тыныс актісін

 

9. Құстың өкпесінің сүтқоректі лердікінен айырмашылығы?

a) бронхиоласы аз

b) альвеола болмайды

c) алдьвеола саны 2 есе көп

d) өкпе қабырғасы 2 қабатты

e) диагфргма мен өкпе аралық қуысы бар

 

10. Ересек адамның 1 кг салмағы на қажетті оттегінің мөлшері?

a) 7,3 см

b) 6,1 см

c) 5,5 см

d) 7,8 см

e) 3,7 см

 

11.Тыныс циклы?

a) дем алу,дем шығару және үзіліс

b) дем шығару

c) дем алу

d) дем алу және үзіліс

e) дем шығару және үзіліс

 

12. Сыртқы тыныс алу қандай кезеңдерден тұрады?

a) экспирация және инспирация

b) висцераль және паритальдық

c) авзалық және жақтаулық

d) инспирация және висцераль

e) демалу және дем шыгарудан

 

13. Өкпе сыртынан қандай қабықпен қапталған?

a) демалу және дем шыгарудан

b) экспирация және инспирация

c) висцеральдық және пари тальдық

d) авзалық және жақтаулық

e) инспирация және висцер альдық

 

14. Дем шығару кезінде, плевра жапырақтары аралығындағы қысым қаншаға тең?

a) атмосфералық қысымнан 8 мм төмен болады

b) атмосфералық қысымнан 3 мм төмен болады

c) атмосфералық қысымнан 13 мм жоғары болады

d) атмосфералық қысымнан 18 мм төмен болады

e) атмосфералық қысымнан 10 мм жоғары болады

 

15. Дем алу кезінде, плевралық қуыс қысымы қаншаға тең?

a) атмосфералық қысымнан 6-15 мм төмен болады

b) атмосфералық қысымнан 8-10 мм төмен болады

c) атмосфералық қысымнан 13-18 мм жоғары болады

d) атмосфералық қысымнан 18-20 мм төмен болады

e) атмосфералық қысымнан 10-12 мм жоғары болады

 

16. Өкпенің серпімділігі дегеніміз не?

a) дем алу,дем шығару және үзіліс

b) дем алу кезіндегі өкпенің созылуы

c) өкпе тінінің бастапқы қалпына келуі

d) дем алу және үзіліс

e) дем шығару және үзіліс

 

17. Тыныстың минуттық көлемі деген не?

a) бір минут ішінде өкпеден шығатын ауаның көлемі

b) бір минут ішіндегі тыныс ауасының көлемі

c) бір минут ішінде өкпеге кіріп шығатын ауаның көлемі

d) бір минут ішінде өкпе арқылы өтетін ауаның көлемі

e) бір минут ішінде өкпенің желдетіліс көлемі

 

18. Қанның оттегімен тұрақсыз қосылысын не деп атайды?

a) карбогемоглобин

b) карбоксигемоглобин

c) гемоглобин

d) алкалоз

e) оксигемоглобин

 

19.Оттегі тасымалдаушы эритроцит бөлігі?

a) гемолимфа

b) гемоцианин

c) гемоглобин

d) лейкоцианин

e) лимфоцит

 

20. Қанның оттегіне қанығу сыйымдылығы дегеніміз не?

a) оттегін сіңіру коэффициенті

b) газдардың қан арқылы тасымалдануы

c) бір минут ішінде өкпе арқылы өтетін ауаның көлемі

d) гемоглобиннің толық оксигемоглобинге айналуы

e) қанның оттегімен тұрақсыз қосылысы


 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных