Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тапсырма. Қан тамырлары арнасының реттелуі




Керекті кұрал- жабдықтар:

Бақа, айлабұйымдар жиынтығы, бақаны бекітетін тақта, түйрегіштер, бюретка, шыны қанюля, штатив, резина түтігі, жіп, шприц, жіңішке инъекциялық ине, бұрандалы, кысқыш, стакан, салқын қандыларға арналған Рингер ерітіндісі, адреналин ерітіндісі (1:1000), гистамин ерітіндісі (1:1000).

Жұмыстың барысы:

Қимылсыздандырылған бақаны тақтаға шалқасынан жатқыза бекітіп, көкірек-кұрсақ қуысын ашып, жүрегін жалаңаштайды. Қолқаның астынан жіп өткізіп алады да, оның қабырғасын тіліп, пайда болған тесікке канюла енгізіп, оны тамырға жіппен қыса байлайды. Канюлаға толтырып Рингер ерітіндісін құяды. Содан кейін тақтаны қисайта штативке бекітіп, канюланы резина трубка арқылы ішінде Рингер ерітіндісі бар бюреткамен жалғастырады (резина трубкаға алдын-ала бұрандалы қысқыш орнатады).

Бақаның жүрегін кесіп алады да, резина трубкадағы қысқышты ашады. Денедегі тамырларды қуалай өтіп, ерітінді жүрек тұсында кесілген вена арқылы сыртқа шығады. Тамырдан таза ерітінді шыға бастағаннан соң денеден 1 минутта ағып шыққан тамшыларды санайды. Тамырды Рингер ерітіндісімен тазалап жуып алғаннан соң тәжірибені гистамин ерітіндісімен қайталайды.

5-Тапсырма. Симпатикалық жүйкенің қан тамырларына әсері (Клод Бернар тәжірибесі)

Керекті кұрал-жабдықтар: Қоян құрал саймандар жиынтығы (үлкен және кіші қайшылар, хирургиялық және анатомиялық пинцеттер, скальпель), жіп, индукциялық аппарат немесе электр реттегіш, физиологиялық ерітінді, қоянға арналған наркоз (уретан, гексенал, немесе тиопенал ерітінділері, эфир), дәке, макта, электр қағанағы, қоянды матап-байлайтын стол.

 

Жұмыстың барысы:

Қан тамырларына тамыр тарылтқыш (вазоконстриктер) және тамыр кеңейткіш (вазодилятатор) жүйкетер әсер етеді.

Қоянды орындыққа байлап, наркоз береді. Кеңірдектен бір елі төмен жерден мойынның орта сызығын бойлай теріні 6-8 см тіледі. Скальпельдің сабымен ұлпаларды ажырата отырып еттердің арасындағы тамыр-жүйке будасын табады. Оны жіпке іліп алып көтереді де, симпатикалык жүйкені бөледі. Бұл жүйке көкшіл-қызыл түсті, кезеген жүйкетен және күре тамырдан алшағырақ орналасқан. Жүйкенің астынан жіп өткізіп оны байлайды да, байлаған жерден төмен киып тастайды. Жіп жүйкенің бас жағындағы бөлігінде калуы керек.

Тәжірибені жүйкені кескеннен кейін 10-15 мин өткеннен соң жүргізген жөн. Қоянның құлағын көтере созып астынан электр қағанағынан қан тамырлары жақсы көрінетіндей етіп жарық түсіреді. Екі кұлақтың кан тамырларын салыстырып, температурасын анықтайды. Жіпке байланған жүйке ұшын жайлап көтеріп, оларды электродтардың үстіне салады да, электр тогымен 7-8 сек бойы тітіркендіреді. Қан тамырларының өзгерісін бакылап, құлақтың температурасын анықтайды. Тітіркендіруді тоқтатып тағы да қан тамырларындағы өзгерісті бақылайды. Тәжірибені қайталап қорытынды жасайды; Тәжрибеден кейін жіпті кесіп алып тастайды, тараға пенициллин сеуіп, тігеді де, йод жағады. Қоянды кейіннен басқа тәжрибелерге пайдалануға болады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных