ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тапсырма. Шартты және шартсыз сілекей бөлу рефлекстерін бақылауКеректі құрал-жабдықтар: ІІІықшыт безінің өзегіне фистула қойылған ит, станок, сілекей жинайтын арнаулы шанақша (воронка), өлшем пробиркалары, штатив пен прбиркалар, мақта, Менделеев жағындысы, секундомер, әр түрлі тамақтар (нан, ет, кепкен нан ұнтағы) және тамаққа жатпайтын заттар (0,25% тұз қышқылы ерітіндісі, құм және т.б.). Жұмыстың барысы: Тәжірибені алдын ала шықшыт безінің өзегі көбектелген (фистула қойылған өзек ұрт тұсында сыртқа шығарылған) итке жүргізеді. Операцияны күні бұрын итке жалпы наркоз беріп жасайды. Наркозбен ұйықталған иттің аузын кең ашып, ұрттың үстіңгі бөлігінде, үшінші азу тіс тұсында шыкшыт безі өзегінің ашылған жерін табады. Осыдан кейін, без өзегіне оның көзі арқылы арнаулы зонд кіргізеді, одан шамамен 1 см алшағырақ кілегей қабықты айналдыра үшкір пинетпен тіледі. Өзек көзінің алдыңғы және артқы жағынан кілегей қабыққа екі жіп өткізіп қояды да (б), жіптен көтере ұстап, пинцет пен скальпельдің көмегімен кілегей қабық пен без өзегін тереңірек орналасқан ұлпалардан сыдырып ажыратады. Содан соң ұрттың кілегей қабығы сыдырылған тұсты теседі де, алдын ала салынған жіптердің көмегімен кілегей қабық пен без өзегін сыртқа шығарады. Без өзегі оралып қалмас үшін операция үстінде өзек саңылауының артқы жағына салынған жіп тесіктің алдыңғы бағытында, ал алдыңғы жағына салынған жіп -артқы жағында болу керек. Осыдан соң сыртқа шығарылған кілегей қабықты жазып оның шеттерін теріге тігіп қояды. Ауыздағы жараны жіппен тігіп тастайды.Операция жасалған жердің терісіне қалың етіп таза вазелин жағады да, оның үстіне дәкенің бірнеше қабатын колодиймен жабыстырып қояды. Ит операция жарасын тырнап тастамас үшін оның алдыңғы аяқтарына қалың аяққап немесе мойнына картон қағаздан жасаған қалқанша кигізіп қойған жөн. Кілегей қабықты теріге тіккен жіпті 5-6 күннен кейін алып тастайды да, итті тәжірибеге дайындай бастайды. Тәжірибені аш итке жүргізеді. Ол арнаулы станокқа байлағаннан кейін, без өзегі көзінің тұсына Менделеев жағындысының көмегімен арнаулы шанақшаны жапсырып, өлшем пробиркасын бекітеді Итке нан, ет көрсеткенде безден сілекей бөлінеді. Бір минутта бөлінген сілекейдің мөлшерін анықтайды. Сілекейдің бөліну себебін түсіндіреді. (Бұл шартты рефлекс пе, әлде шартсыз рефлекс пе? Түсіндіріңіз). Тәжірибені итке әр түрлі тамақ (нан, сүт, ет және т.б.), немесе азыққа жатпайтын заттар (қүм, қышқыл т.б.) беріп жалғастырады. Әрбір тітіркендіргіш 30 с бойына әсер ету керек, ал сілекейді бір минут бойына жинайды. Әр түрлі тітркендіргішке бөлінгсн сілекейдің мөлшерін, қасиетін (сұықтығын) салыстырып, қорытынды жасайды.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|