ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тапсырма. Эритроциттердің санын анықтауКеректі кұрал-жабдықтар: Қан, жапқыш шынылары, эритроциттерді араластырғыш (меланжер), физиологиялық ерітінді (0,9% NаСІ ерітіндісі), микроскоп. Қан, микропипетка, Горяев камерасы, микроскоптар, 1-3%-ті сірке қышқылы, лимонқышқылды натрий, НСІ ерітіндісі, Сали гемометрі, дистилденген су, көк метилен бояуы. Жұмыстың барысы: Эритроциттерді санау үшін микроскоп және Горяев камерасын пайдаланады сынақ камерасы орта бөлігінде төрт көлденең науасы бар қалың шыны оның бөлігі көлденең науамен екіге бөлінген де, оның әрқайсысына Горяев торы орналасқан. Ол тор 225 үлкен шаршыдан (квадраттан) тұрады және олардың жиырма бесі өз ретінде 16 кіші шаршыға бөлінген кіші шаршылардың кабырғасы 1/20 мм тең, ауданы -1/400 мм2, ал көлемі-1/4000 мм3. Эритроциттерді санау үшін таза пробиркаға 4 мл 0.9% ЫаСІ ерітіндісін құйып, оған зерттелетін қанның 0,02 мл араластырады. Демек қанды 200 есе сұйылтады. Осыдан соң жапқыш шыныны Горяев камерасына Ньютон дөңгелектері пайда болғанға дейін үйкелеп жабыстырып, камераны микроскоптың төсенішіне кояды да, оның ортаңғы бөлігін сұйытылған қан тамшысымен толтырады. Эритроциттерді камера торының диоганалында орналасқан бес үлкен, демек 80 кіші шаршыда санайды. Ол үшін ең жоғарғы қатардың 1-шаршысын тауып, оңдағы эритроцитгерді санауға кіріседі. Бір клетканы екі рет санамас үшін, алдымен 1-кіші шаршының ішінде орналасқан, одан соң оның сол жақ және үстіңгі сызықтарында жатқан эритроциттерді санау керек. Осыдан соң дәл осы принциппен солдан оңға қарай осы қатардың 2-3-4 шаршыларындағы клеткаларды санап шығады. Бірінші қатарды санап болғаннан соң, оңнан солға қарай екінші катардағы клеткаларды санайды. Одан әрі 3 және 4 қатардағы эритроциттерді санап болып, диоганаль бойындағы 2-3-4-5 үлкен шаршыларды санап шығу қажет. Төмендегі формула бойынша қанның 1 текше мм мөлшеріндегі эритроциттердің санын есептеп шығарады: Х=А.4000.200/80 А-5 үлкен шаршыда саналған эритроциттер саны, 4000 - кіші шаршылардың көлемі, 200 - қанды сұйылту дәрежесі, 80 - зерттелген кіші шаршылардың саны. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|