Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Зертханалык жұмыс




 

Тақырыбы: Қанның морфологиялық, физико-химиялық қасиеттерін және қан топтарын анықтау. Қанның спектральды сараптамасын жасау

Жұмыстың мақсаты: Студенттерге қанның морфологиялық, физико-хи мия лық қасиет тері мен қан топтарының ерекшеліктері туралы толық ақпарат бере отырып, оларға лейкоциттерді санау тәсілін, қандағы гемоглабиннің мөл шерін анықтау ды және эритроциттердің тұну жылдамдығы мен эритроциттер дің осмостық төзімділігін анықтау әдістерін үйрету.

Тақырыптың теориялық негізі. Қан – жан-жануарлардың тіршілік етуіне аса қажет сұйықтық. Жарақтану салдарынан қанның 25-30% сыртқа ағып кетсе, тіршілікке қауіп төнеді, ал 50% ағып кетсе өледі. Қан тамырда жылжымай тоқтап қалса не қан ағысы тым баяуласа адам өлуі мүмкін. Мысалы, денедегі кейбір жасушалар, эсіресе ми қыртысының нейрондары уақытында келетін қан мөлшері азайса, 5-6 минуттан кейн бұзыла бастайды.

Қанның негізғі қызметтері:

1)Тіршілікке қажет заттарды тіндерге жеткізеді, ал зат алмасу өнемдерін сыртқа уақытында шығарып отырады (тасымалдау қызметі).

2)Оттегін өкпеден тіндерге,жасушалардағы көмір қышқыл газды өкпеге жеткізеді (тыныс алу қызметі)

3)Ішек-қарыннан коректік заттарды, витаминдерді, су мен тұздарды (минералдарды) тіндерге жеткізеді (трофикалық яғни нәрлендіру қызметі).

4)Зат алмасу барысында пайда болған өнемдерді, мәселен, адам денесіндегі уытты заттар, азот қалдықтарын тіндерден бүйрекке, өкпеге, тер бездеріне, ішекке апарады. Сөйтіп оларды шығарып тастайды (экскрециялық қызмет).

5)Қан жасушалары (лейкоциттер), плазмадағы антитәндер денеге енген микробтарды, вирустарды, табиғатты жат, улы заттарды бейтараптайды(қорғаныс қызметі).

6)Адам денесіндегі көптегекн әрекеттерді, үрдістерді реттеуге қатысады (гумаралдық реттеу).Қандағы биологиялық әсері күшті заттар-гормондар, медиаторлар, метаболиттер ағзалар мен тіндерге өтіп тікелей немесе қантамырларының ішкі бетінде орналысқан хеморецепторларды тітіркедіру арқылы әсер етеді (рефлекстік ретеу).

7)Қан жасушалары (пішінді элементтер) тін жасушаларымен креаторлық байланысты болады. Креаторлық байланыс жаңарған жасушалардың және жасушалардың табиғи құрылысы мен кейпінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жаңа жасушалар құрылысы жағынан ескілеріне ұқсас болу үшін олардығы ақпараттардың маңызы өте зор. Тіндерге қажет мағлұматтарды макромолекулалар тасиды. Мағлұматтар бір жасушадан екіншісіне аралық арналар арқылы және пиноцитоз жолымен жеткізіледі. Мұндай макромолекулаларды басқа тіндерге қан да жеткізіп отырады.

8)Қан бүкіл денегі тән гомеостазды сақтай сақтай отырып жасушалар мен тінаралық сұйықтылық бұзылса жасушалар ісіп не бүрісіп қалады. РН тұрақтылық буферлік рөл атқарады.

9)Қан көп энергия шығарып қызып кеткен ағзаларды суытады, ал суыға ағзаларды жылытады. Сөйтіп, дене қызуын бірқалыпта сақтауға қатысады.

Қанның негізгі көрсеткіштері. Қан сарғылттау келген сұйық зат – плазмадан және оның ішінде жүзіп жүрген қан жасушаларынан, яғни пішінді элементтерден тұрады. Ересек адамда қанның көлемі салмағының 6-8%-іне тең (5-6 литрдей). Қан жасушалары қызыл түйіршіктер (эритроциттер) мен ақ түйіршіктер (лейкоциттер), қан пластинкалары – тромбоциттер. Плазма қан құрамының 52-58%-іне, қан жасушалары -42-48%-не тең.

Қан жасушаларының жалпы гемотокриттік көрсеткіші 42-48%,ал қанның әр литрінде 0,42-0,48 литр. Соңғысы гемотокриттік көрсеткіш деп аталады.

Плазманың құрамы. Оның 90-92%-і судан, қалғаны (8-10%) құрғақ заттардан тұрады. Соңғыларының 8-9%-і органикалық заттар,оның ішінде белок 6-8%;0,9%-1% бейорганикалық (минерал) заттар. Бұлардың көбі ас тұзы(90%). Органиқалық заттардың көбі белоктар: альбумин, глобулин (α,β,γ) фибриноген.

Альбуминдер мен фибриноген бауырда, глобулиндер бауырда және сүйек екмігінде, көкбауырда, лимфалық түйіндерде түзіледі. Бұлармен қатар плазмада глюкоза, липидтер, сүт қышқылы, пировиноград қышқылы және молекуласынды азоты бар заттар(амин қышқылдары,мочевина, зәр қышқылы, креатин,кретинин) түрлі ферменттер, гормондар, витаминдер, пигменттер, еріген күйінде оттегі,көмір қышқылды газ,азот болады.

Қанның физикалық және химиялық қасиеттері. Сұйық зат ретінде қанға физикалық және химиялық қасиеттер тән. Қан қызыл түсті, оның құрамы өте күрделі. Қанның түсі, реңі эритроцит ішіндегі гемоглобиннің әртүрлі газдармен, басқа да химиялық заттармен реакцияға түсіп, тиісті қосындылар құруына байланыста. Мәселен,артерия қанының ашық қызыл түсі қанда оксигемоглобиннің (гемоглобинмен оттегі қосындасы ННвО2), вена қанының күңгірт түсі карбогемоглобиннің (гемоглобин мен көмір қышқылды газдың қосындысы - ННвСО2)көбірек болуына байланысты.

Есейген балаларға қарағанда жаңа туған нәрісте қанының меншікті салмағы едәуір басым (1,060-1,080). Меншікті салмағы негізінен қанда эритроциттердің аз-көптігіне байланысты. Ол тұрақты көрсеткіштердің бірі, бірақ кейбір физиологиялық және патологиялық жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін. Мәселен, адам бірнеше апта тауда болса, қанында эритроциттер саны көбейп м.с. артады. Жаздың өте ыстық күндерінде адам қатты терлейді де, оның қаны қойылып салмағы артады. Қара жұмыс істеп, қатты терлесе (әсіресе ыстық цехта) қанның меншікті салмағы 1,070-1,077-ге жетуі мүмкін. Қанның қойылуы көбінесе ішек індеттері кезінде байқалады. Науқас адам жиі-жиі құсса не оның іші өтсе қанда су мөлшері азаяды. Адам қансыраса, оның қан тамырлары тінаралық сұықтыққа толып кетеді де қан сұйылады,яғни оның тығыздығы азаяды.

Қанның келесі физиқалық қасиеті оның тұтқырлығы. Ол қан түйіршіктері мен плазмадағы, әсіресе ірі молекулалы заттардың деңгейіне байланысты. Қан тұтқырлығы қанның қойылуы не сұйылуына қарай әрдайым өзгеріп отырады. Демек, қанның бұл қасиеті қан түйіршіктерінің, плазма белоктарының әсіресе глобулиндердің мөлшеріне байланысты. Қанның тұтқырлығы әдетте судың тұтқырлығынан 4-5 есе артық.Плазманың тұтқылығы 1,7-2,2.

Жаңа туған нәресте денесінен су көп мөлшерде сыртқа шығады, осыған орай оның қаны қойылып, эритроциттер саңы көбейеді де, қан тұтқырлығы 10,0-14,8-ге жетеді, бірақ 5-6 күннен кейін 8,6-8,8-ге дейін төмендеп, бір ай өткен соң еейген баланікімен теңеледі (4,6-5).

Қанның өте маңызды қасиеттерінің бірі – осмостық (итерме) қысымы..

Адам қанының осмостық қысымы – бірден-бір тұрақты көрсеткеш. Оның тұрақтылығын күрделі механизмдер қамтамасыз етеді. Суды сіңіріп немесе қанға өткізуде эритроциттер маңызы өте зор. Эритроциттер микроосмометр ролін атқарады. Олар судың артығын өзіне сіңіріп бүйрек, тер бездері, өкпе сияқты ағзаларға жеткізеді, яғни эритроциттерді контейнер және тасымалдаушы ретінде тануға болады.

Осмос гомеостазын қамтамасыз ететін арнайы әрікеттік жүйе бар, оның бөлемдері осмостық қысымның өзгеруіне өте сезімтал келеді. Осмостық қысымды қан мен лимфа тамырларының және орталық жүйке жүйесі – гипоталамус қабылдайды да рефлексті түрде иондардың артығы көбінесе бүйрек арқылы сыртқа шығарылады, ал иондар қанда аз болса, олардың бүйректе қайта сіңуі күшейеді.

Эритроциттер. Эритроцит - (грекше erytros – қызыл, cytos - жасуша) қанның қызыл түйіршіктері. Олардың саны еркек пен әйелде бірдей емес. Ер адам қанның әр литрінде 4,0-5,0х1012 эритроцит болады. Әйел қаныда бұл көрсеткіш аздау: 3,7-4,5х1012.Эритроцит санының қалыптан тыс басым болуы (5,0х1012) эритроцитоз, аз болуы (3,7-3,9х1012 одан да төмен) эритроцитопения деп аталады. Бұлар сау адамда да науқастарда да кездеседі, сондықтан олар физиологиялық және патологиялық болып екі топқа бөлінеді. Сондай-ақ абсолютті эритроцитоз бен эритроцитопения ұғымдары да бар. Эритроцит санының абсолюттік өзгеруі оның сүйік кемігінде түзілуіне және қанға өту шапшаңдығына байлынасты. Салыстырмалы эритроцитоз бен эритроцитопения қан жасушалары мен плазманың аралық қатынасына байланысты, бұл қан қойылғанда не сұйылғанда болатын өзгеріс.

Абсолюттік эритроцитоз – тінде оттегі азайға (гипоксия) болады. Гипоксия салдарынын бүйректен көп мөлшерде эритропоэтиндер бөлініп шығады. Олар эритроциттердің сүйек кемігінде түзілуін және қанға өтуін тездетеді. Сау адамда гипоксия ауаның барометрлік қысымы төмендеген жағдайда, яғни биік тауға шыққан кезде не кабинасы ашық самолетпен 3,5-5 мың м биіктікке көтерілген сәтте кездеседі. Сырқаттанған кезде болатын абсолюттік эритроцитоз - өкпе мен жүректің созылмалы ауруларға ұшырауының салдары не қан аурулары кезінде де болуы мүмкін.

Салыстырмалы эритроцитоз қанның сүйық бөлігі – плазманың азаюынан болады. Адам қара жұмыс істеп қатты терлегенде, не ыстық уақытта термен бірге құрамындағы суы сыртқа шығады да қан қойылады. Осыған орай эритроцит саны (қанның әр мкл-де) көбейеді. Адам қара жұмыс істеген кезде де қанда су азаяды және көкбауырдың жиырылуы күшейеді. Көкбауыр эритроциттер депосы болғандықтан жиырылған сәтті қанға көп мөлшерде эритроциттер шығады.

Сырқаттанған кезде пайда болатын салыстырмалы эритроцитоз да қанның қойылуына байланысты. Мәселен, қатты іш өткенде онымен бірге сыртқа көп мөлшерде су шығады, кейде су дене қуыстарына (мәселен, плевра жапырақтарының арасына) жиналады. Осынның салдарынан плазма көлемі азаяды да қан қойылады.

Сау адамда әдетте абсолюттік эритроцитопения болмайды. Ол қаны азайға (аемия) науқас адамға тән. Анемия кезінде сүйек кемігінде эритроциттер түзілуі төмендейді не шала жетілген эритроциттер қанға шыға бастайды. Салыстырмалы эритроцитопения қанның сұйылуына байланысты. Бірден шектен тыс көп шай (8-10 кеседен артық) не осынша қымыз ішсе біраз уақыттай қан сұйылуы мүмкін. Адам қансырағанда 1-2 тәулік өтісімен қан сұйыла бастайды, эритроциттер сүйек кемігінде тек 4-5 тәуліктен кейін түзіліп, қанға шыға бастайды. Оған дейін қан тамырларына тінаралық сұйықтықтар өтеді де мұндағы қанның көлімін арттырады, сөйтіп 1-2 күндей қан сұйылған күйінде қалады.

Эритроциттің құрылысы мен құрамы. Эритроцит ядросысыз екі жағы ойыс келген дөңгелек жасуша. Ол ядросынан сүйек кекемігінде өтетін эритропоэз кезінде айырылады. Мұның биологиялық мәні мынада: жасуша ядросының рнын оттегін тасымалдайтын гемоглобин жайлайды, ядросыз эритроцит өз денесіндегі заттарды тотықтыру үшін оттегін жұмсайды. Осыған байланысты оның оттегін тасымалдау қызметі күшейеді.

Көлденеңінен қарағанда эритроцит гантелге ұқсайды: оның диаметрі 7,2-8,0 мкм, қақ ортасындағы ойыс жерінің жуандығы 1,5-2,0 мкм, ал жасуша жиегінің жуандығы 2,5 мкм. Пішіні гантел тәрізді болғандықтан эритроциттің капилляр қабырғасымен түйісетін беткейі (аумағы) үлкен. Жасушаның диаметрі мен пішіні сырқаттанған кезде өзгеруі мүмкін. Диаметрі 8,1 мкм-ден асса, эритроцит макроцит деп, ал 7,2 мкм-ден кем болса макроцит деп аталады.

Эритроцит бетінің ауданы 140 мкм2. Бір адам қанындағы барлық эритроциттерді жазық жағымен жатқызып қатар орналастырса, олардың ауданы 3000 м2 болар еді. Щсчындай аумағы үлкен эритроциттер жазығынан оттегі тінге жақсы өтеді. Эритроцит тыныс алу қызметін орындауға қажет биологиялық құрылым.

Эритроцит құрамында 37% құрғақ заттар бар, ал сүйекте (ең тығыз тін) құрғақ зат 42%. Демек, денедегі сүйектен кейінгі ең тығыз жасуша – эритроцит. Сонда да эритроцит икемді, созылғыш, үлкен болғанымен, ол жеңішке капилярарқылы өте алады.

Лейкоциттер. Бір литр қанды 4,5-9х109/ л лейкоцит болады. Лейкоцит (Leucocytus) қанның ақ жасушасы (leuco- ақ, cytus- жасуша). Эритроциттен айырмашылығы – ядросы бар, эритроциттен үлкендеу (диаметрі 12мкм), амеба сияқты протоплазмасынан жалған аяқтар шығарып (псевдоподий) қозғалады.

Қанда лейкоцит санының көбеюі лейкоцитоз деп, азаюы лейкоцитопения деп аталады. Лейкоцит саны сау адамда да, ауру адамда да өзгеріп отырады. Сондықтан лейкоцитоз физиологиялық және патологиялық болып екіге бөлінеді. Лейкоцит санының көбеюі қан жасушаларының түзілуіне, қан түзілетін ағзалар қызметінің күшеюіне байланысты болса, мұндай лейкрцитозды абсолюттік лейкоцитоз дейді. Мәселен, абсолюттіе лейкоцитоз эмоция (қатты шаттану, зорығу т.б.) салдары болуы мүмкін: эмоция кезінде адреналин шектен тыс көп болып шығады да қан түзілетін ағзаларды тітіркендіреді (қоздырады). Бірақ лейкоцитоз қан түзілетін ағзалар қызметі (лейкопоэзден) тысқары жағдайда да болады. Мұндай лейкоцитоз салыстырмалы лейкоцитоз деп аталады. Салыстырмалы лейкоцитоз – қан мөлшерінің барлық қан тамырларында бірдей еместігінің салдары. Тамыр кенейіп, қан мөлшері көбейп оның жылжуы баяулайды, тамыр қабырғасы мен лейкоциттер арасында үйкеліс күшейеді де, лейкоциттер бөгеліп олардың саны көбейді. Қан тамыры тарылып, оның ішіндегі кқанның ағысы күшейсе лейкоцит саны азаяды.

1.ет тектес (миогенді) лейкоцитоз – қара жұмыс істеген кезде пайда болады.

2. тамақ ішкеннен кейін пайда болатын лейкоцитоз ас қорыту лейкоцитозы деп аталады.

3. жүкті әйел лейкоцитозы.

4. жаңа туған бала – нәресте лейкоцитозы.

5. статиқалық лейкоцитоз шалқасынан жатқан адам ұшып тұрған кезде пайда болады. Ауру-сырқауға ұшыраған жағдайда лейкоциттердің саны көбейіп кейде эритроциттердің санымен бірдей болуы мүмкін. Мұндай қан «ақ қан» - лейкемия деп аталады. Лейкоциттер санның азаюы да көбінесе ауруға байланысты болады(абсолюттік лейкоцитопения).

Тромбоциттер. Тромбоцит – қан пластинкасы, екі жағы дөңес дөңгелек не сопақша құрылым, диаметрі 0,5-4 мкм(эритроциттен 2-8 есе кіші). Сау адамның 1 л қанында 180-320х109/л тромбоцит болады. Орта есеппен тромбоцит 8-11 тәулік жасайды. Ол сүйек кемігінде мегакариоциттен түзіледі, бір мегакариоциттен 3000-4000 қан пластинкасы бөлініп шығады.

Тромбоциттің химиялық құрамы өте күрделі. Ол көптеген ферменттерден, олардың ішінде АҮФ және лизоцим, адреналин, норадреналин гормондарынан, 11-шақты қанды ұйытатын түрткілердан тұрады. Бұлармен бірге тромбоцит құрамына жиырылатын қабілеті бар белок тромбостенин кіріді.

Тромбоциттердің саны қанда кешке қарай күндізгіден көбірек, ол куаныш, реніш, қайғы-қасырет, шаттану т.б. себептерден де, тамақ ішкеннен кейін де көбейеді. Қаннан сыртқа шыққан соң тромбоциттер тез бұзылады, сондықтан оларды санар алдында қанға химиялық заттар қосып тез санау қажет.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных