Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Пәннің мақсаты мен міндеті




Пәнді оқытудың мақсаты: Рухани дағдарысқа ұшыраған адамзат қоғамын Абай ілімімен, болашақ ұрпақтың жадына Абай шығармашылығын сіңірумен жастардың дүниетанымы мен жан дүниесіне әсер етіп, ұлтжандылық пен адамгершілікке баулу және ғұлама ойларын жанына тоқыған толыққанды, адамзатты сүйетін, ізгілікті, толерантты азаматтарды қалыптастыру.

«Абайтану» пәнінің негізгі міндеттері: Қоғамның болашағы жас ұрпақтың ой санасын жат пиғылдан аулақ ұстап, ұлттық рухани қазына көздерінен нәр алатын толығудың мектептерімен таныстыру:

- Әл-Фараби бабамыз дүниеге әкелген парасатты адам ілімімен таныстыру;

- ХІ ғасырда оны дәстүр ретінде жетілдірген Жүсіп Баласағұнның жәуанмәртлік ілімін оқыту;

- Абайдың өлеңдері мен қарасөздерінде айтылған оқу, білім, ғылым, өнер, тәрбие, имандылық, адамгершілік сынды мәңгілік құндылықтар жөніндегі ой-пікірлеріне терең мән бере оқыту;

- ойшыл ақынның дүниетанымына әсер еткен негізгі бұлақтарды таныту;

- Кеңес дәуірі кезінде зерттелуге тиым салынған – Шығыс мәдениеті, ислам философиясынан келіп туындайтын «ар ілімін» меңгерту;

- адами кісілік ілімдердің негізіне сүйене отырып ХІХ-ХХ ғасырдағы қазақ қауымын инсанияттың камалаттығы жолына бастап, хакім Абай мен Шәкәрімнің рухани ой қазанында қайта қорытылып, ұсынылған толық адам ілімінің негіздерімен бүгінгі жас ұрпақтың ой-санасын, дүниетанымын кісілік, имандылық рухымен тәрбиелеу міндетін алға қояды.

«Абайтану» пәнін оқыту нәтижесінде студент барлық факультеттер бойынша тұңғыш рет оқылатын «Абайтану» арнаулы курс пен семинар сабақтары бұрындары филология факульттерінде оқытылып келген арнаулы курс пен семинар сабақтарына қарағанда тақырыбы мен мазмұны жағынан өзіндік ерекшелігі бар жаңаша бағыт-бағдарды білу керек.

А.Құнанбайұлының шығармашылық өмірбаянымен қатар Абай ілімінің негізімен, философиясының қайнар бұлағымен және абайтану ғылымының өзекті мәселелерімен танысып, ақынның әдеби мұрасын, шығармашылық ілімін меңгеру керек.

ПРЕРЕКВИЗИТТЕР ТІЗІМІ

Пән атаулары, олардың бөлімдері (тақырыптар)
  Қазақстан тарихы (ХІХ ғасыр тарихы, ХХ ғасырдың басы)
  Қазақ әдебиеті (ХІХ ғасыр әдебиеті)

 

ПОСТРЕКВИЗИТТЕР ТІЗІМІ

Пән атаулары
  Философия
  Эстетика
  Дінтану
  Психология
  Әдеп негіздері
  Ұлттық тәрбие

 

Пән мазмұны






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных