Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дәріс.Тақырыбы: Абай қарасөздерінің адамгершілік тәрбиедегі орны мен маңызы




Жоспары:

1. Абай қарасөздерінің ерекшеліктері

2. Абай қарасөздерінің көтерген мәселелері

 

Дәріс мақсаты: Абай қарасөздері туралы толымды жалпы мәлімет беру

 

Дәріс мәтіні (қысқаша):Абай мұрасының бір бөлігі – қара сөздері. Олардың жалпы саны 46. Оның алты - жетісі қысқа келеді. Бұл қатарға қосылғандар - 16, 18,19,20,24,31,45-сөздер. Өзге қара сөздерінен мазмұн,тақырып жағынан өзгешерек тұратыны – 46-сөз. Ол тарихтық мақала-очерк секілді шығарма. Оны қазақ халықының қайдан шыққандығына арналған дәлелді,деректі қысқа зерттеу деуге келеді. Тағы бір бөлекше әрі көлемі жағынан мол қара сөзі – 38. Мұнда Абайдың дін, мораль мәселелеріндегі үлкен ой-толғаулары айтылады. 38-сөз Абай қолжазбалары ішінде «Ғақлият – тасдихат» деген атаумен бөлек көшіріліп жүреді. 27-сөзі мысал,өсиет есебіндегі Сократ пен оның шәкірті Аристодим әңгімесі түрінде келеді. Тағы бір өзгешерек болмыстағы шығармасы – 37-сөзі. Мұнда бастары бір арнаға жинақталған афоризмдер берілген. Бұлардың жалпы саны – 23 афоризм. Бұлар шартты түрде арнайы ьөлек жиналғандары ғана, әйтпесе афоризмдер Абайда бұлармен шектелмейді.

Қысқалығы, өзгеше мазмұны, көлемі жөнінен жалпы жүйені 11 қара сөз бөлектеніп тұрады. Ендігі қалғаны – 35. Бұлар сюжетті шығармалар емес, стиль, мазмұн жағынан алғанда бұлар Абайдың өзі тапқан, бір алуан көркем сөз үлгілері. Бұларды көбіне сыншылдық, ойшылдық және адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау деп қабылдауға болады. Абай қара сөзінде өлеңдерңнде айтылатын ойларының бірталайын жаңа сөзбен тарата әңгімелейді. Сол әңгімелері барысында адамгершілік мәселелерінен: әділет, ақтық, турашылдық, шындықты сүйгіштік, ғылымға құмарлық, еңбекті бағалағыштық сияқты жайларды сөз етеді. Кейде өзінің көз алдында отырғандай, тыңдаушысына сұрақтар береді. Өзі онымен жауаптасып, әңгімелескен кісі тәрізденіп отырады.

Абай қара сөздерінің мазмұны он-бір тақырып төңірегінде ой өрбітеді. Кейбір тақырып бір ғана қарасөзде айтылумен бітіп отырады. Мысалы, бірінші қарасөзінде Абай жазуға қалай кіріскені туралы сөйлейді. Мұнда өмірбаяндық дерек бар және өзінің жалпы шығармалық еңбегіне ойлы түсінік береді. Бірақ кейін бұл тақырыпқа өзге қарасөзінде қайта оралмайды. Екінші сөзінде халықтарды салыстырады. Үшінші сөзінде қазақ сахарасын билейтін әкімдер, тергеуші билер, соттар туралы сөйлейді. Төртінші сөзінде күлкі туралы ойлаған ойлары мен сынын айтады. Бесінші сөзінде қазақтың кейбір мақалдары сыналады. Аталған бес сөзде әр түрлі тақырып айтылса, кейінгілерінде санаулы тақырыптар әңгімеленеді. Мысалы, 6,8,9,10,14,23,26,29,33,39,40,41,42 және 43-сөз сияқты бір топ сөздерінде Абай ел мінезін жан-жақты таратып сөз етеді. 24-сөзінде тағы да мақалды шенеу,сынау арқылы ел мінезіне үлкен сыншылдық танытады. 33-сөзінде кәсіп,еңбек иесі адамды бұзып аздыратын салтты баяндайды. Ақын көп сұрақтар беріп отырып, қазақ қауымындағы адам мен адам арасындағы қарым- қатынасты сынай сөйлейді.

Енді бір бөлек тақырып болып 7-сөз оқшаулау көрінеді. Ол – жас баланың психологиясын еске алып талдаған сөз. Баладағы білуге ұмтылу жақсы қасиет екенін атаумен бірге, үлкеннің надандығы сло жақсы баланы жаман тәрбиемен қорлап бұзғанын білдереді. 11-сөз ұрлық турасынан басталып, ұлықтарға қарсы оларды қатты әшкерелеген сыншыл ойын танытады. 12,13,27,35,36,38,45-сөздерде дін мен мораль, тәрбие жайларын әңгімелейді. Ақын мұсылмагшылықтың анық діндік үгітін айта отырып, оның өз оқушысына жеткізбегі – адамгершілік өсиеттер болады. Бұларда дін арқылы адамгершілікті насихаттаса,адамгершілікті арнайы әңгімелейтін сөздері де бар, олар – 15,17,18,21,22,28,30,32,34,44-сөздер. Бұларда ақын адамның адамдық қасиеттерін тере сөйлейді. Үлкен адамгершілік, ақтық, тазалық, азаматтық жөніндегі тәрбиелік ойлар айтылады.

Сөйтіп Абай қарасөздері – оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына.

Бақылау сұрақтары:

1. Абайдың көлем, таным жағынан айрықшаер ерекшеленетін қара сөздері

2. Діни тақырыпты қозғағанқарасөздері

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных