Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дәріс. Тақырыбы: Абайдың адам болмысы мен танымы туралы ойлары




Жоспары:

1. Жаратушының сүюге лайық тұлға екендігі.

2. Әлем мен адам жаратылысы.

 

Дәріс мақсаты: Жиырма жетінші сөздегі Бірінші сүю танымын таныту.

 

Дәріс мәтіні (қысқаша):Абай Сократ атынан айтатын жиырма жетінші сөзінде адам жаратылысы туралы әңгімелеп, одан адам болмысына, бүкіл болмыс мәні – адамгершілікке ойыса береді. Әдетте біздер Жаратушыға құлай беріліп құлшылық етуді діншілдікпен байланыстырамыз. Ал шынында якини иман жолындағылар Жаратушы құдіреті мен рақымына ақиқат биігіне жетіп барып бас ұрады.Жаратушыға бас иіп құлшылық жасау – ақиқатты танып мойындау. Жиырма жетінші сөз мазмұны осы тұрғыда жалғасады. Жаратушыға құлшылық етуге жетпегендер әлі де келте ойлайды. Әлем мен адамның сан қатпар, көп қыртысты терең сыры мен себебін ізерлей іздеушілер ғана осыншама шебер туындының иесін білмекке қызығады. Бірақ біле алмай болдырады. Сөйтсе де белгісіз иесі – Жаратушыға ризалық кейіппен құлшылық жасайды. Ал Сократтың Аристодим секілді шәкірті Гомердің ақындығы, Софокльдің трагедияшылдығы, Зевстің суретшілігіне таң қалып жүріп, сол өнер түрлерін жасаушы адамзаттың да өз жаратушысы барын ойламайды. Олар түпкі бірінші себепке жете алмай жарты жолда жүргендерін сезбейді. Сократ сондайлардың ой, ақыл көзін ашуға бар күшін салады. Ол шәкіртіне: – Олай болса, кім артықша ғажайыплануға лайықты, жансыз, ақылсыз, құр пішінді жасайтұғын суретші ме, әлде жан иесі, ақыл иесі адамды жаратушы ма? – деп сұрақ қояды да, жаратушының шеберлігін сатылай танытуға кіріседі. Платон диалогтарының бәрі дерлік Сократ қатысуымен болатын сұхбатқа құрылады. Сондағы байқағанымыз – Сократ өзі әңгімелесіп отырған адамның барлық мінезі мен өзіндік пайымына, тіпті анқау сұрақтары мен жауабына да үлкен төзіммен қарайды. Ол әңгімелесу барысында ақиқатқа секіріссіз, ұзақ та болса жүйелі, желілі жолымен жетуге тырысады. Осы әдісті Аристодиммен болған сұхбатында да қолданады. Абай қарасөзінде Сократ адам болмысының «ғажайыплануға лайықты» қасиеті ретінде ең әуелі сезім мүшелерін атайды. Және де бұл сезім мүшелері адамға ғана тән көркем қасиет, мәнімен көрініс тапқан. Сөйтіп Сократ адамды жаратудағы Жаратушы құдіреті мен хикметін сезім мүшелері («хауаси хамса заћири») айғақтайды. Шынында да сезім мүшелері хайуанда да бар болғанмен, адамдағы жан жетілуі ең әуелі осы сезім мүшелерінен басталады. Сондықтан да Абай өз өлеңдері мен қарасөздерінде хауас мәселесіне қайта-қайта оралып отырады.

Сократтың мына сөзінен діни көзқарас қана емес, ғылыми таным да айқын көрінеді: «Жә, сен бұл ақылға қайдан ие болдың? Әрине, қайдан келсе де, жан деген нәрсе келді де сонан соң ие болдың». Жанымыз тәңірден келеді, «таусыншақ күні» қайтадан иесіне оралады десек, діни сенімге бас ұрамыз. Тым атеист болмай, Аристотель, Плотин, Ибн-Синаларға жүгінсек, оларда да адам болмысы жан арқылы тұтас жаратылысқа ие болады. Жанға екі нәрсе тән, ол – қозғалу мен қабылдау. Ақыл да, тән де жанның осы екі қызметінсіз өз мәндеріне ие бола алмайды. Сократ айтқандай, тым биіктегі, сыртқы әлеммен тікелей байланысы жоқ ақыл түгілі, тән де жанның қоректену күші арқылы өзін сақтап, тағы да жан күшімен өсіп, көбейеді. Ал ақыл жанның ақылды бөлігімен байланысып, жанды дәнекер ету арқылы танып-біледі. Жансыз ақыл да, тән де адам болмысын құрап, өз қызметтерін атқара алмайды. Бұл – философ ойшылдардың ұзақ жылдар толғанып тапқан түйіні. Сократ жан арқылы тән тірі денеге айналып, өзіндегі сезім мүшелері арқылы жанға азық беріп, одан ақылды, ойлаушы жан арқылы Ақыл, Парасаттың өзін-өзі тануын айтып отыр.

Сократ өз шәкіртіне Жаратушы хикметін әлем жаратылысы арқылы да танытады: «…бір-біріне себеппен байланыстырылып пенденің ақылына өлшеу бермейтұғын мықты көркем законға қаратылып жаратылды? Сөйтіп Жаратушының адам, әлем атты екі көркем туындысы бар. Екеуі де Жаратушы хикметі мен махаббатына дәлел болып тұр. Біз көбіне Сократпен сұхбат жүргізушінің аңғал сұрақтарына іштей келіспей, сұхбаттың қасақана, жорта созыла беретінін байқаймыз. Сөйте тұра мұндай балаң, аңғал сұрақтар ақиқатты тәптіштеп, ежелей ашуға жағдай жасайды. Қарасөзде Сократ Аристодимнің ақиқатты қасақана қабылдамай тұрып алуына сәл-пәл ренжігендей болады. Ал көпшілік диалогтарында Сократтың сұхбаттас серігіне пікір қайшылығы, ой келтелігі себепті ренжуі жоққа жуық. Ол бәріне де сабыр, байыппен қарап, ақиқатты өзінің табиғи арнасымен асықпай түсіндіре береді. Ол шәкіртіне: «Жә, олай болса, һәмма мақлұққа да қара,өзіңе де қара, жанды бәрімізге де беріпті» дейді. Шынында да солай, мақлұқта ғана емес, жан өсімдікте де бар. Бірақ олардағы жанның қабілет күші адамдікінен кем. Адамдағы жанның ақылды бөлігі хайуанда, ал хайуандағы сезім мүшелері өсімдік жанында жоқ. Сократ әрі қарай: «Жанның жарығын бәрімізге де бірдей ұғарлық қылып беріп пе? Адам алдын, артын, һәм осы күнін – үшеуін де тегіс ойлап тексереді. Хайуан артын, осы күнін де бұлдыр біледі, алдынғы жағын тексермекке тіпті жоқ» – дейді. Плотиннің пікірінше, Ақыл Жаратушыдан қуат алып таниды, жан Ақылға ұмтылып жетіледі, ал тән жанға бағынып жүріп адамға лайық ізгі іске ортақ бола алады. Адамдағы «жанның жарығы», адамдағы қабілет-күші өзге тіршілік иелерінен әлдеқайда артық. Сократ біздіңше, соны айтып отыр. Ибн-Сина хайуан жанының қабілет-күштерін рет-ретімен айтып келіп, қиялдау күшімен шектеледі. Себебі хайуандағы жанның ең биік деңгейі осы «артын, осы күнін бұлдыр білу» ғана. Ал адам жаны ойлау, ақылды бөлігімен бірге, одан да әрі Ақылға ұмтылып, талай биіктерге жетуге қабілетті. Бұл Жаратушының адамға жасаған артықша жақсылығы. Және бұл адам жанына ғана жасаған жақсылығы. Тәнін әртүрлі шебер әрекетке икемді етіп жаратқаны Алланың адамға жасаған өз алдына зор жақсылығы. Оны Сократ: «хайуанға берген денеге қара, адамға берген денеге қара» деп, Жаратушы адам тәнін де сұлу, икемді етіп, ақылын асырып, жанын жетілдіруге бейім етіп жаратқанын дәлелдейді. Мұның бәрін Сократ адам баласы Жаратушыға шексіз қарыздар екеніне көз жеткізу үшін айтқан. Әрі Сократ сөзі ғалым М.Мырзахметұлы жазғандай, Бірінші сүюге бағытталған.

Бақылау сұрақтары:

1. Жаратушының адамға деген махаббаты қалай танылады?

2. Жаратушыға құлшылық етудің ақиқатқа байланысы туралы.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных