ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Зертханалық және студиялық сабақтарды орындаудың нұсқаулығыСтуденттердің оқытушы жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмыстары әдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастырылуы тиіс.Жоғары оқу орындарында білім беруде дәріс сабағы белгілі бір білік пен дағдыны талап етеді. Дәріс сабағында төмендегі қағидалар негізге алынады: ü оқытушының ойын қысқаша жазуға үйреніңіз; ü негізгісін қосымшасынан ауызша бөліп көрсетуге үйреніңіз; ü дәрісте сызбанұсқа, кесте, сурет ұсынылса, онда міндетті түрде дәптерге ұқыпты және көңіл қойып көшіріп алыңыз; ü жиі кездесетін сөзді қысқарту жүйесін және оны белгілі бір белгімен ауыстырыңыз. Бұл сізге аз жазып, көп тыңдауға мүмкіндік береді; ü дәрістен кейін жазғаныңызды бір рет қарап шығыңыз. Семинар сабағы тақырып бойынша оқу материалдарын меңгерудің қорытынды кезеңі болып табылады, мұндай сабақта студенттердің өзіндік жұмыстары қорытылып, бағаланады. Дәріспен салыстырғанда, семинар сабағында студенттер теориялық мәселелерді тереңінен қарастырып, оларды практикада қолдану дағдыларын қалыптастырады. Студенттер талқыланатын мәселелерді түсіндіру, талдау, бағалау, сараптау, ситуацияларды жан-жақты талдау, логикалық тұжырымдау, жүйелі түрде ойлау, негізгі мәселе аясында нақты баяндау, басқаның пікірін тыңдау және сыни тұрғыдан бағалау сияқты белсенді әрекеттері арқылы өз пікірлерін, ұстанымдарын келтіреді. Семинар сабағын топтық талқылау және пікірталас арқылы ұйымдастырған тиімді. Семинарға дайындық барысында: • семинардың тақырыбын талқылап, талдауға ұсынылатын негізгі мәселелер мен мақсаты туралы ойластырыңыздар; осы тақырып бойынша оқытушының дәрісте берген материалын көңіл қойып оқып шығыңыздар; • ұсынылған әдебиеттерді оқып, оқығаныңыздың ішінен семинарда талқылауға қажеті болатындарынан конспекті жазыңыз; • әрбір сұраққа оны нақты мәліметпен дәлелдей отырып, өз пікіріңізді айтуға талаптаныңыз; • оқулықпен және ғылыми әдебиетттермен өзінік жұмыс жасаған уақытта туындаған сұрақтарды жазып алыңыз, сосын семинарда оған жауап аласыз. Семинардағы жұмыс кезіндегі үрдісте: • семинарға қатысушылардың сөйлеген сөзін көңіл қойып тыңдаңыздар, оның айтқандарын өзіңіздің пікіріңізбен салыстырыңыз; • қарастырылатын сұрақтарды талқылауға белсенді қатысыңыздар, өз пікіріңізді айтудан қорықпаңыз, бірақ ол сенімді дәлелдермен бекітілуі тиіс; • егер сіз біреудің пікірімен келісетін болсаңыз, оған сыни тұрғыдан қараңыз, бірақ есіңізде болсын, сын негізделген және қалыптасқан болуы керек, яғни баламасы ретінде нақты ұсыныс беруіңіз қажет; • семинардың соңында қарастырылған сұрақтардың дұрыс жауаптарын қысқаша тұжырымдаңыз. СОӨЖ-ны, СӨЖ-ді ұйымдастырудың мақсаты: студентердің пәнді жүйелі түрде меңгерту, игерілген білім, білік, дағды, түсінік пен құзыреттіліктерді бекіту, дәріс және семинар сабақтарына жан-жақты дайындалуын қамтамасыз етіп, оларда өздігімен үйрену дағдыларын қалыптастыру; алған теориялық білімдерін талдап, қорытынды мен тұжырымдар жасап, оларды практикада қолдануға үйретеді. Кез келген тақырыптың ішкі мазмұнын толық ашу осы мәселеге қатысты ғылыми еңбектер мен оқулықтардағы тұжырымдар мен пікірлермен танысып, жүйелеуді, көзқарастардағы қайшылықтар мен айырмашылықтарды талдап, топтастыра білуді қажет етеді. Студенттердің өзіндік жұмысы мақсатты түрде объектіні белгілі бір көзқарас тұрғысынан зерттеуді қамтамасыз ететін зерттеу тәсілдері мен іс-әрекеттердің жүйесі. Студенттің өзіндік жұмысы оқулықта берілген материалдарды, білім қорын өз зерттеу жұмыстары негізінде жаңаша қорытындылап, кәсіби міндеттерді шығармашылық тұрғыда шеше алатын дағдыға айналдыруды мақсат етеді. Студент – белсенді, сыни ойлау қабілетіне ие жеке тұлға. Оның кез келген мәселеге қатысты өз пікірі, өзінің дербес шешімі болуға тиіс. Силлабуста ұсынылып отырған СӨЖ түрлері осы мақсаттарды ескере отырып құрылды. Студенттердің өзіндік жұмыстары зерттеу, ізденіс және шығармашылыққа негізделіп, жазбаша түрде орындалуы керек. Өзіндік жұмыстарын төмендегі үлгілер бойынша беруге болады: Баяндама – берілген тақырып бойынша анықталған пікірлер мен тұжырымдарды жүйелеп беруі. Мақала – нақты тақырып бойынша ғылыми зерттеулерге талдау жасап, қорытынды беріледі. Сонан соң зерттеудегі өзінің аталған мәселеге қатысты көзқарасын ұсынып, оны дәлелдейді. Мақала соңында қорытынды тұжырымдар жасайды. Тезистер – бұл тақырып және оның негізгі мағынасының бірізділікпен қысқартылып, жетекші талаптарының қысқаша берілуі. Тезистердің жоспардан айырмашылығы мәтінде қарастырылатын сұрақтардың атының ғана емес, мәнінің де ашылып берілуімен ажыратылады. Сондықтан егер жоспар «Мәтінде не туралы айтылады?» деген сұраққа жауап берсе, ал тезис «Мәтінде бір нәрсе туралы не айтылады?» деген сұраққа жауап береді. Реферат – алғашқы түпнұсқаның негізгі мазмұнының қысқа, ықшамдалған түрі, онда көтерілген барлық мәселені қамтуға тиіс. Реферат сонымен тек қана ойсыз көшіру емес, таңдалған тақырып бойынша ақпарат көздеріне талдау мен сараптау жасау, оларға баға беру. Рефераттан студенттің «Мен» тұжырымы көрініп тұруы қажет. Рефераттың құрылымы: 1. Реферат жасалатын құжат саласының не бөлімінің аты. 2. Тақырыбы. 3. Түпнұсқаның авторының аты-жөні, шығарған баспа, жылы (журнал болса аты және нөмері). 4. Реферат жазылатын материалдағы басты ойды ықшамдап береді, оған өз пікірін қосуға болмайды. 5. Рефераттың мазмұны түпнұсқада берілген жүйемен, ізбен баяндалады. Рефератты репродуктивті және продуктивті деп ажыратады. Репродуктивті рефераттар мәтіннің мазмұнын жаңадан өндіреді. Мұндай рефераттарға реферат-түйіндеме (резюме) және реферат-конспект жатады. Реферат-түйіндемеде (резюме) тақырып мәтіні бойынша негізгі ережелер келтіріледі. Реферат-конспект мәтіннің негізгі мазмұнын, дәлелдерін, мысалдарын, нәтижелерін береді. Сонымен алғашқысында барлық негізгі шығарылса, екіншісінде негізгі мәліметтерді санамалап қана айтып, бұл бойынша қорытынды дәлелдер келтірілмей-ақ беріледі. Рефераттың екі түрі де бір түпнұсқа негізінде жасалынған монографиялық, не ортақ бір тақырыпқа біріктірілген бірнеше еңбектің мазмұнынан тұруы да мүмкін. Продуктивті рефераттар мәтіннің мазмұнын ғана емес, оған сыни тұрғыдан, шығармашылықпен қарауды ұсынады. Рефераттың мұндай түріне реферат-шолу және реферат-баяндама жатады. Реферат-шолу бірнеше мәтіннің негізінде жазылады. Онда мәтіндегі айтылған мәселе әр түрлі көзқарас тұрғысынан салыстырылып жазылады. Реферат-баяндамада мәтіндегі бар ақпаратқа талдау жасалып, мазмұнына бағалау беріледі. Реферат жазу мәтінді саналы түсінуді, ақпаратты аналитикалық-синтетикалық қайтадан өңдеуді және осының негізінде жаңа мәтінді құруды талап етеді. Ақпарат көздерімен (оқулықтар, ғылыми әдебиеттермен зерттеулер, интернет, т.б.) жұмыс жасау. Ол үшін студент ең бірінші кітапханада катологпен жұмыс істеудің әдісін меңгеруі; тақырыптық, алфавиттік каталогтерден өзіңе қажетті әдебиеттер тізімін жасап, олармен танысуы; қажетті ақпаратты жинауды үйренуі қажет. Оқулық және ғылыми еңбектермен жұмыс олардыңмазмұнынан өзіне қажетті тақырыпты тауып, онымен танысу шолып оқудан басталады. Мұнан соң зерттей оқу орын алады. Зерттей оқу барысында қажетті тұжырымдар бойынша конспект жасалады. «Дөңгелек үстел» әдісі ең біріншіден студенттердің өзара пікір алмасу формасы ретінде көрініс табады. Дөңгелек үстел – шағын топ ішінде студенттердің қарастырылып отырған тақырып (сұрақ, мәселе, идея, тұжырым, т.б.) бойынша белгіленген уақыт аумағында өз ойларын ортаға салу тәсілі. Дөңгелек үстелде сөз бір студентке бірнеше рет айналып келуі мүмкін. Келесі сөйлегенде студенттер алдындағы ойларын қайталамай, оларды ары қарай жалғастыруы және басқалардың пікірін ескеріп отыруы қажет. Дөңгелек үстел жазбаша да өтуі ықтимал, онда өз ойларын белгіленген уақытта жазып, бір-біріне оқытады. Жазбаша өткізілген дөңгелек үстелде барлық студенттер бір мезгілде жұмыс жасайды. ЭССЕ (фр. «essay» - попытка, проба, очерк) - очерк, шығарма, белгілі бір тақырыптарға ой толғау. Рефератпен салыстырғанда, эссе автордың өзіндік ойларының жиынтыңғы болып табылады. Бұл философиялық, тарихи-биографиялық, публицистикалық, әдеби-сыни, ғылыми-көпшілік немесе беллетристикалық (көркем шығармалық) сипаттағы жаңа сөз. Барлық аргументтер, идеялар, анықтамалар егер студенттің өзінікі болмаса, сілтеме жасалуы керек. Эсседе пайдаланған дерек көздер, дәйектемелер көрсетілуі керек. Эссе көлемі 3-5 бет. Эссе жанры шығармашылық еркіндікті қажет етеді, ол кез-келген стилде жазылады, бұл оқылған, естілген, көрілген заттар туралы өзіндік ой. Эссенің бірінші планында - автор тұлғасы, оның ойы, сезімі, дүниеге көзқарасы тұрады, бұл шығарманың басты ұстанымы. Эссе студенттің сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, идеялары мен пайымдарын келтіретін бағалау тәсілі. Эссе арқылы оқытушы студенттің ойлау деңгейі мен сабақта қалай жұмыс жасағандығын бағалайды. Эссені бағалау барысында мына факторларды есте сақтау қажет: 1. Кіріспе мен жұмыстың қорытындысын құрастыра білуі; 2. Логикалық тұрғыдан аргументтерді келтіре алу қабілетінің болуы; 3. Кеңінен және тереңірек талдау жасай білу, тұжырымдар мен қорытындыны бағалау және сын тұрғысынан қарай білу қабілеті; 4. Шығармашылық стилде маңызды материалға шолу жасай білу және сұрақтарға нақты әрі дұрыс жауап беру, жүйелілік пен дәлдікті біріктіре алу қабілеті; 5. Қарастырылатын әдебиеттердің кеңдігі мен тереңдігінің қажеттілігі; 6. Түсінікті және нақты бейнелеп жаза алу сауаттылығы; 7. Жұмысты ұқыпты рәсімдеу, оның түйіндемесін, сілтемесін, библиографиясын құра білуге қабілеттілігі. Конспект – басқа формалармен салыстырғанда жазудың ең әмбебап формасы. Конспект жазғанда оқылған мәтінді қайта жазуда дұрыстығын қамтамасыз ету керек. Конспекттің басты сипаты қысқалық әрі нақтылық. конспектіде ой сабақтастығы мен айтылған мәтіннің қисыны сақталуы тиіс. Конспектілеуде мәтін мазмұнының ең мәнді компоненттері, есте сақталуға тиісті тіректер жазылады (мәселен, атаулар, даталар, кейбір терминдер, символдар). Колло́квиум: (лат. colloquium - әңгіме, жиналыс, мәжіліс) - ғылыми жиналыстар, оның маңызы баяндамаларды оқып, талқылау. Сонымен қатар колло́квиум - білім беру жүйесінде білімді бағалау мен тексерудің бір формасы. Әдетте жоғарғы оқу орындарында ол семестр ортасында жүргізілетін, өзіндік мини-емтихан, мақсаты емтихан тақырыптарының тізімін азайту. Коллоквиум барысында жобалар, рефераттар және басқа жазба жұмыстары тексерілуі мүмкін. Коллоквиумде алынған баға емтихан бағасына тікелей қатысы болуы мүмкін. Коллоквиум мазмұнына 2 практикалық міндет, 2 нақты теориялық сұрақ кіреді. Проект (жоба) уникалды өнім яки қызмет тудыру мақсатымен уақытша айналысатын жұмыс. Себебі әр жобаның өз уақыты, яғни басталуы мен аяғы болады. Уникалдылығы туралы айтқанда өзге осындай тапсырмаларға ұқсамайтындығын айту керек. Жобаға бірнеше студент қатысуы мүмкін. Жоба ретінде тапсырманы құру, журналдың номерін дайындау, ақпараттық жүйесін құру және т.б. Пресс-конференциялар журналисттермен қарым-қатынас жасау формасы, ақпаратты ең бірінші алудың жолы. Пресс-конференцияда әдетте басшылық немесе көтерілген мәселеге құзырлы адамдар қатысады. Пікірталас (дискуссия) - қандай да болмасын проблема бойынша қарама-қарсы пікірлерді келтіру арқылы ақиқатқа жету тәсілі. Портфолио – студенттің семестр бойы жасаған жұмыстары және жетістіктерінің айғағы мен дәлелі. Онда студент өзінің жазба жұмыстарының үлгілерін сақтап, семестр аяғында үйренгені туралы есеп берген кезде дәлел ретінде қолдана алады. Портфолионы электронды түрде де келтіруге болады. Портфолио бірнеше қызмет атқарады: - жинақтаушы – студенттің жұмыстарының жиынтығы; - үлгі – студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастырудың құралы; - ой-толғаныс пен шығармашылық тудырушы – студенттерге оқу/үйрену және кәсіби тұрғыдан қажетті әдістер мен тәсілдердің қолдануын ұғынуға және т.б. мүмкіндік береді. Портфолионың бөлімдері: 1. Студент туралы мәлімет. 2. Пәннің теориялық мазмұны. 3. Студенттің жұмыс үлгілері. 4. Студенттің жетістіктері. 5. Студенттің ой-толғанысы. Портфолионы бағалау критерийлері: барлық бөлімдердің болуы; өздігінен қосымша бөлімді енгізуі; зерттеу әдістері; дербестігі; материалдарды безендіруі; қорытынды жасауы; басқалардың пікірлері; ой-толғанысқа негізделген материалдары; портфолионы таныстыруы (жариялау, презентациялау). Топтық зерттеу (бірлескен жұмыс) – семинар немесе практикалық сабақтарда студенттердің бірлесе отырып белгілі бір проблеманы графикалы түрде шешу тәсілі. Оқытушы тақырып бойынша шешуді талап ететін проблеманы студенттерге ұсынады. Студенттер шағын топтарға бөлініп, аталған проблеманы шешу жолдарын талқылап, өздерінің шешімін плакатқа түсіреді. Студенттер өздігінен мазмұн мен тапсырма орындаудың формасын таңдайды, ақпарат жинастырады, оларды талдап, бағалайды. Содан кейін плакат қабырғаға ілінеді де, топ атынан спикер шығып жұмысты қорғайды. Қорғау соңында топ мүшелері басқаларының сұрақтарына жауап береді, олардың өз шешімдеріне түзету енгізуі де мүмкін. Оқытушы әр топқа жеке тапсырма беруі немес топтар тапсырманы өздері де таңдап алуы мүмкін. Ойындар: 1. Рөлдік ойындар: көшбасшылық ойындар. 2. Іскерлік ойындар: саяхат, блиц-ойындар, өндірістік ойындар. 3. Имитациялық ойындар. Тренингтер -қысқа мерзім ішінде практикалық қолданыста қажетті әрі тиімді біліктер мен дағдыларды игеруге бағытталған оқу сабақтары. Тренингтердің мақсаты – үйренудің ең тиімді жолдарын игеру. Мұнда үйренушілер өз әрекеттерін қалайша тиімді түрде ұйымдастырып, жұмыста оң нәтижеге қалайша жету керектігі мәселесімен айналысады. Тест студенттердің оқу жетістіктерін, олардың білім, білік, дағдыларының жиынтығын обьективті түрде өлшеу мүмкіндіктерін береді. Тесттерді әдетте ашық және жабық деп екіге бөледі. Жабық тест дегеніміз – келтіріліген жауаптардың ішінде біреуі дұрыс болатын тапсырма, студенттер бұл жауапты таңдап көрсетуі тиіс. Ашық тесттер дайын күйде берілген бір немесе бірнеше дұрыс жауаптарды іздестірмей, шығармашылық тұрғыдан шешім келтіруді талап етіп,келесідей тапсырмалардан тұрады: өзіндік түсінікті келтіру, мәсеелні шешу, ой-өрістерін дамытуға бағытталған шығрмашылық жұмыстары. Бақылау – қандай да бір фактілерді анықтау үшін ақпаратты жинақтау құралы. Бақылау арқылы студенттің сабақта қалай жұмыс жасағандығын немесе сабақтың қалай өткендігі туралы ақпарат жинап, талдау жұмысын жүргізуге болады. Сауалнама – берілген сұрақтарға жауап беру арқылы ақпарат жинақтау. Сауалнама алдын-ала құрастырылып, респонденттерге таратылып беріледі. Интервью – сұрақ-жауап арқылы қандай да болмасын мәселені талқылау және өзіндік пікір келтіру. Интервью арқылы студенттің немесе оқытушының сабақ тақырыбы жайлы пікірлерін білуге болады. Сұхбат – негізгі бір ортақ ой төңірегінде әңгімелесіп, ой бөліседі. Сұрақтарына жауап алып, сұқбаттасушының пікірін біледі. Сұхбаттық әңгіме түрі көпшілігінде екі адамның әңгімелесуі түрінде өтеді. Сұхбатқа қатысушылар фактілерді жинақтап, қойылатын сұрақтарын айқындап, сұхбатқа қатысушы еркін,ашық, сындарлы әңгіме өткізуі тиіс. Аннотация (лат. сөзі annotatio – белгі, естелік) – кітаптың, мақалының қысқаша сипаттамасы, яғни кез келген мәтіннен оның көзқарасы бойынша мазмұнын, формасын және басқа ерекшеліктерін белгілеп қою. Аннотацияның мақсаты – мәтінде не туралы айтылатыны жөніндегі сұраққа жауап беру, ол туралы жалпы түсінік беру. Аннотация – материалды сұраптау арқылы мазмұнын ашып, баға беру. Глоссарий – белгілі бір шығармада кездесетін, сирек қолданылатын сөздердің түсіндірме сөздігі. Сөз тіркестеріне, қазіргі кезде түсініксіз сөздерге түсінік беріледі. Сирек кездесетін кейбір аударма сөздіктер де глоссарийге жатады.
СӨЖ-на арналған тапсырмалар; Студенттердің оқытушы жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалар
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН (СӨЖ) ҰЙЫМДАСТЫРУ
СӨЖ-ді, СОӨЖ-ын ұйымдастырудың мақсаты: Өз бетінше орындалатын жұмыстарының тақырып бойынша оқылған лекция материалдары мен көрсетілген әдебиеттерді пайдалана отырып, өз зерттеуін жүргізуді мақсат етеді. Зерттеу тақырыбының ішкі мазмұнын толық ашу осы мәселеге қатысты ғылыми еңбектер мен оқулықтардағы тұжырым, пікірмен танысып, жүйелеуді, көзқарастардағы қайшылықтар мен айырмашылықтарды талдап, топтастыра білуді қажет етеді. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|