Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Абайтану орталығы тарапынан ұйымдастырылған Абайтану музей кабинеті. 2010 ж ашылған.




Абайдың қайтыс болуына 50 жыл толуына орай түсірілген фильм дискісі. Алматы, 1954 ж.

Абайтану әліппесі. Электрондық оқулық. Токио. 2010 ж.

Оқу әдебиеттері және/немесе электрондық тасуыштардағы материалдар

Интернет-ресурстардың тізімі

Интернет-көздері www.abai.kz, www.abaitanu.kz.

 

Глоссарий

1. Алланың ғылымы – Абай Алланың ғылымына теолог. ғылымдарды жатқызады. Бұл пікір Абайдың өлеңдері мен қарасөздерінде қамтылған.

 

2. Аллаяр софы – Софы аллаяр - 18 ғасырдың орта тұсында өмір сүрген діни ақын.Ол ислам дінін дәріптеген. Аллаяр софының ең басты шығармасы «Ғазизаға бағыштау» деген шығармасында құдайдың пайғамбарға жіберді дейтін 4 кітабы: «Таурат», «Забур», «Інжіл» және «Құран» аталады. Аллаяр софының бұл еңбегі қазақтар арасына 1917 жылғы төңкеріске дейін жеткен. Абай бұл шығарманы жете білген.

 

3. «Бабырнама» - Абай оқыған тарихи әдеби естелік шығарма, ортағасырлық Азия халықтарының аса қымбат жазба ескерткіші. Абай «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген тарихи еңбегінде Алаша хан жайлы деректерін «Бабырнамадан» алғанын айтады.

 

4. Бақырғани Сүлеймен - (12 ғасырдың 2 жартысында өмір сүрген) - орта ғасырдағы көрнекті қазақ ақыны, ғалым ойшыл. Бақырғани Абайдың жас кезінде көп еліктеген ақындарының бірі, рухани ұстазы. Жас ақын медреседе оқып жүріп, Бақырғани шығармашылығына қанық болды, медресенің негізгі оқу құралы болған «Бақырғани» кітабын оқып, жаттап өсті, ұлы ақынның адамгершілік, биік парасат, асқақ махаббат сезімін жырлау мәнеріне еліктеді. Абайдың «Білімдіден шыққан сөз» өлеңінің алғашқы төрт жолы қара өлең ұйқасымен келеді де, одан кейінгі шумақтары Бақырғани поэзиясына тән өлшеммен (-а, – а, – а, -б) жазылған. Бақырғани шығармашылығына тән шығыстық белгілер Абайдың махаббат лирикасында, дидактикалық өлеңдерінде, қарасөздерінде де кездеседі.

 

5. Бекер мал шашу – Абай шығармаларында қолда бар қаржы мен мал-мүлкін дұрыс пайдалана алмайтын, өз пайдасын білмейтін адамдарды сынға алған. Босқа, мақсатсыз қаржы жұмсайтындарды, «орынды іске жүріп, ой таппаған, не болмаса жұмыс қып, мал таппағандарды» сынай келіп: «қасиетті болмайды ондай жігіт, әншейін құр бекерге бұлғақтаған» деген тұжырымға келеді.

 

6. Еңбек – Бұл дүниедегі құдіретті күш діни ұғымда құдай болса, ғылыми ұғымдағы бірден-бір жасампаз ұлы күш - Еңбек. Абайдың тұжырымынша әуелі құдайға сиынып, сонан соң өз қайратына сүйеніп еңбек еткен адам нағыз азамат болып саналады.

 

7. Еріншек. Абайдың түсіндіруінше: «еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны». Отыз сегізінші қара сөзінде ақын: «Күллі адамды қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: Әуелі - надандық, екінші - еріншектік, үшінші - залымдық...» деп адам баласын қор қылатын жағымсыз қылықтардың бірі еріншектіктің зияндылығына ерекше

тоқталады.

 

8. Дюма Александр - (1802 - 70) – француз жазушысы. М.Әуезовтың айтуынша Дюманың «Үш ноян», «Жиырма жыл өткен соң», «Патша қатын Марго», «Генрих Наварский» туралы трилогиясы Абайға да таныс болған. Абай оқыған бұл кітаптар ақынның Семейдегі әдеби - мемориалдық музейінде сақтаулы.

 

9. Жан қуаты - Абайдың Қырық үшінші сөзінде арнайы түрде тоқталып, ерекше мән бере қарайтын ұғымы. Жан қуатының дамуы тікелей жанның жибили қуаты арқылы жүзеге асып отырады. «Жан қуаты дейтұғын қуат - бек көп нәрсе»,- деп ескертеді де, солардың ішінде үш артық қуат бар: подвижной элемент, сила притягательная однородного, впечатлительность сердца. Бұларды жоғалтуға болмайды деп ой толғайды.

Абай пікірінше, өнер, ғылым, білім, ақыл атаулы рухани құбылыстардың бәрі де Жан қуаты арқылы сыртқы болмыстан туындайтын заңды құбылыстар.

 

10. Жанның жарығы - Жетінші сөзіндегі «Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқан» деген пікірі жанның жарығы деген ұғыммен астасып жатыр. Мағынасы жағынан алғанда адамның сыртқы дүние сырын танып - білуге қабілетін адам бойындағы жан қуатына қарай меңзеу басым.

 

11. Жанның жибили қуаты. Абай адам ырқынан тыс болатын табиғи қажеттілік (тән құмары, тән қуаты) пен өсе келе пайда болатын рухани қажеттілікті (жан құмары, жан қуаты) бірлікте, өзара тығыз байланыста алып қарайды. Яғни жанның жибили қуаты деп тән мен жанның орталығында болатын психикалық құбылысқа жатуымен бірге, ол жан қуатының кәсіби межесіне дейінгі жан процесінің әрекетін айтамыз. Абайдың пікірінше, ақыл мен ғылымды (кәсіби) меңгеру жолында жанның жибили қуатын танып білу, соған сүйеніп әрекет ету - басты шарт.

 

12. Заһири ғылым - Абайдағы заһири ғылымның мағынасы сыртқы ғылымдар дегенді аңғартады. Сыртқы ғылымдар саласына жаратылыстану ғылымдары мен техникалық ғылымдар тобын жатқызады. Заһири ғылымдар саласы мен оның түрлері Абай шығармаларында көрініс тапқан.

 

13. Зере (1785-1873) - Құнанбай қажының анасы, Абайдың шешесі. Зеренің азан шақырып қойған аты- Тоқбала. Ізгі жүректі, үлкенге қамқор, кішіге пана бола білген Зере әже Абай өміріне, ақындығына игі әсерін тигізеді. Мейірімді Зере немересіне Абай деген аяулы ат қойса, туған анасы мен кіші шешесі Ибраһимді Телғара деп атаған.

 

14. Қарасөздер – Абайдың толық жинағында 1890-1898 жылдар арасында жазылған шығармалары - «қарасөз» деп аталады. Жалпы саны қырық алты бөлек шығарма.

 

15. Талап - Абай Қырық төртінші сөзін «Адам баласының ең жаманы – талапсыз» деп бастайды да, талаптың да көп түрлері болатынын баяндайды. Абайдың түсіндіруінше талапсыздықтың түрлері – ынтасыздық, жігерсіздік.

«Керек іс бозбалаға – талаптылық,

Әр түрлі өнер, мінез, жақсы қылық.

Кейбір жігіт жүреді мақтан сөйлеп

Сыртқа пысық келеді, көзге сынық...»-

деп Абайдың талапты – дарынды ынтаны дамытатыны, сондықтан да халықтың «талапты ерге нұр жауар» деген сөзді бекерге айтпағаны туралы ой толғайды.

 

16. Тоғжан - жас Абайдың алғашқы сүйген қызы.Тоғжан мен Абай махаббаты М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясында көркем суреттеледі.

 

17. Терең ой – Абай «Жапырағы қуарған ескі үмітпен» өлеңінде адам үнемі үздіксіз ойлауы керек, өйткені тек ұрпақты ақыл-ой әрекеті кісіні алға бастайды, бірақ ой күнделікті өмірмен байланысты ақиқатты түрде болуы керек деп үйретеді. Көп айтты деп көне салатын, жұрт айтты деп сене салатын ойсыз надандарды Абай толық адам қатарына қоспайды.

 

18. Өсек -Абай заманында ел арасында көп тараған, адамгершілікке жат-жаман қылықтардың бірі - өсек айту, өсекшілдік. Өсек біреуді сыртынан даттау, кіналау, жала жабу, жалған сөз айту. Жиырма төртінші қара сөзінде: «... қазақ ортасында да ұрлық, өсек, қастық қалып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістетерлік күн болар ма екен?» - деп армандайды. Өсектің қазақ ортасында көп тараған бір түрі –жалақорлық, арызқойлық. Ақын:

«Қазақтың қайсысында бар санасы?

Қылт етер де дап - дайын бір жаласы.

Пысықтықтың белгісі - арыз беру,

Жоқ тұрса да бес бересі, алты аласы...» -

деп, өсекші, жалақорларды сынға алып, өз кезіндегі өмір шындығының күңгірт келеңсіз жақтарын әшкерелейді.

 

19. Өтірік. Ақын адамдардың бойындағы өтірік айту секілді қасиеттерді уытты тілмен әшкерелейді. Өсекте болар – болмас бір негіз болуы мүмкін, ал өтірік мүлде жалған, шындыққа, ақиқатқа ешбір жанаспайды. Ақын адам болам десеңіз өтірік айтудан, екі жүзділіктен құтылып, шындықпен, ақиқатпен өмір сүру керек деген терең тұжырым жасайды.

«Расы жоқ сөзінің,

Ырысы жоқ өзінің,

Өңкей жалған мақтанмен

Шынның бетін бояйды...»-

деп, өтірікшілердің бет пердесін аша сынайды.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных