ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Дәріс. Тақырыбы: Абайдың 38-қарасөзіндегі толық адам туралы толғанысыЖоспары: 1. Алланың сипатын айтудан адамгершілікті танытуға көшу 2. Қарасөз түйіні – толық адамды насхаттау
Дәріс мақсаты: 38-қарасөздің негізгі мазмұны мен түпкі мәнін таныту
Дәріс мәтіні (қысқаша):Абай қарасөздерінің көлемі жағынан қомақты да, мазмұн, мәні жағынан тереңі де – отыз сегізінші сөз [7.136]. Оны байыппен оқып, шынайы мәнін білмек керек. Ең әуелі бұл сөзді ақын өсер ұрпаққа арнайды. Ақиқатты білмек саналы өмір басында тұрған жастарға әсіресе қажет. Өйткені ақиқат адами өмірді абыройлы, аты мен затына сай етіп өткізуге көмектеседі. Екіншіден, Абай өз сөзінің мазмұнын «адам ұғылының мінездері туралы» деп айқындап береді. Демек, бұл сөздегі өзге тақырыптың бәрі де негізгі мәселеге қажетті болуынан туындайды. Біз Абайдың әртүрлі жайды айта отырып, оларды негізгі мәселемен сабақтастырмақ болған әрекетінен көз жазып қалмауға тиіспіз. Абай: «махаббат – әуел адамның адамдығы, ғақыл, ғылым деген нәрселер бірлән» [7.136] дейді. Үшеуі де – қайырымдылықтар, тек Аристотель жүйесі бойынша айтар болсақ, алғашқысы этикалық, кейінгі екеуі дианоэтикалық қайырымдылыққа жатады. Адам болудың басы махаббат, яғни жақсылыққа, білмекке ықылас қою. Осы алғашқы махаббаттан басталатын адами әрекет ең биік тұғыры – Ақылға дейін жетіле береді. Тән құмары хайуанда да бар. Ал жан құмары адамға тән. Осы «білсем екен, үйренсем екен» деген жан құмарының алғашқы көрінісі мен нәтижесі – талап пен ұғым. Мұның өзі «әуел адамның адамдығы махаббаттан» шыѓады. Демек Абайдың өз сөзін: «Ықылас бірлән оқып, ұғып алыңыздар, аның үшін махаббатыњ толады» [7.136] деп бастауы тегін емес. Себебі осы ықылас, махаббат болмаса, ғылым, ақылға жетелейтін талап пен ұғым да жоқ. Демек әуелі махаббат керек, одан талап туады, талаптану нәтижесінде ұғым пайда болады. Адамның жан дүниесі ұғымдармен байып, білімі артады, ғылымға жетіледі, ақылы толысады. Бұл - адамзаттың кемелдену, жетілу жолы. Осы адами жетілудің басы, Абай айтқандай, «Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса» [7.136], кемелдену шыңы – Ақыл мен Парасат. Ғылым-білімді өздігінен көксеу де, талап, ұғым да, тіпті «әуел адамның адамдығы – махаббат» та адамда тумысынан болатын тән саулығы мен хауас сәлимге, яғни сезім мүшелеріне тікелей тәуелді. Ѓылым-білімді табатын, Ақылға жеткізетін жан да өзіне баспана болған тәнге біршама «байлаулы». Оныњ үстіне, Ақыл да, жан да - тәнсіз болмыстар. Олар, анығы жан сыртқы әлем мен тән, тәндегі сезім мүшелері арқылы байланысып, адамдағы ең ұлы танымның өзі о баста сезім мүшелерінен бастау тапқан. Абайдың бұл пікірі өзге идеалист философтардан гөрі Аристотель танымына жақын. Ол да, яғни Аристотель алғашқы игілік ретінде тәнді мойындайды. Абай да ұлы ұстазы секілді табанын жерге тіреп, ақиқаттан алшақ кетпей сөйлейді. Ақыл, ғылымға жету әрекеті әуелі тән саулығы мен хауас сәлимнен басталып, әрі қарай өркен жайып кету үшін жақсы ата-ана, жақсы құрбы және жақсы ұстаз көмегі қажет. «Ғылым-білімге махаббаттандырмақ әлгі айтылған үшеуінен болады» [7.136]. «Ғылым-білімді әуелі бастан бала өзі ізденіп таппайтыны» да Абай назарынан тыс қалмаған. Ақын отыз сегізінші сөзін осылайша ғылым өкілі, философ болып бастайды. Ол философия, психология, педагогика ғылымдарының нәтижелерімен жете таныс болғаны байқалады. «Басында зорлықпен яки алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша» [7.136] деп, мәселен, Абай педагогика ғылымына қатысты мәселені сөз етеді. Сөйтіп отыз сегізінші қарасөздің түйіні – толық адам негізі, мәні мен өзегі – имани гүл – үш сүюді дәріптеу. Адамзат әлем мен өзін махаббат, хикметпен жаратқан Алланы, өз қауымын және әділетті сүйіп, тірек етіп, осы үшеуінің жолында жүріп қана өз болмысына сай кәмелетке, яғни бақытқа жете алады. Бақыт Әл-Фараби жазғандай, абсолюттік игілік, ең жоғарғы кәмелетке жету [4.122,125]. Аристотель ең жоғарғы игілікті – жанға қатысты нәрсе деп, ал оның өзін ізгіліктер ретінде танып, осы орайдағы ойын «ізгіліктен жоғары тұрған ештеңе жоқ, бәрі де сол үшін жаралған» [11.255,267] деп түйіндейді. Батыс пен шығыстың екі ғұламасы түйіндеген қағидалы ой Абай шығармаларының өзегіне айналған. Адамзаттың асыл мұраты Абай айтқандай, «өзгелерге қолыңнан келгенінше достық мақамында болмақ» [7.151]. Бақылау сұрақтары: Алланың сегіз сипаты мен есімдері туралы Адамның адамдығын бұзатын қасиеттер
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|