Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Зерттеу әдістері.




Зерттеу мақсатты түрде объектіні белгілі бір көзқарас тұрғысынан зерттеуді қамтамасыз ететін зерттеу тәсілдері мен іс-әрекеттердің жүйесі. Әдіс жалпы және жеке түрлерге бөлінеді. Жалпы әдіс белгілі бір теория мен ортақ методологияға сүйенеді. Мыс.: салыстырмалы-тарихи. Жеке әдіс жекелеген әдіс-тәсілдерді құрайды. Мыс.: компоненттік талдау, трансформациялық анализ, т.б.

Зерттеу жұмысын төмендегі үлгілер бойынша беруге болады:

Баяндама – берілген тақырып бойынша анықталған пікірлер мен тұжырымдарды жүйелеп беруі.

Мақала – нақты зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми зерттеулерге талдау жасап, қорытынды беріледі. Сонан соң зерттеудегі өзінің аталғанмәселеге қатысты көзқарасын ұсынып, оны дәлелдейді. Мақала соңында қорытынды тұжырымдар жасайды.

Реферат – алғашқы түпнұсқаның негізгі мазмұнының қысқа, ықшамдалған түрі. Реферат түпнұсқада көтерілген барлық мәселені қамтуға тиіс. Рефераттың өз құрылымы бар.

1. Реферат жасалатын құжат саласының не бөлімінің аты.

2. Тақырыбы.

3. Түпнұсқаның авторының аты-жөні, шығарған баспа, жылы (журнал болса аты және нөмері).

4. Реферат жазылатын материалдағы басты ойды ықшамдап береді, оған өз пікірін қосуға болмайды.

5. Рефераттың мазмұны түпнұсқада берілген жүйемен, ізбен баяндалады.

Рефераттар ақпараттық немесе реферат-конспект болып және индикативтік немесе реферат-резюме болып бөлінеді. Алғашқысында барлық негізгі шығарылса, екіншісінде негізгі мәліметтерді санамалап қана айтып, бұл бойынша қорытынды дәлелдер келтірілмей-ақ беріледі.

Рефераттың екі түрі де бір түпнұсқа негізінде жасалынған монографиялық, не ортақ бір тақырыпқа біріктірілген бірнеше еңбектің мазмұнынан тұруы да мүмкін.

Бұлардың бәрі СӨЖ-дің сәтті орындалуына көмектеседі деген сенімдеміз.

Студенттің өз бетінше жұмысы оқулықта берілген материалдарды, білім қорын өз зерттеу жұмыстары негізінде жаңаша қорытындылап, кәсіби міндеттерді шығармашылық ьұрғыда шеше алатын дағдыға айналдыруды мақсат етеді.

Студент – белсенді, сыни ойлау қабілетіне ие жеке тұлға. Оның кез келген мәселеге қатысты өз пікірі, өзінің дербес шешімі болуға тиіс. Силлабуста ұсынылып отырған СӨЖ түрлері осы мақсаттарды ескере отырып құрылды.

Ең бірінші, кітапханада катологпен жұмыс істеудің әдісін меңгеру қажет. Студент тақырыптық, алфавиттік каталогтерден өзіңізге қажетті әдебиеттер тізімін жасап, олармен танысу, қажетті ақпаратты жинауды үйренуге тиіс.

1) Оқулық және ғылыми еңбектермен жұмыс. Оқулық және ғылыми еңбектердің мазмұнынан өзіңізге қажетті тақырыпты тауып, онымен танысу шолып оқудан басталады. Мұнан соң зерттей оқу орын алады. Зерттей оқу барысында қажетті тұжырымдар бойынша конспект жасалады.

«Дөңгелек үстел» әдісі ең біріншіден студенттердің өзара пікір алмасу формасы ретінде көрініс табады. «Дөңгелек үстел» барысында оның қатысушылары берілген бір мәселе бойынша баяндама жасап қана қоймай осы мәселе бойынша пікірлерімен алмасып, әрқайсысының позициясын айқындайды.

ЭССЕ (фр. «essay» - попытка, проба, очерк) - очерк, шығарма, белгілі бір тақырыптарға ой толғау. Рефератпен салыстырғанда, эссе автордың өзіндік ойларының жиынтыңғы болып табылады. Бұл философиялық, тарихи-биографиялық, публицистикалық, әдеби-сыни, ғылыми-көпшілік немесе беллетристикалық (көркем шығармалық) сипаттағы жаңа сөз. Барлық аргументтер, идеялар, анықтамалар егер студенттің өзінікі болмаса, сілтеме жасалуы керек. Эсседе пайдаланған дерек көздер, дәйектемелер көрсетілуі керек. Эссе көлемі 3-5 бет. Эссе жанры шығармашылық еркіндікті қажет етеді, ол кез-келген стилде жазылады, бұл оқылған, естілген, көрілген заттар туралы өзіндік ой. Эссенің бірінші планында - автор тұлғасы, оның ойы, сезімі, дүниеге көзқарасы тұрады, бұл шығарманың басты ұстанымы.

Эссені бағалау барысында мына факторларды есте сақтау қажет:

8.Кіріспе мен жұмыстың қорытындысын құрастыра білу;

9.Логикалық тұрғыдан аргументтерді келтіре алу қабілетінің болуы;

10. Кеңінен және тереңірек талдау жасай білу, тұжырымдар мен қорытындыны бағалау және сын тұрғысынан қарай білу қабілеті;

11. Шығармашылық стилде маңызды материалға шолу жасай білу және сұрақтарға нақты әрі дұрыс жауап беру, жүйелілік пен дәлдікті біріктіре алу қабілеті;

12. Қарастырылатын әдебиеттердің кеңдігі мен тереңдігінің қажеттілігі;

13. Түсінікті және нақты бейнелеп жаза алу сауаттылығы;

14. Жұмысты ұқыпты рәсімдеу, оның түйіндемесін, сілтемесін, библиографиясын құра білуге қабілеттілік.

Конспект – басқа формалармен салыстырғанда жазудың ең әмбебап формасы. Конспект жазғанда оқылған мәтінді қайта жазуда дұрыстығын қамтамасыз ету керек. Конспекттің басты сипаты қысқалық әрі нақтылық. конспектіде ой сабақтастығы мен айтылған мәтіннің қисыны сақталуы тиіс. Конспектілеуде мәтін мазмұнының ең мәнді компоненттері, есте сақталуға тиісті тіректер жазылады (мәселен, атаулар, даталар, кейбір терминдер, символдар).

Шартты түрде конспектілерді төрт түрге бөлуге болады:

- жоспарлы

- мәтіндік

- еркін

- тақырыптық

Презентация бұл – пайдаланушының осы затқа ерекше назарын аудартудың бір формасы.

Презентация нысаны белгілі бір ұжымның жеткен жетістігі, затты сипаттау, даму тенденциялары мен жоспарлары. Презентациялар конференция мен семинарларда жүргізілуі мүмкін.
П резентация көмегімен семинар, курс тыңдармандарын оқытуға болады. Мұндай презентация пәнді көрнекі етіп, оны жандандыра түседі.

Колло́квиум: (лат. colloquium - әңгіме, жиналыс, мәжіліс) — ғылыми жиналыстар, оның маңызы баяндамаларды оқып, талқылау. Сонымен қатар колло́квиум – білім беру жүйесінде білімді бағалау мен тексерудің бір формасы, әдетте жоғарғы оқу орындарында. ол семестр ортасында жүргізілетін, өзіндік мини-емтихан, мақсаты емтихан тақырыптарының тізімін азайту. Коллоквиум барысында жобалар, рефераттар және басқа жазба жұмыстары тексерілуі мүмкін. Коллоквиумде алынған баға емтихан бағасына тікелей қатысы болуы мүмкін. Коллоквиума мазмұнына 2 практикалық міндет, 2 нақты теориялық сұрақ кіреді.

Проект уникалды өнім яки қызмет тудыру мақсатымен уақытша айналысатын жұмыс. «Уақытша» деген сөз әр жобаның өз уақыты басталуы мен аяғы болады деген сөз. Уникалдылығы туралы айтқанда өзге осындай тапсырмаларға ұқсамайтындығын айту керек. Жобаға бірнеше студент қатысуы мүмкін. Жоба ретінде тапсырманы құру, журналдың номерін дайындау, ақпараттық жүйесін құру т.б.

Пресс-конференциялар журналисттермен қарым-қатынас жасау формасы, ақпаратты ең бірінші алудың жолы. Пресс-конференцияда әдетте басшылық немесе көтерілген мәселеге құзырлы адамдар қатысады.

П ресс-конференцияны дайындау үшін:

· Пресс-конференция тақырыбы мен қатысушыларды анықтау, жүргізуші тағайындау.

· Өткізілетін орынды таңдау, жолын нұсқау.

· Пресс-конференцияға шақырылған БАҚ анықтау, факстерді тарату, БАҚ e-mail анықтау.

· Слайдтар көрсетілуін демонстрациялау

· пресс-релиз тарату.

· Пресс-релизде келесі мәліметтер қамтылуы керек:

· орны, уақыты өту уақытын көрсету

· круг тех вопросов, которые будут освещены на пресс-конференции, не раскрывая их сути

· контактілік телефон.

Пресс-релизы лучше разослать за 4 - 5 дней до пресс-конференции.

Дискуссия

Дискуссия мақсаты:

Дискуссия қатысушыларының белгілі тақырыптар мен мәселелерге қатысты қызығушылығын оята алу; кереғар пікірлерге жетелейтін оқу мазмұнын әр қырынан қарастыру; мүмкін көзқарастарды анықтау.

Дискуссия барысы:

1. Дискуссияны оқытушының немесе жүргізуші студенттің ашуы:

¨ талқылайтын тақырыптың мақсаты мен міндетін көрсету. Сөз алуға шақыру;

¨ Дискуссияны баяндамаларды тыңдаудан бастауға болады.

¨ Ең болмаса, бір альтернативті сұрақтың болуын қадағалау;

¨ жақтаушы және керіге шығарушы 3-5 аргументов шығарылады.

¨ Қатысушылар сұрақтар қояды, өз пікірін айтады, ұсыныстарын айтады;

¨ соңынан «ия» немесе «жоқ» деген пікірлер саналады.

2. Дискуссияның жағымды жақтары:

¨ Мәселелер әр қырынан талқыланады;

¨ Жүргізуші дискуссияны үйлестіріп отырады, өз пікірін ала алады, алайда пікірталастыруға міндетті емес.

¨ Оқытушы қорытындыны жинақтап түсіндіреді.

Дебаттар

Егер дискуссия соңында топ екіге бөлініп кетсе, онда дебат өткізу жөн. Ол

Бір бірімен айтысуға;

Түрлі пікірлерді айтуға;

Оппоненттерді тыңдауға үйретеді.

Дебат өткізуде қажетті нәрселер:

– Оппонент не айтқанын мұқият тыңдау.

– Әр 15 минут сайын студенттер дебаттарды тоқтатып, сенімді аргументтерді жазып алып отырады.

– түрлі пікірлерді тыңдап, олармен келісу яки керіге шығару.

– Соңында оқытушы аргументтерді қорытындылайды, маңызды сәттер мен қисынды қорытындыларды шығарады.

 

9. Білім алушылардың білімін (пәндік біліктілігінің қалыптасу деңгейін) мониторингілеуге және бақылауға арналған материалдар: § тестілік тапсырмалар, ағымдық, рубеждік және аралық бақылауға арналған тапсырмалар

Аралық бақылауға арналған тапсырмалар:

Апта аралығы

1 Абайдың өмірбаяны, өскен ортасы

2 Абайдың алғашқы өлеңдері

3 Алғашқы өлеңдеріндегі Шығыстық сарындар

4 Абайдың шығармаларының рухани қайнар көздері

5 Алаш зиялылары және Абайтану

6 Абайдың философиялық лирикалары

7 Абай дүниетанымы

8 Абайдың толық адам ілімі

9 Абай шығармаларындағы жәуәнмәрттілік көрінісі

10 Абай шығармаларындағы «Иманигүл» танымы

11 Абай және Әл-Фараби шығармаларындағы үндестік

Апта аралығы

3 Абай және «Құтты білік»

4 Абай және Шығыс мәдениеті

5 Абай және орыс әдебиеті

6 Абай және Батыс әдебиеті

7 Абай шығармаларындағы оқу, білім, ғылым тақырыбы

8 Абай шығармаларындағы еңбек және кәсіп тақырыбы

9 Абай және мораль философиясы

10 Абай шығармаларындағы адам мәселесі

11 Абай шығармаларындағы «жүрек» культі

12 Абайдың ақындық ортасы

13 Абайдың ақын шәкірттері

14 М.Әуезов – абайтанушы

15 Абайдың қарасөздері

16 Абайдың 38-қарасөз

17 Абай шығармаларындағы адам болмысы мен жан сыры туралы

18 Абай және Қожа Ахмет Ясауи

19 Абайдың 17-қарасөзінің мазмұны мен мәні

20 Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңінің мазмұнын талдау

21 Абайдың «Алла деген сөз жеңіл» деген өлеңінің идеясы

22 «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңіндегі поэзия тақырыбы

23 Абай аудармалары

24 Абай және нәзирәшілдік дәстүрі

25 Абай мұрасының жиналуы және таралуы

26 М.Әуезов – абайтанудың негізін салушы

27 Абайдың махаббат лирикасы

28 Абайдың әлеуметтік лирикасы

29 Абай және Пушкин

30 Абай және Лермонтов

31 Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін талдау

32 Шәкәрім – Абай дәстүрін жалғастырушы

33 Абай және «Хауас» мәселесі

34 Абай шығармаларындағы «пенделіктің кәмалаттығы» мен «кәмили инсан» ұғымдарының мәні мен ерекшелігі

35 Абай және Шығыс шайырлары

36 Абайдың табиғат лирикаларының ерекшеліктері

37 «Абай жолы» романының абайтанудағы ролі

38 Абайдың «Ескендір» поэмасы

39 Абай шығармаларындағы «жан құмары» мен «тән құмары» мәселесі

40 Абай шығармаларындағы «бес нәрседен қашық бол...» мәселесі

41 Абай шығармаларындағы «бес нәрсеге асық...» мәселесі

42 «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңдеріндегі асыл қасиеттер

43 Абай шығармаларындағы ұлттық болмыс

44 Абайтану ғылымының қазіргі кезеңі

45 Абай шығармаларындағы «ғақлия» және «нақлия» ұғымдары

46 Абай ұғымындағы «хакім» және «ғалым»

47 Абай және ежелгі грек данышпандары

48 З.Ахметов - Абай өлеңдерінің құрылысын зерттеуші

49 М.Мырзахметұлы және абайтану проблемалары

50 Қ.Мұқаметханов және Абайдың ақындық айналасы

51 Абайтанудың алғашқы кезеңі

 

10. Әдістемелік құралдар (ұсыныстар)

1. Абай шығармашылығы туралы компакт дискілер топтау.

 

11. Оқытушылардың ресми дайындалған оқу және оқу-әдістемелік құралдары (жарияланған жағдайда)

1.М.Мырзахметұлы., Ж.Шойынбет., М.Әліпхан. Абай мұрасының өзекті мәселелері. Оқу құралы, Алматы, 2010 - 142 бет.

2. М.Н.Бекбосынов, М.Әліпхан. Абайтану. Пәннің педагогикалық және гуманитарлық бағыттағы мамандықтарына арналған типтік бағдарламасы

Алматы, 2015 -18 бет.

3.М.Н.Бекбосынов.Тәуекел мен батыр ой. Монография. Семей, 2008 ж.

4.М.Әліпхан. Қазақ әдебиетіндегі адамгершілік ілімі. Алматы, 2014 ж.

12.Тізім: § қажетті жабдықтар (зертханалық, лингафондық, ОҚТ, мудьтимедиялық және т.т.), § программалық қамтамасыздандыру,

көрнекі құралдар.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных