Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Икемділік түсінігі. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі.




Егер бағаның немесе табыстың өсуі күтілсе, онда тұтынушылар тауарды мол сатып алады да күнделікті шығындарды көбейтеді.

Керісінше, баға мен табыстың түсуінің күтілуі тауарға күнделікті сұраныстың азаюына әкеп соғады. Қарастырылып отырған бір фактордың екінші фактордың әсерінің нәтижесінде сұраныс сезімталдығын анықтау үшін икемділік деген түсінік пайдаланылады.

Барлық факторлардың арасындағы ең қызықтысы баға немесе табыстың өзгерісіне сұраныстың сезімталдығы және қиылысушы (жанама) икемділік болып табылады.

Сұраныстың баға бойынша икемділігі баға 1% өзгергендегі сұраныстың қанша пайызға өзгергенін көрсетеді. Мысалы, бағаның 10% өскендегі автомобильдердің сату көлемінің өзгерісін анықтау керек.

Сұраныстың табыс бойынша икемділігі тұтынушылардың табысы 1%-ға өзгергенде, сұраныстың қанша пайызға өзгергендігін көрсетеді. Мысалы, жергілікті халықтың табысы 12 %-ға өскендегі автомобильге сұраныс қалай өзгеретінін анықтау керек.

Икемділіктің өлшем бірлігі болып икемділік коэффициенті табылады. Сұраныстың баға бойынша икемділік коэффициенті былай анықталады:

К(И.Б.) = Q өсуінің пайызы / Р өсуінің пайызы.

Тауардың бағасының өзгерісіне тұтынушылар реакциясы күшті, әлсіз және нейтралды болуы мүмкін. Олардың әрқайсысына сай сұраныстар бар: икемді, икемсіз, бірлік икемді.

- Икемді сұраныс: егер бағаның азғана түсуі кезінде сату көлемінің елеулі өсуі. Икемді сұраныс кезінде, бағаның 1%-ға түсуі сату көлемін 1%-дан көп мөлшерге көбейтсе, икемділік коэффициенті 1-ден көп болады.

-Икемсіз сұраныс: егер бағаның елеулі түсуі кезінде сату көлемі азғана өзгерсе сұраныстың икемсіздік коэффициенті 1-ден кіші болады,

-Сұраныс бірлік икемді: егер баға 1%-ға өзгергенде сату көлемі 1%-ға өзгереді. Бұл кезде икемділік коэффициенті 1-ге тең болады.

Сұраныстың табыс бойынша икемділігінің коэффициенті былай анықталады.

К(И.Б.) = сұраныс шамасының өзгеруінің пайызы / табыс шамасының өзгеруінің пайызы.

Сапалы тауарлар оң икемді болады, себебі табыстың өсуі мен сұраныс бір бағытта қозғалады. Сапасыз тауарëàð теріс икемді болады, себебі табыстың өсуі оларға сұранысты азайтады.

Ұсыныс көлемінің бағаның өсуіне байланысты өзгеруінің дәрежесі ұсыныстың икемділігімен сипатталады. Ол ұсыныстың икемділік коэффициенті көмегімен (К е) өлшенеді.

Ке = Q салыстырмалы өзгерісі (%) / Р салыстырмалы өзгерісі (%).

Егер бағаның өзгерісі ұсынысты өзгертпесе, ұсыныс икемсіз.

Ұсыныс абсолютті икемді, егер тауардың бағасының (Р) азғана төмендеуі ұñынысты (Q) нольге дейін қысқартады және керісінше, баға өсуі ұсынысты арттырады.

Назар аударатын мәселе – базар нарқына (рыночная конъюнктура) қатысты фирмалар ұсыныстың икемділігін үш кезеңге бөліп қарàñòûðады: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді.

Қысқа мерзімді кезеңде фирманың ұсынысты өзгертуге уақыты жîқ. Бұл кезеңде ұсыныстың абсолютті икемсіз екенін білдіреді.

Орта мерзімді кезеңде фирма резервтерін пайдаланады және өндірісті көбейтеді. Ұсыныс икемділігі оң, яғни нольден үлкен болады.

Ұзақ мерзімді кезеңде фирма ескі құралдарын жаңасымен ауыстыру арқылы өндірісті қайта кұра алады. Бұл кезеңде икемділік коэффициент максималды болады.

 

Дебиеттер

1. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Я. Әубәкіров және т. б. Алматы, «Санат», 1998.

2. Экономикалық теория. Оқу құралы. Я. Әубәкіров және т. б. Алматы, Қазақ университеті, 1999.

3. Экономикалық теория. Мырзалиев Б.С. және т. б. Оқу құралы. Алматы, 2006.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных