ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекет етуі.Нарықтық тепе-теңдік. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекетін екі графикті қосу арқылы көруге болады. (сурет 3.) молшылық P3
Р1 М
Р2 тапшылық Сурет 3.
Сұраныс пен ұсыныс қисықтары М нүктесінде қиылысады. Бұл нүкте тепе-теңдік нүкте деп, ал нарықтық тепе-теңдіктен туындайтын баға тепе-теңдік баға деп аталады. Тепе-теңдік баға – бұл баға мен тауардың мөлшерінің өзгерістері теңелген жағдайдағы сатып алу мөлшері мен сату мөлшері үйлесетін баға. Егер, баға тепе-теңдіктен жоғары болса, онда ұсыныс сұраныстан асып кетеді де, нәтижесінде тұтынушыда артықшылық болады, немесе керісінше мұқтаждық туады. Дефицит пен молшылық жағдайлары ұзақ уақыт болуы мүмкін емес. Еркін баға жағдайында бәсекенің әсерінен ол тепе-теңдік дәрежеде белгіленеді. Бәсекелік тепе-теңдік баға тек қана дайын өнімге ғана емес, бастапқы өндіріс факторларына да (еңбек, жер, капитал) қойылады. Олардың әрбіреуінің баға құрылуы оларға тән ерекшеліктерінен туындайды. Сондықтан, оларды бағалары арнайы түсініктердің көмегімен қарастырылады: табиғи ресурстар үшін-арендалық төлем (жер рентасы); еңбек ресурстары үшін (жұмыс күші)-жалақы; капитал үшін баға оның иесіне төленетін жылдық пайыздық ставка формасында бейнеленеді. Тепе-теңдік баға көптеген факторлардың әсерінен өзгеруі мүмкін, олардың ең маңыздысы-салық салу мен бағаны бақылау. Бұл мемлекет араласуымен іске асырылады. Салық салу салдары тұтынушыларға да, өндірушілерге де, теріс әсер етуі мүмкін, себебі салықтың өсуінен баға өседі, яғни тұтынушы сұранысы азаяды, соның нәтижесінде өндіріс қысқарады. Бұл кезде нарықтық тепе-теңдік нүктесі өте жоғары деңгейге жылжиды. Нарықтық баға құруға мемлекеттің араласуы да сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін бұзады. Ол әлеуметтік маңызы бар тауарларға нарықтық тепе-теңдіктен төмен деңгейде баға белгілеуді мәжбүр ету арқылы көрсетіледі. Нәтижесі болып жете тұтынбаудың әсерінен барлық қоғамға теріс әсер ететін тауарлық дефицит табылады. Мәжбүрлікпен қойылған баға нарықтықтан төмен деңгейде неғұрлым төмен орналасқан жаңа нарықтық тепе-теңдік нүктесін береді.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|