ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Капиталдың айналымы және қайтармалы айналымы. Негізгі және айналым капитал.Әрбір экономикалық мектептерде капитал әртүрлі түсіндіріледі. Капитал көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, ол сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда, адамның қабілеті, білімі. Бірқатар экономистер капиталды тек өндіріс құрал-жабдықтары деп қарайды. Мұндай пікір саяси экономияның классиктерінен тараған. А.Смит капиталды жинақталған еңбек деп, ал Д.Рикардо капиталды өндіріс құрал-жабдықтары деп тұжырымдаған. Қазіргі экономистердің еңбектерінде де мұндай анықтамалар кездеседі. Мысалы, П. Самуэльсон мен Нордхаустың "Экономикс" деген еңбегінде, капитал дегеніміз экономикада басқа тауарларды өндіруге арналған, ұзақ мерзімді қолданылатын игіліктер деп түсіндірілген. Бұл игіліктерге сансыз станоктар, жолдар, компьютерлер, жүк машиналары, прокат стандары, өндірістік үйлер т.б. жатады. Кейбір зерттеушілер капитал ұғымын ақшамен байланыстырады. Мысалы, Дж. Робинсон "Қазіргі экономикадағы күрделі қаржы" деген еңбегінде "Капитал қаржыландыру көзі болмай тұрып, ақша сомасы ретінде танылған"-деп жазды. Маркстің саяси экономиясының маңызды категориясы ретінде капитал қоғамның бүкіл өндірістік қатынастар жүйесін қамтитын құбылыс ретінде сипатталады, яғни капитал капиталистер мен жұмысшылардың қосымша құнды өндірумен байланысты қатынасын, әрі оны бөлумен байланысты топтар арасындағы қатынастарды қамтиды. Капиталдың өсуінің көзі капиталистердің ақысыз иемденетін, жалдамалы жұмысшылардың еңбегімен өндірілетін қосымша құн болып табылады. Сырт қарағанда капитал мынадай нақты нысандарда орын алады: өндіріс құрал-жабдықтары өндіргіш капитал нысанында, ақша ақшалай, тауарлар тауарлы капитал нысанында көрінбекші. Солай дей тұра К.Маркс ақша-тауар және құрал-жабдықтар жеке алғанда капитал болады дегенді айтпайды, олар белгілі бір өндірістік қатынастар құрамында ғана капитал болып саналады деп білді. Сонымен, капиталға деген көзқарас әр қилы, алайда олардың бір мәселеде бірлігі де байқалады, табыс әкелетін қабілеті тұрғысынан капитал меншікпен үндеседі. Материалдық өндіріс саласында қызмет ететін капитал өнеркәсіп капиталы деп аталады. Өнеркәсіпке немесе ауыл шарушылығына бөлінген ақша өндірістік обьектіні салуға, машиналар мен жабдықтарды сатып алуға, сол сияқты өнім өндіруге қажетті шикізат пен материалдарға жұмсалады. Өнеркәсіп капиталының өндіріс обьектілерін, станоктарды, жабдықтарды қамтитын бөлігі өндіріс процесінде көп жылдар әрекет етеді. Оны негізгі капитал деп атайды. Шикізат, материалдар, энергетикалық ресурстар өндіріс процесінде бір мезгілде пайдаланылады да, өндірілген өнімге бірден көшеді. Оны айналым капитал деп атайды. Кез келген елдің ұлттық шаруашылығы бір жағынан ерекшеленген, екінші жағынан-жеке ұдайы өндіріс жасайтын өзара байланысты фирмалардың жиынтығы болып табылады. Жеке ұдайы өндіріс-тауар өндіру және табыс алу мақсатына факторлардың өндірістік бірігуінің үздіксіз қайталанатын үдерісі. Материалдық игіліктерді өндірумен байланысты кәсіпорын пайдаланатын қандай да болсын капитал өз қозғалысын ақша түрінде бастайды. Ақша капиталы жұмыс күші мен өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алуға жұмсалады (А-Т). Өндіріс процесінде (Ө) сатып алған факторлар өзара әрекет етеді және жаңа өнім өндіреді. Нарықта осы өнімдерді сатып (Т1 – А1), кәсіпорын алдын ала жұмсаған капиталын қайтарып алады. Капиталдың біртіндеп алғашқы жұмсалуы, өндірісте пайдаланылмай, өндірген өнімдерді сату және капиталдың алғашқы нысанға қайтып оралуы капиталдың ауыспалы айналымы деп аталады. Өнеркәсіп капиталының бүкіл ауыспалы айналымы формуламен сипатталады:
ж к А – Т ... Ө... Т1 - А1 Қ. ж
Капиталдың ауыспалы айналымының бірінші және үшінші сатысы айналыс процесін, ал екіншісі-өндіріс процесін көрсетеді. Өнеркәсіп капиталы айналымының әр сатысында әр қилы нысанда орын алады: ақшалай, өндіргіш және тауарлы. Капиталдың ауыспалы айналымның үздіксіз орын алуы олардың үш нысанының бір-бірімен алмасуының мәнін түсіндіреді. Егер капитал ақшалай нысанда тұрып қалса, өндіріске жол ашылмайды. Ал егер ол өндіргіш нысанда тұрып қалса, бір жағынан өндіріс құрал-жабдықтарының, екінші жағынан жұмыс күшінің қызмет атқармай тұрғандығын көрсетеді. Капитал егер соңғы фазада кедергіге ұшыраса, жинақталған тауарлар айналыс саласына өту жолын жапқаны болып табылады. Капиталдың ауыспалы айналымы тұрақты түрде бірінен соң бірі жаңарады және қайталанады. Бұл дүркін-дүркін келіп отыратын процесс. Үш сатының әрқайсысы белгілі функцияны атқарады: - біріншісінде, өндіріс жағдайлары қалыптасады; - екіншісінде, тауар және қызмет өндірісі жүзеге асады; - үшіншісінде, тауар және қызметтер сатылады және пайда алынады. Үздіксіз жаңарып отыратын үдеріс болып қарастырылатын айналым қайтармалы айналым деп аталады. Айналым мен қайтармалы айналым арасында айырмашылық бар: бір айналым уақытында фирмаға алғашқы авансыланған капиталдың тек бір бөлігі қайтарылады. Бір қайтармалы айналым уақытында фирмаға барлық бастапқы авансыланған құн қайтарылады. Негізгі және айналым капиталдан (қорлардан) басқа өндіріс сферасында қызмет ететін фирмалардың сату процесіне арналған айналыс қорлары бар. Экономикада тек өнеркәсіп капиталы ғана емес, айналыс саласында тауарларды сату мақсатын көздейтін сауда капиталы да орын алады. Саудамен шұғылданатын кәсіпкер капиталын тек тауар сатып алуға ғана емес, тауарды сатып өткізумен байланысты қызмет көрсетуге де жұмсайды. Тауарды сатып өткізумен байланысты шығындар айналыс шығындары деп аталады. Олар екі түрге бөлінеді: таза және қосымша айналыс шығындары. Олар екі түрге бөлінеді: таза және қосымша айналыс шығындары. Таза шығындар тікелей айналыспен байланысты орын алатын шығындар, мұнда жарнама шығындары үлкен үлес алады. Қосымша айналыс шығындары - өндіріс үдерісін жалғастырумен байланысты шығындар. Бұл тасымалдау, сақтау, буып-түюмен байланысты шығындар. Капиталдың тағы бір нысаны қарыз капиталы. Бұл белгілі бір мерзімге пайыз үстемесін өсіру шартымен берілетін ақша капиталы.. Қарыз капиталының көзі уақытша пайдаланылмаған бос ақша қаражаты, соңғысы болса кәсіпорындар мен фирмалардың уақытша бос қаржылары мен халықтың ақшалай қаражатынан тұрады. Несие арқылы осылардың барлығы қарыз капиталына айналады. Қазіргі экономикада несиенің бірнеше түрі бар: коммерциялық, банкілік, мемлекеттік, мемлекетаралық. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|