Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жалақының мәні және нысандары.




Өндіріс факторын анықтайтынның бірі – еңбек. Еңбек жүргізуші, яғни адамның жұмыс күші адамдық фактор болып саналады. Елдегі халықтың еңбекке қатысу мүмкіндігінің бір бөлігі еңбек ресурстарын құрайды.

Еңбек адамның мақсатқа сай қызметі, еңбектің көмегімен адам өз қажетін өтеу үшін табиғатты өзгертеді, өзіне лайықтап икемдейді. Адамның тіршілік етуінің негізгі шарттарының бірі де еңбек.

Басқа өндіріс факторларына қарағанда еңбектің негізгі ерекшелігі бар. Ең бастысы, еңбек адамнан, жұмыс күшінен бөлінбейді, сондықтан әлеуметтік экономистердің зерттеуін әр түрлі жолмен жақындатады. Батыс экономикалық әдебиетінде, еңбек тауар ретінде саналады. Маркстік теорияда еңбек тауар емес, адамның еңбекке қабілеті, оның жұмыс күші тауар ретінде иррационалды ұғым еңбек нарығын құрайды.

Осыдан маңызды қорытынды шығады: еңбек тауар емес, ол – жұмыс күші тауар, онда еңбек ақы формасында барлық өнім еңбегіне емес, тек бір бөлігіне ғана төленеді, жұмыс күшінің ұдайы өндірісіне керекті құн үлесі ғана. Еңбек өнімінің басқа бөлігін капиталист иеленеді.

Еңбек нарығы – бұл еңбек мөлшері және институттары, ұдайы өндірісті қамтушы жұмысшы күші және еңбекті пайдалануды көрінетін экономикалық механизмдер жүйесі. Барлық нарықтағы сияқты, еңбек нарығында да еңбекке ұсыныс және еңбектің анықталған түріне сұраныс құрылады.

Еңбек нарығы кез-келген жағдай-шартта қызмет етеді. Қарапайым шарты жетілген бәсеке. Оның нарықтық сипаттамасы:

- кәсіпорындар саны көп болуы, керекті жалдама жұмысшыны жалдау үшін өзара бәсекелеседі;

- жоғары дәрежелі мамандандырылған қажетті жалданушылардың көптігі;

- еңбек нарығына бірде-бір жұмысшының немесе кәсіпорынның күшті ықпалы жоқ.

Еңбекке жинақталған сұраныс жетілген бәсеке нарығында жеке фирмалардың еңбегіне сұранысты жинақтау жолымен анықталады. Ал фирма қанша жұмысшы санын жолдау керектігі сұрағын шешеді, еңбекке сұраныс бағасын, яғни еңбек ақысын анықтайды.

Еңбекке жинақталған ұсыныс халық санымен анықталады, ондағы халықтың еңбекке жарамды бөлігі, орта сағат санымен, бір жылдық істеген жұмысы, жұмысшының еңбек сапасы жақтарын қамтиды.

Еңбек ұсынысы сұраныс сияқты, жалақы мөлшеріне байланысты, бірақ байланысы басқаша. Ұсыныс қисығы еңбекақы өскенде, еңбек ұсынысы көбейгенін көрсетеді. Ал жалақы түссе, еңбек ұсынысы да түседі.

Еңбек ұсынысы екі құбылыспен сипатталады: «Орнын басу әсері», «табыс әсері». Бұл жеке жұмысшының жалақысын көтергенде байқалады. Еңбекақының өсуі белгілі мезетте, еңбекке ұсынысты көбейтеді, бірақ жоғары деңгейге жеткен кезде, одан ары қарай еңбек ақы өсуімен қысқарады. Жалақы көтерілуі еңбек ұсынысын өсіруге де, кемуге де әкеледі.

Себебі: жұмысқа жалданатын адам еңбек пен бос уақыт арасын таңдайды. Жұмыс табыс табуға мүмкіндік береді, бірақ бос уақыттан айрылады. Жалақы көтерілген кезде, жоғары төлейтін жұмыс күшін, бос уақытты құрбандыққа шалып жұмысқа ден қояды. Нәтижесінде еңбек ұсынысы өседі. Мұнда «орын басу әсері» көрінеді. Болашақта жалақының өсуі «табыс әсеріне» жеткізеді, демек жоғары табыс еңбекті емес, бос уақытты ынталандырады, осы жағдайды ең арзан тауар ретінде қаралады. Сондықтан табыс өсуімен еңбек ұсынысы қысқарады. Ұсыныс пен сұраныстың қиылысқан жері, жалақының теңестірген деңгейін көрсетеді. Еңбекке сұраныс еңбек ұсынысына тең.

Еңбек басқа өндіріс факторлары сияқты жалақы деп аталатын табыс әкеледі. Жалақы еңбекке марапаттау ретінде көрінеді.

Маркстік концепциясы біріншіден, еңбек болашақ құнның қайнар көзі, сол себепті оның құны жоқ, тауар емес деп дәлелдейді. Бұл мынаған негізделген, сатылатын еңбек емес, жұмысшының еңбекке деген қабілеттілігі, яғни жұмысшы мен оның жанұясының өмір сүру құралының құнын анықтайтын жұмыс күші көрінеді.

Екіншіден, жалақы ретінде еңбектің барлық өнімі емес, тек қажеттісі, яғни жұмыс күшінің құнының орнын толтыратыны төленеді. Үшіншіден, тауар құнында басқа факторлардың да үлесі көрінеді.

Қорытынды: Жалақы- бұл жұмыс күшінің баға және құн формасында көрініс беруі.

Неоклассиктер теориясы негізінде басқаша, біріншіден, олар жалақыны еңбекке баға ретінде қарастырады, екіншіден, оларды жалақының мәні емес, сұраныс арақатынасы арқылы дәстүрлі түрде анықтайтын оның деңгейі қызықтырады.

Еңбек сұраныс пен ұсыныс теңескен жерде жалақының тепе-теңдік деңгейі орнатылады.

Еңбекке сұраныстың өсуі жалақыны көтереді. Еңбекке сұраныстың төмендеуі жалақыны төмендетеді.

Еңбекке сұраныс шектік өніммен, яғни жұмыспен қамтылу бір жұмысшыға өскендегі өнімнің өсуімен анықталады: егер шектік өнім басқа өндіріс факторларын қолданғанға дейін қарағанда еңбекті қолдануда жоғары болса, онда еңбекке сұраныс көтеріледі және керісінше.

Еңбек ұсынысына әсер ететіндер:

1. Еңбекке қабілетті халықтың елдегі саны;

2. Жұмыс күнінің ұзақтығы;

3. Халықтың мамандық деңгейі және кәсіпшілік дайындығы.

Жалақы номиналды және нақты бөліп бөлінеді.

Номиналды жалақы деп жұмысшыға өзінің еңбегі үшін төленетін ақша сомасы аталады.

Нақты жалақы дегеніміз алынған ақша сомасына өмірлік игіліктер мен қызметтерді иемдену мөлшерімен өлшенеді. Ол номиналды жалақымен тікелей байланыста және тауар мен қызметтерге баға деңгейіне кері байланыста тұр.

Жалақы екі формада болады: мерзімді және кесімді.

Мерзімді жалақы жұмыс ұзақтығымен анықталады. Оның өлшемі еңбекті сағатына төлем болып табылады.

Кесімді төлемде жалақы өндірілген өнім көлеміне байланысты болады. Оның мөлшері бір бұйым бағасын бұйым санына көбейту арқылы анықталады. Кесімді жалақы еңбек өнімділігі мен қарқындылығын арттыруды мүдделендіреді, жұмысшылар арасындағы жалақы мөлшерінің жекелей айырмашылығының маңыздылығын күшейтіп, жұмысшылар арасындағы бәсекені ұлғайтады.

Өнеркәсібі дамыған елдерде жалақының негізгі нысандарымен бірге жұмысшының еңбек өнімділігі мен қарқындылығын ынталандыру мен жетілдіруге, олардың творчестволық қабілетін дамытуға бағытталған еңбекақы төлеудің басқа да жүйелері қолданылады. Осы жүйелерге кесімді прогрессивті, кесімді көтерме, көп факторлы, т.б. жатады. Жалақының мөлшері жұмысшының еңбек өнімділігіне, өнім сапасына, шикізатты үнемдеу, жабдықтарды пайдалану коэффициенті т.б. көрсеткіштеріне тәуелді. Жалақы өндіріс жағдайы мен нарықтық конъюнктураға да тәуелді. Жалақы дәрежесіндегі айырмашылық ең алдымен өндіріс мөлшерінде анықталады. Экономикасы дамыған елдердегі жоғары жалақы өндіріс пен еңбек өнімділігі саласындағы жетістіктерге байланысты, өйткені алдын-ала өндірілгенін ғана бөлуге болады. Жалақының мөлшері мен динамикасына ықпал ететін маңызды факторларға табиғи ресурстар, қолдағы капитал, жұмыс күштерінің саны мен сапасы, техника мен технология дәрежесі, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру жатады. Осы факторлардың өзара байланысты әрекет етуі еңбек өнімділігін сипаттайды. Өндірісі мен еңбек өнімділігі жоғары елдерге жалақының дәрежесі де жоғары. Жалақы мөлшері еңбектің сапасына, мамандық және кәсіптік дайындыққа тәуелді. Мысалы, жоғары жалақыны дамыған елдерде, әдетте, дәрігерлер, оқытушылар, юристер алады. Бұл жалақы оларды оқыту, дайындау үшін жинақталған байлықтан алынады, көп еңбек сіңіріледі, ал жалақы осы шығындардың орнын толтыруы қажет.

Кейбір жұмыс түрлері адам үшін тартымсыз болуы мүмкін, алайда жалақы қоғамға пайдалы осындай тартымсыз (лас, ауыр) жұмысқа ынталандырады.

Нарықтық экономикада жалақыға кәсіподақтар үлкен әсер етеді. Олардың жалақыға әсер етуінің төрт тәсілі бар.

1. Заң шығару көмегі арқылы жұмыс уақытын шектеу,кәсіподақ мүшелері емес жұмысшыларды жұмысқа алуды тыю, жұмыс көлемін және еңбек интенсивтігін шектеу арқылы жететін, жұмыс күшіне ұсынысын шектеу.

2. Кәсіпкерлерді ұжымдық келісімді жалақы ставкасын көтеру мәселесімен келісіліп отырғанда қысым жасау.

3. Еңбекке сұраныс және сонымен бірге жалақыны өсіруге әкелетін өндіріс түрлерінің өзіне көмектесу.

4. Өндірістің монополияландыруымен күрес. Монополияға қарсы шығу жалақының төмендеу тенденциясын шектеп тұрады.

Жалақы өндіріс шығындарының бір бөлігі, сондықтан ақшалай жалақының ставкасының өзгеруі кәсіпорынның өндіріс шығындары мен пайдасының мөлшеріне ықпал етеді. Жалақы ставкасындағы номиналды жалақының өсуі бағаның инфляциялық өсуіне және нақты жалақының төмендеуіне әкеліп соғады. Жалақыны өсірудің материалдық негізі өндірістік дамыту, еңбек өнімділігі мен ұлттық табысты арттыру.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных