Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жер өндіріс факторы ретінде. Жер рентасының түрлері.




 

Жер және оның қойнауы өндірістің үш факторының бірі бола отырып, рента деп аталатын табыс әкеледі. Жер маңыздылығы табиғи ерекшеленеді: еркін ұдайы өндірілетін басқа екі факторға қарағанда жер ұсынысы шектелген, оның саны берілген, тұрақты және көбейтуге келмейтін ерекшелік болып табылады. Сондықтан, жер ұсынысы икемсіз.

Жер ұсынысының шектеулігі және икемсіздігі ауыл шаруашылығында баға құру ерекшелігін ескереді. Бұл негізгі жағдай барлық экономикалық мектептерде танылады.

Жер рентасының Маркстік тұжырымдамасы қоғамдағы барлық табыстың қайнар көзі қосымша өнім болып табылады дегеннен шығады. Сондықтан, жер рентасы пайда және процент сияқты қосымша құнның өзгертілген формасы болып табылады. Құрылу ерекшеліктеріне сәйкес жер рентасының екі түрін- абсолюттік және дифференциалдық көрсету классикалық саяси экономияға тән жетістік. К.Маркс ілімі оның жүйелі дамуын өз дәуіріне сәйкес көрсете білді.

Дифференциалдық рента құнарлығы өте жақсы және орташа учаскеде алынған өнімнің бағасы мен нашар өндіріс жағдайымен анықталатын жалпы өндіріс бағасының арасындағы айырмашылық ретінде жақсы және орташа жер учаскесінде пайда болады.

Мәселенің мәні неліктен ауыл шаруашылық өнімнің қоғамдық бағасы орташа және өте жақсы жағдайымен емес, нашарлау жағдаймен анықталады.

Себебі, жер шектелген және орташа мен жақсы жерлерден түскен өнім қоғамдық қажеттіліктерді толық қанағаттандыра алмайды. Егер сұраныс ұсыныстан асып кетсе, онда нарықтық баға нашар учаскедегі тауар бағасы деңгейіне дейін көтеріледі.

Қорытынды: Дифференциалдық рента бұл өндірістегі қоғамдық және жеке бағалар арасындағы айырмашылық.Ол жағдайы нашар учаскеде пайда болмайды.

Абсолюттік рента К.Маркс ілімі бойынша бұл жерге жеке меншік негізінде барлығында бар,жер учаскелері жағдайымен ерекшеленбейтін рента.Ол ауыл шаруашылық өнімнің құны және оның өндіріс бағасы арасындағы айырмашылықпен көрінеді: біріншісі соңғысынан жоғары.Маркстің айтуы бойынша,ауыл шаруашылық өнімі құнының төмендеуіне жерге жеке меншіктің туындайтын экономикалық шектеулер кедергі етеді.Осыдан қортынды: жерді мемлекет мүлкіне айналдыру керек.

Егер жердің иесі жерді жалға берсе, онда жалға алушы оған жылдық рента төлейді,оның ішінде жер рентасы плюс жердегі бар құрылыстарды қолданғаны үшін төлем бар.Жалға алушы шаруашылыққа салған капиталдан орташа пайда алады.Қосымша құн мен орта пайда айырмасы абсолюттік жер рентасын құрайды.Жер рентасының Маркстік концепциясы осындай.

Неоклассикалық бағыт басқа тәсілді қолданады,олардың ұсыныстары шектік шығын концепциясынан шығады.Мәселе түсінікті болу үшін жер иесінің өзі шаруашылықты жүргізеді,яғни фермер болып табылады деп болжайық.

П.Самуэльсон жер рентасының мөлшері «соңғы әдіспен» анықталады,яғни жасалған өнімнің жалпы мөлшерінен жалақының жалпы мөлшерін алып тастағанға тең деп қорытынды жасайды.Жеке меншік бойынша рента жердің иесіне (фермерге) тиеді.

Енді,егер жер фермерге жатпайды, оны ол тек жалға алады деп ұйғарып, рентаның мөлшерін анықтайық.

Неоклассиктер мынандай принциптен шығады.Әрбір фактордың бағасы – жалақы,процент немесе рента болса,сұраныс пен ұсыныс теңесетін деңгейде қалыптасуы керек. 1 - суретті қарастырайық.

 

рента

S

 

E

R1 D

0

жер саны Q1

 

Сурет 1.

 

Жер ұсынысының икемсіз екені белгілі.Сондықтан жер ұсынысы қисығы, SQ1 , тік сызықты көрсетеді.D – жерге сұраныс қисығы, E нүктесі – жер учаскесінің сұранысы мен ұсынысын теңестіретін жер рентасының деңгейі.

Егер арендалық төлем (рента) деңгейі өссе (Е нүктесінен жоғары), онда жерге ұсыныс сұраныстарын асып кетеді,жер иелеріне жерді жалға беруді қиындық туады,сондықтан жалға алушылардың төлейтін арендалық төлемдерін төмендетеді.

Егер арендалық ставканың деңгейі төмендесе (Е нүктесінен төмен),онда жерге сұраныс ұсыныстан асып кетеді.Бұл жағдайда жердің меншік иелері жалдамалық төлемді (рентаны) жоғарылатады.

Яғни,тек Е нүктесінде жерге сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі байқалады.

Рыноктық экономикада жер сатып алу- сату нысаны болып табылады және бағасы бар.Жер иесі оны,егер банкке салғанда жылдық рентаға тең жылдық процент әкелетін сомаға (бағаға) сатуға ұмтылады.

Сондықтан жердің бағасы екі өлшемге байланысты:

1. жердің меншік иесі болғанда алатын жер рентасының көлемі;

2. қарыз процентінің ставкасы.

Бұл байланысты формуламен көрсетуге болады.

Рента көлемі

Жердің бағасы = қарыз процентінің мөлшері х 100%

Қорытынды: Егер рента көлемі көбейсе, жердің бағасы өседі,егер процент нормасы жоғарыласа,төмендейді.

Әдебиеттер

 

1. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Я. Әубәкіров және т. б. Алматы, «Санат», 1998.

2. Экономикалық теория. Оқу құралы. Я. Әубәкіров және т. б. Алматы, Қазақ университеті, 1999.

3. Экономикалық теория. Мырзалиев Б.С. және т. б. Оқу құралы. Алматы, 2006.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Экономикалық ресурстардың бағасының қалыптасу механизмі қандай?

2.Жалақының нысандары қандай?

3.Жер рентасының түрлерін көрсетіңіз.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных