Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жиынтық ұсыныс және оған әсер ететін факторлар. Жалпыэкономикалық тепе-теңдік.




Жиынтық ұсыныс – бұл әртүрлі баға деңгейінде ұсынуға мүмкін тауар мен қызметтің жалпы саны.

Жиынтық ұсыныс баға деңгейіне тәуелді. Өте жоғары баға өндіріс тауарын және оған ұсынысты ынталандырады. Ал. өте төмен баға керісінше, өндірісті және тауарға ұсынысты қысқартады. Жиынтық ұсыныс қисығы АS экономикада бағаның әртүрлі дәрежесінде нарыққа өндірушілермен жиынтық өнімнің қандай көлемі ұсынысынын көрсетеді.

2- сурет

 

Жиынтық ұсыныс графигі (сурет 2) шартты түрде үш бөлімнен тұрады:

І – көлденең сызық, өндірістің өзгермейтін баға деңгейінде өсу;

ІІ – жоғары көтерілуші, ұлттық өнім деңгейі өсуі және бағаның аз ғана жоғарылауы;

ІІІ – тік сызық, экономиканың өндірісте ең жоғары нүктеге жетуі.

 

Жиынтық ұсыныста тек қана бағалық факторлар ғана емес, сонымен бірге бағалық емес факторлар да ықпал етеді. Егер бағалық факторлар (АS) жиынтық ұсыныс қисығының қозғалысын көрсетсе, онда бағалық емес факторлар қисықты оңға ылжытады (А1S1), шығынды азайтқанда және солға (А2S2) – олар көбейгенде.

3 сурет.

Жиынтық ұсыныстың бағалық емес факторларының ерекшеліктері олардың бәрі өндіріс шығындарын анықтайды, сондықтан бағалық емес факторлардың өзгеруі бірлік өнімге кететін шығындарды өзгертеді. Мысалы, мұнайға және мұнай өнімдеріне бағаның өсуі өндіріс шығындарын көбейтіп, экономикада әрбір баға дәрежесінде жиынтық ұсынысты азайтады.

Бағалық емес факторлар:

1) Ресурс бағасы (жерге, еңбекке, капиталға). Олардың көбеюі өндіріс шығынын көбейтеді, сондықтан жиынтық ұсынысты азайтады. Қисықты солға жылжытады. Баға төмендеуі, кері әсер етеді.

2) Еңбек өнімділігінің өсуі өндіріс көлемін көбейтеді, сондықтан жиынтық ұсыныс та көбейеді – AS қисығы оңға жылжиды.

3) Құқықтық реттеу (салық, субсидия), егер салық өссе, шығын көбейеді, жиынтық ұсыныс қысқарады, қисық солға жылжиды, және керісінше.

Егер жиынтық сұраныс жиынтық ұсынысқа тең болса, тауар нарығында тепе-теңдік орнайды. Бірақ нақты өмірде ол бұзылады.

Ауытқу варианттарын қарастырамыз:

1. Жиынтық сұраныс жиынтық ұсыныстан көп делік: AD>AS

Тепе-теңдікке шығу үшін екі вариант болуы мүмкін:

- Өндіріс көлемін өзгертпей бағаны көтеру;

- Шығарылатын өнімді кеңейту.

Егер фирмалар екінші жолды таңдаса, онда шығарылатын өнім көбейеді, не өндіріс жиынтық шығыны өсуіне әкеледі. Сондықтан, жаңа нүктеде теңестіру өндіріс көлеміне үлкен мағынада сәйкестенеді. Қорытынды: ұлтық табыс өседі.

2.Жиынтық сұраныс жиынтық ұсыныстан төмен болса: AD<AS

Мұнда да екі варианты болуы мүмкін:

- Өндірісті қысқарту;

- Өндіруді өзгеріссіз қалдыру, бірақ бағаны азайту жолы.

Кәсіпкердің бірінші қимылы: өндіріс көлемін қысқартып, тауарды тиімді бағамен қоймадан сатып көрсін. Егер мақсатқа мұнымен жетпесе, онда дереу бағаны азайту керек. Бұл жұмысшыларды босату басталмағанға дейін жүріп отырады.

Қорытынды: Ұлттық табыс төмендейді.

3. Егерт жиынтық ұсыныс өссе – (AS) онда фирма тауарын көп ұсынады, тұтынушы арзан бағасымен алады. Нәтижесінде баға деңгейі түседі, ал сату көлемі немесе тауарларды шығару өседі, онда жаңа тепе-теңдік нүктеде тауар көп шығару мен баға деңгейі төмендеуі сәйкестенеді.

Қортытынды: Ұлттық табысқа әсері белгісіз, өнім көлемі мен баға әр түрлі бағытта болады.

4. Егер жиынтық сұраныс (AD) төмендесе, онда өнім шығару және баға түседі. Баға деңгейі азаюы қарқындап жұмысшыларды босатуға дейін алып келеді.

Қорытынды: Ұлттық табыс төмендеуіне алып келеді.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных