ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Экономикалық өсу және оның факторлары.Барлық елдің алдында тұрған ортақ мәселе – экономикалық өсу, онда ұлттық экономика дамуы, халықтың өмір сүру деңгейі, ресурстардың шектелуі мәселелері шешіледі. Кейбір экономистер (Макконнелл, Брю) экономикалық өсуді екі жолмен есептеледі деп санайды: 1) Жалпы ұлттық өнімді өсуін есептеу (немесе таза ұлттық өнім). 2) Осы көрсеткіштердің халықтың жан басына шаққанда өсуі. Ал кейбір экономистер экономикалық өсуді: өнім мен өндірістік факторлардың тек сандық қана емес, сапалық өсуі деп көрсетті. Экономикалық өсудің үш түрі бар: экстенсивті, интенсивті, аралас (нақты). Экстенсивті өсу дегеніміз - қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімнің көбеюі. Мысалы, 50 жылдары КСРО-да бидай дәнінің өнімінің көбеюі Қазақстанда және Сібірде тың және тыңайған жерлерді игерумен байланысты іске асырылады. Интенсивті өсу дегеніміз – техника және технологияны толық жетілдіру арқылы ұлттық өнімнің көбеюі. Нақты өмірде өсудің не ана түрі, не бұл түрі болуы мүмкін емес. Олар аралас түрінде келеді. Аралас нақты өсу - өндіріс қуатының өсуі нәтижесінде өндіріс факторларының пайдаланылу санының өсуі және техника мен технологияның жетілуі. Экономикалық өсуді есептеу – проценттік жылдық өсу қарқынмен есептеледі.
ЖҰӨ өсу қарқыны = ЖҰӨ1/ЖҰӨ0 × 100 %
ЖҰӨ1 – есепті жылғы ұлттық өнім. ЖҰӨ0 – базисті жылғы ұлттық өнім.
Қайсысы тиімді қарқындар тиімділіктер варианттары: жоғарғы қарқын, нольдік қарқын, теріс қарқын, қолайлы қарқын. Жоғарғы қарқын – бір қарағанда тиімді сияқты. Бірақ, біріншіден, өнімнің сапалылығы ескерілуі қажет: егер, жоғарғы қарқынды өндірілетін жарылғыш телевизорлар - әрине жаман. Екіншіден, өнімнің өсу құрылымы қажет: әскери өнімнің өсуі салыстырмалы салмағынан көп болуы және тұтыну заттарының аз болуы өмір сүру деңгейінен төмендейді, - бұл да жаман. Өз кезегінде, нольдік қарқын экономикалық өсуде негативті сипатқа ие бола бермейді. Тек, егер олар материалдық сыйымдылығы төмендесе, осымен өндіріс факторларын шығындарын үнемдеуге алып келеді, бұл жаман емес. Милитаризация шығынына, егер объективті себептері жоқ болса, онда нольдік өсу пайдалы. Теріс қарқын – ұлттық экономикалық дағдарысты куәландырады. Бұл 60-90 жж. Одақты бейнелейді. Қазақстан экономикалық дағдарысы әр түрлі себептер жиынтығымен түсіндіріледі: рационалды емес экономика құрылымының үлкен үлес салмағы өндіріс құралы және әскери өнім, төмен қор қайтарымдылығы, бұрынғы КСРО республикааралық шаруашылық байланысының бүлінуі, нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі қиыншылықтар. Қолайлы қарқын жоғары да, төмен де болмайды, олар макроэкономикалық теңдікті қамту керек. Экономикалық өсу көптеген факторлармен анықталады:соның ішінде маңызды болып ұсыныс, сұраныс, бөлу факторлары. Ұсыныс факторларына мыналар жатады: - Табиғи ресурстың саны мен сапасы (жер, пайдалы қазбалар, климат т.б): қаншалықты табиғи жағдайы жақсы болса, соншалықты елде экономикалық өсуге мүмкіндік бар. - Халықтың еңбекке жарамдылығының саны мен сапасы. - Негізгі капиталдың болуы. - Өндіріс өніміне қолданылатын технология деңгейі. Сұраныс факторына жатады: - Қоғамның тұтас сұранысын өндірілген өнімге көтерілуі және сонымен бірге оның өсуін ынталандыру. - Еңбекақы қаншалықты жоғары болса, соншалықты сұраныс жоғары. - Мемлекеттің фискальды саясаты - қаншалықты салық жоғары болса, соншалықты еңбек ақы төмен, сондықтан экономикалық өсу және сұраныс төмен. - Халықтың қор жинау бейімділігі де нақты сұранысты төмендетеді, демек экономикалық өсу де төмендейді. Өнімнің өсуіне (экономикалық өсу) ресурстарды бөлу өте жақсы ұйымдастырылған түрде болу керек. Экономикалық өсуге ықпал ететін сұраныс және ұсыныс факторлары өзара байланысты екендігін айта кету қажет. Мысалы, жұмыссыздық әдетте капиталдың қорлану қарқынын, сондай-ақ зерттеулерге кететін шығындар өнімін бәсеңдетеді және керісінше, жаңалықтарды енгізу мен капитал салымдарының төменгі қарқыны жұмыссыздықтың басты себебі болуы мүмкін. Барлық осы факторлардың өзара әрекетін өндірістік мүмкіндіктер қисығын береді. Бұл қисық аталған технологиялық потенциал негізінде негізгі капитал мен табиғи, еңбек ресурстарының аталған саны мен сапасы жағдайында өндіріле алатын әртүрлі өнім варианттарының максимальды санын көрсетеді. Экономикалық өсудің көрсеткіштік өлшемдері ЖҰӨ және ЖІӨ болып табылады. Халықаралық деңгейде салыстыру үшін ЖҰӨ мен ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көрсеткіштері пайдаланылады. Қазақстан - 2030 стратегиясында көрсетілгендей, еліміздің гүлденуін қамтамасыз етуде ұзақ мерзімдегі басымдықтардың арасында жоғары деңгейдегі шетел инвестициялары мен ішкі жиналған ақшасы бар ашық экономикаға негізделген экономикалық өсу ерекше маңызды болып табылады. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында ел басшысы еліміздің «Қазақстан - 2030» Стратегиясын орындай отырып, алғашқы онжылдықта жеткен жетістіктерімізге шолу жасап, оның келесі онжылдығында орындалатын бағдарламаға тоқталды: «2000 жылмен салыстырғанда 2008 жылы-ақ жоспарланғанынан екі жыл бұрын, біз республика ЖІӨ-сінің көлемін екі еселедік және мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін тиімді орындадық. Орташа айлық жалақы 5 есеге, ал зейнетақының мөлшері 3 есеге өсті. Өмір сүрудің ең төменгі деңгейінен аз табысы бар халықтың үлесі 4 есеге (50%-дан 12%-ға дейін) азайды. 2009 жылы экономиканың артуы 1,1%-ды, өнеркәсіпте 1,7%-ды құрады. Біз оң өсу қарқыны бар елдердің «серіппелі тобына» жаттық. Ұлттық қордың жалпы халықаралық резервтері мен активтері бүгіннің өзінде 50 миллиард доллардан асып түсіп, соңғы он жылда 25 еседен астамға өсті. Жұмыссыздық деңгейі 6,3-ды құрады, ал бұл дағдарысқа дейінгі уақыттағыдан төмен. Тиімді іске асырылған Жұмыспен қамту стратегиясының арқасында елде 400 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды.» Әдебиеттер: 1. Я.Әубәкіров және т.б.Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы, Қазақ университеті, 1999. 2. Мырзалиев Б.С және т.б. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы, 2006. 3. Шеденов У.К, Сағындыков Е.Н, Байжомартов У.С. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Алматы- Ақтөбе. 2002.
Бақылау сұрақтары; 1. Жалпы экономикалық тепе-теңдіктің қажеттілігі неде? 2. Жиынтық сұраныс түсінігі неде? 3. Жиынтық ұсыныстың маңызы неде? 4. Экономикалық өсудің маңыздылығы неде?
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|