ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Жұмыссыздық мәні мен нысандары. Оукен заңыЕңбек нарығының дисбалансы хроникалық сипатты белгілейді. Сондықтан жұмысбастылық мәселелері барлық экономикалық мектептерде қарастырылады. 1. Ағылшын Мальтус халық өсу заңдарын ұсынды, бұл бойынша өндіріске тән азық-түлік өнімі арифметикалық прогрессиямен (1,2,3,4,5,...) өссе, халықтың өсуі – геометрикалық (2,4,8,16,32) заңдылықпен белгіленеді. Осыған байланысты мальтузиандықтар жұмыссыздықтың негізгі себептерін бұрмалады және халық санын реттеудің «табиғи» әдістерін ақтады: соғыс, эпидемия, апат, т.б. 2. Классикалық саяси экономия, еңбек нарығында өзін-өзі реттеуші жүйе деп санады. Шарасыз жұмыссыздыққа орын жоқ, егер жұмысшы төменгі жалақыға жұмыс істегісі келмесе өз еркін білдіреді және жоғары төлемді жұмыс тапқанша өз еркімен жұмыс істемейді деп көрсетті. 3. Марксистік теорияда капитализмге тән жұмыссыздық ішкі құбылыс деп қаралады. Капитал құрылымы «табиғи» байланыстан өседі және өндірістен жеке факторды ығыстырады, еңбектің резервтік армиясын немесе жұмыссыздықты құрайды. Осы концепцияға сәйкес жұмыссыздық ағымдық, тоқыраған және жасырын формада жүзеге асады. Маркстік экономикалық теория қорытындысы капитализмге тән қоғамдық құрылымдардағы шешілмес қайшылық көздерін көрсетеді. 4. Қазіргі кездегі жұмысбастылық теориясының негізін салушы Дж. Кейнсті санаймыз. Теориялық көзқарасы: - еркін бәсеке нарығы өздігінше реттелмейді. - нарықтық тепе-теңдігі толық жұмысбастылығына кепілдік бермейді. 5. Қазіргі кезде классикалық ойды қолданушылардың саны өсуде (неоклассикалық бағыт), «жұмыссыздықтың табиғи деңгейі» болу керек, ал одан шығу еш мүмкін емес деп санайды. Жұмысбастылық –макроэкономиканың маңызды сипаты. Экономикалық жағдай қолайлы саналады, егер ол толық жұмысбастылықпен сипатталатын болса. Жұмысбастылық ұғымымен еңбекке жарамды халықтың (есейген санының) жұмыспен қамтылғаны түсіндіріледі. Ал, есейген еңбекке жарамды халықтың жұмысы жоқ, бірақ іздеп жүрген бөлігі жұмыссыздықты құрайды. Жұмыс күшін немесе экономикадағы жалпы еңбек ресурстарының жұмыс істейтіндердің тұтас санымен қатынасы жұмыссыздық коэффициентін құрайды. Кейбір кезде барлық жұмысқа қабілетті халық бос болмауы табиғи құбылыс. Оған объективті себептер бар: біріншіден, адамдардың бір орыннан екінші орынға көшіп отыруы, бір қызмет орнынан екіншіге ауысуы, тиімді жұмыс іздеуі және оны күтуі және т.б. осы себептен жұмысы жоқ адамдар фрикциондық жұмыссыздықты құрайды. Фрикциондық жұмыссыздық – бұл жұмыс күшінің объективті қажетті қозғалысымен байланысты жұмыссыздық. Бұл жұмыссыздық тұлғалар үшін олардың сәйкес біліктілік және индивидуалдық талабына жұмыс іздеудің белгілі бір уақытын қажет етеді. Кейбір адамдар өздерін күрделі және жоғары төленетін жұмыстарды орындауға қабілеттілігін сезінеді және сондай жұмыс орындарын іздейді. Ал кейбіреулері жұмыс орындарындағы талаптарға сәйкес келмейді, ақысы төмен жұмыс іздеуге мәжбүр болады. Еркін нарықтық қоғамда әртүрлі себептер бойынша өзіне ыңғайлы жұмыс іздейтін әрқашан да адамдардың белгілі бір саны болады. Бұл процестер еңбек ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруды және олардың тиімді бөлінуін қамтамасыз етеді. Екіншіден, өндірістегі технологиялық өзгерістер жұмысшы күшінің сұранысына құрылымдық өзгерісін көрсетеді. Жаңа құрылымды жұмыс орнында жұмыс күші құрылымы сәйкес келмейді, осыдан өндірістегі жұмыскерлердің бір бөлігін жұмыстан ығыстырады, бұл құрылымдық жұмыссыздықты құрайды. Құрылымдық жұмыссыздық – бұл жұмыс күші құрылымының жұмыс орны құрылымына сәйкес емес жұмыссыздықты айтады. Фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық түрлері экономикада сөзсіз кездесетін жағдай. Сондықтан да олар жұмыссыздықтың табиғи деңгейін құрайды. Егер циклдық жұмыссыздық жоқ болса жұмысбастылық толық болады. Толық жұмысбастылық - халықты экономикадағы фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздықтан шығармайды, бар болуын қамтиды. Жұмыссыздықтың айқындалған бір түрі нарықтық шаруашылықтағы ауытқу сипатына байланысты жұмыссыздық – циклдық жұмыссыздық. Циклдық жұмыссыздық – деп экономикалық тоқырау, дағдарыста көрінетін жұмыссыздық түрін айтады. Сонымен, жұмыссыздық – еңбекке қабілетті адамдардың жұмыс істемеуі. Еңбекке қабілетті адамдар (жұмыс күші) – жұмыс істейтін және істемейтін жұмысшылардың жалпы саны. Жұмыс күші = жұмыс істейтіндер саны + жұмыссыздар. Жұмыс күшіне жатпайтындар: 16 жасқа дейінгілер, арнаулы мекемедегілер, жұмыс күші құрамынан шыққандар. Жұмыссыздықты сандық сипаттау үшін оның деңгейінің көрсеткіші қолданылады: жұмыссыздықтың деңгейі = жұмыссыздар саны – жұмыс күшінің саны х 100%. Оукен заңы. Экономикалық белсенділік пен жұмыссыздық арасындағы сандық өзара байланысты белгілеген Оукен заңы. Бұл заңға сәйкес жұмыссыздықтың нақты деңгейінің табиғи деңгейден 1% -ке өсу ЖҰӨ көлемін 2,5%-ке азайтады. Осы 2,5 Оукен коэффициенті деп аталады. Бұл 1:2,5 қатынасы жұмыссыздықтың ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне қатынасы болып табылады және жұмыссыздықпен байланысты өнімнің абсолюттік зиянын анықтауға көмектеседі. Мысалы, құлдырау жылдарында жұмыссыздық деңгейі – 9,5 % немесе 6% табиғи деңгейден 3,5% - ке жоғары. Осы 3,5% х 2,5 оукен коэффициентіне көбейтіп ЖҰӨ-нің артта қалу көлемі 8,75% құрағанын көреміз. Басқаша айтқанда, толық жұмысбастылық жағдайында жұмыссыздық деңгейі болатын болса, ЖҰӨ 8,75% көп болған болар еді. Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік салдары: 1. Қоғамда бар болатын потенциалды мүмкіндіктер көлемімен салыстырғандағы ЖҰӨ көлемі артта қалып отырады. 2. Халықтың әр түрлі әлеуметтік топтарында жұмыссыздық шығыны тепе-тең бөлінбейді. 3. Жоғары дәрежелі маман жұмысшылар жоғалады. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу 3 бағытта жүзеге асады: 1. Бос халықты еңбекпен қамту және көмек көрсету, еңбек биржалары арқылы қайта дайындау. 2. Икемді еңбек нарығын білімге ынталандыру, әр түрлі әлеуметтік топтарын толық есептеу (әйелдер, зейнеткерлер, жастар). Еңбек қатынастарын құқықпен қамту. 3. Жұмыссыздықтан зардап шеккен адамдарды әлеуметтік қорғау.
Әдебиеттер: 1. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Я. Әубәкіров және т.б. Алматы, «Санат», 1998 ж. 2. Экономикалық теория. Оқу құралы. Я. Әубәкіров және т.б. Алматы, Қазақ университеті, 1999 ж. 3. Экономикалық теория. Оқу құралы. Мырзалиев Б.С. және т.б. Алматы, 2006 ж. 4. Осипова Т.М. Экономикалық теория негіздері. Оқу құралы. Алматы, 2002ж.
Бақылау сұрақтары: 1. Экономикалық үлгі түсінігі неде? 2. Инфляцияның мәні неде? 3. Жұмыссыздық проблемасының мәні неде? 4. Филлипс қисығы нені көрсетеді? 5. Оукен заңының мәні неде?
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|