Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Нарықтық экономикадағы мемлекеттің рөлі.




Кез келген әлеуметтік ұйымның түбірлі мәселесі адамдардың басым көпшілігінің экономикалық қызметін үйлестіру арқылы адамға қажетті материалдық игіліктерді өндіру, тұрмыстық қызмет түрлерін көрсету. Әлеуметтік ұйымның субъектісі - мемлекет, ал объектісі – халық. Осыдан туындайтын сұрақ: ұлттың гүлденуін қамтамасыз етуде мемлекеттің рөлі қандай болмақ?

Классикалық үлгі. Мұндай үлгіні тұңғыш рет А.Смит «Халықтар байлығының табиғаты мен себептерін зерттеу» деген әйгілі кітабында (1776 ж.) ұсынған болатын. А.Смит пікірінше, жеке тауар өндірушілер нарығы мемлекеттің бақылауынан түгелдей босауы керек. Міне осы жағдайда тұтынушылар нарықтан өзіне не қажет, соны сатып алады. А.Смит сөзімен дәлірек айтқанда нарықты өздігінен реттейтін «көрінбейтін қол» ешбір сыртқы ықпалсыз, мемлекеттің қатысуынсыз өндірушілерді бүкіл қоғам мүддесіне қызмет етуге жұмылдырады.

Классикалық үлгі, мемлекеттің экономикадағы рөлін анықтай келе, экономикалық міндеттердің басым көпшілігі нарықтық механизм талабына сай шешілуі тиіс деп көрсетті. Мемлекет қосымша рөл атқарады. Мемлекеттің атқаратын қызметі, оның рөлі нарық жағдайында істейтін жеке фирмалар үшін қосымша, жанама. Сонымен, классикалық мектептің экономистері жеке кәсіпкерлік қызметті жақтай отырып, мемлекеттің нарықтық механизмге араласуына қарсы күресті. Алайда, адамзаттың көп жылғы даму тарихы көрсеткендей, жеке мүдде тұтас алғанда қоғамдық мүдделерге әрдайым сай келе бермейді. Мысалы, жекелеген коммерциялық фирмалар мен бірқатар сатып алушылар нарықта жоғары сұраныс туғызатын наркотиктер, арақ-шарап, темекі, қару-жарақ т.б. ерекше тауарлар мен қызмет түрлеріне тез көңіл аударады. Сөз жоқ, мемлекет мұндай жағдайда нарықты қадағалап, реттеу жұмысына араласуы керек. Сонымен қатар өндірістік емес салалар бойынша, атап айтқанда ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін реттеуге де мемлекет араласуы керек. Бұлардан басқа да нарықтық механизм әрекеттерінен туындайтын қоғамға жағымсыз сыртқы эффектілерді азайтуда да мемлекеттің рөлі зор.

Ұлы тоқырау тәжірибесі көрсеткендей, егер сұраныс тиісті дәрежеде болмаса, ең төменгі процент ставкасының өзі де қажетті дәрежедегі инвестицияны ынталандыра алмайды, олай болса сұраныс та ұлғаймайды. Стагнация процесі жалғаса береді. Бұған қарсы қолданатын шара – мемлекеттің араласуы. Экономикалық стагнация жағдайында мемлекет белсенді түрде бюджет, қаржы-несие, әлеуметтік саясатты жүргізу керек. Мемлекет қоғамның өндіруші топтарын қолдап, олардың ауыр индустрияны, әскери өнеркәсіпті, темір жол құрылысын және басқа да капиталды көп қажет ететін салаларды жандандыру жұмыстары үшін қаражат бөліп, көмектеседі. Халық пен меншікті қорғау жүйесін жетілдіру саяси-құқылық және әлеуметтік жәрдем мәселелерінде батыс мемлекеттерінің тәжірибесі белгілі дәрежеде тартымды болып отыр.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных