Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Мемлекеттік реттеудің формалары мен жолдары.




Тікелей мемлекеттік басқару – жекелеген салаларды, объектілерді толықтай немесе жартылай басқаруды, экономика мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін салаларды мемлекет тарапынан қолдауды талап етеді. Оған әскери-қорғаныс, энергетикалық (әсіресе атом энергетикасы), ұлттық маңызы бар мәдени-тарихи объектілер, демалыс, емдеу-сауықтыру орындары, қазбалы кен байлықтары, су ресурстары т.б. мемлекеттік маңызы бар объектілер жатады. Бұл объектілер, әдетте, мемлекеттік немесе муниципалдық меншікте болады.

Салықтық реттеу – салық салу, оның түрлерін, ставкаларын белгілеу, салық жеңілдіктерін беру немесе босату.

Ақша-несие қатынастары арқылы реттеу – салық жүйесін қоса алғанда мемлекеттің фискалдық саясаты деп аталады және осы саясат арқылы ақша айналымына әсер етеді. Мемлекет орталық ұлттық банк арқылы ақша эмиссиясы мен жалпы ақша көлемін реттейді, банктің қарыз процентінің ставкасын белгілейді, заемдар береді, облигациялар мен бағалы қағаздар шығарады. Осындай реттеу жолдарымен ақша айналымы мен жинағын өзгертіп, жалпы экономикалық процестерге ықпал етеді.

Бюджеттік реттеу – мемлекеттік органдар мемлекеттік бюджетті әр түрлі бағыттар бойынша жұмсайды, реттейді.

Мемлекет бағдарламасы мен мемлекеттік тапсырыс арқылы реттеу. Бұл жағдайда мемлекеттік органдар бюджет қаражатының бір бөлігін әлеуметтік, ғылыми бағдарламаға бөледі, фирмалар мен кәсіпорындарда белгілі бір өнім түрлерін өндіруге, әскери өнімдер мен қоғамдық транспортқа тапсырыстар береді. Аталған бағыттар мемлекетке қажет өндіріс салаларын белгіленген бағдарлама бойынша дамытады.

Баға арқылы реттеу. Нарықтық экономика жағдайында мемлекет бағаны шектеп, оны өндіріс шығындарынан артық қоюға тыйым салады. Сатушылар шығындарының орнын мемлекеттік бюджет есебінен толтырып отырады. Мұндай тәжірибе дамыған елдердің баршасына тән.

Сыртқы экономикалық қызметті реттеу. Сыртқы экономика, сыртқы экономикалық байланыстар мемлекет тарапынан реттеуді талап етеді. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі оның ішкі шаруашылық қызметін жалғастырады, алайда оның өзіндік ерекшеліктері де бар.

Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметке араласуының негізгі мақсаты елдің экономикалық және саяси мүддесін қорғау. Мемлекеттік реттеу сыртқы сауданы, капиталдың халықаралық қозғалысын, валюта-несие қатынасын, ғылыми-техникалық жетістіктер мен жұмыс күшінің халықаралық қозғалысын қадағалайды.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных