Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Мемлекеттің фискалдық және монетарлық саясаты.




Мемлекеттік шығындар мен салықтармен байланысты реттеу жүйесі – фискалдықсаясат деп аталады. Мемлекеттік шығындар – мемлекетті қаржыландыруға кететін шығындар, сондай-ақ тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу жатады. Бұл сатып алулар әртүрлі болуы мүмкін: бюджет есебінен жолдар, мектептер, медициналық құрылымдар құрылысы, ауыл шаруашылық, қорғаныс техникаларын сатып алу және т/б. Бұл жағдайда тұтынушы – мемлекет болады. Сондықтан да бұлар не өз тұтынуы үшін, не өндіріс факторлары, қызметтер мен игіліктер нарығында сұранысты реттеу үшін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік шығындар бюджет шығысында көрсетіледі, сондықтан олар тиімді және сандық, сапалық экономикалық өсуді қамтамасыз етуі тиіс. Мемлекетпен жүргізілетін фискалдық саясат мына мақсаттарға жауап беруі тиіс:

· экономикалық циклдың ауытқуын бәсеңдетуге;

· экономикалық өсу қарқынын арттыруға;

· жұмысбастылықтың жоғары деңгейіне қол жеткізуге;

· инфляцияның қолайлы қарқынына қол жеткізуге.

Фискалдық саясат дискрециондық және автоматты болып бөлінеді. Дискрециондық фискалдық саясат тауарлар мен қызметтерді сатып алу, мемлекеттік трансферттер және салықтар арқылы жүргізіледі. Олардың мөлшерінің өзгеруі олардың жинақтық шығындардың өзгеруіне алып келеді. Дискрециондық фискалдық саясаттың құралдары ол мемлекеттік шығындар және салықтар. Бұл саясаттың мақсаты өндірісті ұлғайту, жұмыссыздықты қысқарту, инфляцияны төмендету, экономиканы тұрақтандыру. Дискрециондық емес саясат ол пассивтік саясат, мұнда мемлекеттік шығындар мен салықтардың дәрежесіндегі өзгерістер автоматты түрде ендіріледі (автоматты тұрақтандырғыштар).

Автоматты тұрақтандырғыштар – бұл үкімет тарапынан қандай да бір арнайы шешімдер қабылдаудың қажетінсіз іс-әрекет жасайтын нормалар. Тұрақтандырғыштарға салық жүйесі, ең алдымен прогрессивті салықтар жатады. Жандану кезінде жалпы ұлттық өнімнің өсуімен салықтық түсімдер автоматты түрде өседі, бұл экономикалық өсуді тежейді, керісінше жалпы ұлттық өнімнің құлдырау кезеңінде салықтық түсімдер автоматты түрде қысқарады және бұл экономикалық құлдырауды бәсеңдетеді. Трансферттік төлемдер қарама-қарсы жағдайда көрінеді. Жұмыссыздық бойынша жәрдем ақы, кедейлік бойынша жәрдем ақы, фермерлерге субсидия – бұлардың барлығы экономикалық өрлеу кезеңінде қысқарады және өндірістің құлдырау кезеңінде өседі. Нәтижесінде экономикалық өсу кезеңінде трансферттік төлемдер арқылы тұтыну шығындары жоғары өсіп, сұранысты ынталандырады. Тұрақтандырғыштардың негізгі әрекеті – бұл экономикалық ауытқулардың кең етек алуымен тереңдеуін шектеу. Инфляция мен жұмысбастылық өндіріс дамуының қарқындарындағы елеулі өзгерістер үшін дискрециондық фискалдық шаралар, яғни үкіметпен саналы түрде қабылданатын салықтар, үкімет шығындарын өзгертумен болатын шаралар талап етіледі. Мұндай шаралардың қатарына салық ставкалары, салық құрылымын және шығындар шамасын өзгерту шаралары жатады. Фискалдық саясат шараларын Кейнс негіздеген. Мемлекеттік шығындар мен салықтар саясаты – экономиканы мемлекеттік реттеудің және оны тұрақтандырудың маңызды құралы. Ол жиынтық шығындардың деңгейіне тікелей ықпал етеді, демек ЖҰӨ көлемі, тұрғындардың жұмысбастылығына, сондай-ақ сұранысты реттеуге ықпал етеді. Демек мемлекеттік шығындар тұтыну шығындары мен инвестициялар сияқты жиынтық сұранысқа ықпал етеді. Бұдан шығатын қорытынды: бюджеттің кіріс және шығыс бөлігі мемлекет тарапынан ресурстарды реттеу мен тікелей ықпал ету үрдісіне жатқызылады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных