ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Табыстар теңсіздігі.Әлеуметтік қорғау жүйесі.Үкімет бағдарламасы бойынша берілетін және «жұмыспен тапқан табыстар» құрылуының жалпы принциптеріне қарамастан табыстар теңсіздігін тудыратын жағдайлар сақталады. Демек, халықтың әр түрлі топтарының өмір сүру деңгейлері де түрліше болады.Табыстарды бөлудегі теңсіздікті өлшеуге бола ма? Экономикалық теорияда Лоренцтің сынық сызығы(1сурет) халықтың әр түрлі тобының коғамдағы жиынтық табысты бөлудегі теңсіздіктің көрсеткіші ретінде қолданылып жүр.Көлбеу сызықта проценттік топтар, тік сызықта осы топтардың алатын проценттік табыстар жатыр.Егер табысты бөлуде абсолюттік теңдік сақталса,халықтың 20 проценті қоғамның жиынтық табысының 20 процентін, халықтың 40% тиісінше табыстың 40, халықтың 80%-і табыстың 80%- тік және т.б. алар еді.Демек,ОЕсызығы табыс бөлудегі абсолюттік теңдікті көрсетеді. Абсолюттік теңсіздік халықтың 20%,40%,60%-і және т.б ешқандай табыс алмайтындығын,тек бір ғана OF сызығындағы барлық 100% табысты алатындығын білдіреді.OFE сынық сызығы –абсолюттік теңсіздік сызығы. Күнделікті нақты табыстың бөлінуі-OABCDE сызығымен көрсетілген. Бұл сызық көп ауытқыса немесе Лоренцтің қисығы OE сызығымен ұлғайса,онда табыс бөлудегі теңсіздіктің көбейгені.Табысты бөлудегі теңсіздік нарықтық экономика қалыптасқан елдерде де, біздің елімізде де бар.Еңбекақы төлеуде теңгермешілікті жоюдың маңызы зор.Еліміздің тұтыну нарығының бірыңғайлылығын қамтамасыз ету керек,яғни қорлардың бұл бөлігін тұтынушылар барлық еңбекшілер емес,тек осыны тұтынуға тиістілер. Мысалы, дәрігерлік көмекті жұрттың барлығы емес,тек ауыратын адамдар ғана сұрайды,мектеп жасындағы балалары барларға ғана керек.Басқаша айтқанда, қоғамдық тұтыну қорлары еңбекке байланысты емес, табыстар айырмашылығын жұмсартуға тиіс.Сонымен қатар, олар еңбек қабілетін қалыптастыру,жоғары білім алу мен мәдениетті қолдау,денсаулықты сақтау, зейнеткерлерді қамсыздандыру сияқты маңызды қажеттіліктерді қанағаттандырулары тиіс.Бірақ бөлудің бір түрі бүкіл қоғам және оның жеке мүшелерінің мүддесін қамтығандықтан,денсаулық,білім,тұрғын үй.және т.б саладағы саясат мемлекеттің назарында болуға тиіс. Елдің экономикалық даму деңгейі тұтынудың көлемі мен дәрежесін анықтайды.Әлеуметтік қорғау жүйесі тек халықтың табыссыз топтары мен өндіріске қатыспағандарды(оқушылар,зейнеткерлер,мүгедектер) ғана қамтымайды, ол сонымен қатар қоғамдық өндіріске қатысушыларды да,ең алдымен жалданып істейтіндерді де қорғайды.Мұны еңбекті заңдастырудан (жұмыс аптасының ұзақтығы,демалысты мерзімі, еңбекті қорғау және т.б) және оған ақы төлеуден (жалақының төменгі ставкасын тағайындау) жұмысшыларды жұмысқа алу мен босату жөніндегі ережелерден көреміз. Кедейшілік сияқты өткір әлеуметтік проблемаларды шешу-мемлекет жұмысының басты бір бағыты.Бұл әл-ауқатты өмірді қамтамасыз ете алмағанымен экономикалық тұтқалар арқылы ең төменгі тіршілік денгейін жасап,тұрмысы нашар адамдардың санын азайтуға көмектеседі.Кедейленген топты азайту-нарықтық экономикаға көшкен мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі міндеті.Тұтынудың әр түрлі деңгейінің еңбек пен жұмысшы күші факторларымен байланыстылығымен атап өту керек.Ондай факторлар: отбасының көлемі,ондағы жұмыс істейтіндер мен масылдардың арақатынасы, денсаулық жайы,географиялық, табиғат жағдайлары және т.б.Мемлекеттің ұлттық табысты қайта бөлу қызметінің негізгі мақсаты-осы айырмашылықтарды азайтып, қоғамның барлық мүшелерінің өмір сүруіне қолайлы материалдық негіз жасау. Мұндай мақсатты жүзеге асырудың түрлеріне қызмет пен өнімдерді трансферттік төлемдер арқылы бөлу немесе табысты тұрақтандырудың мемлекеттік бағдарламасы жатады. Біздің елімізде қоғамдық тұтыну қорлары экономикалық категория ретінде бүкіл қоғам мен еңбек ұжымдарының,оның мүшелерінің арасындағы өмір сүру қорының бөлінуі жөніндегі қатынасты білдіреді.Олар белгілі дәрежеде бұрынғы немесе қазіргі еңбекті есепке ала отырып бөлінеді. Қоғамдық тұтыну қорларының бір белгілі мемлекеттік бюджет арқылы құралып, орталықтан бөлінеді.Оның басқа белгілі кәсіпорындардың, кооперативтердің пайдасынан және қоғамдық ұйымдардың есебінен жиналады.(Бұрынғы мемлекеттік социализм елдерінде ҚТҚ 70%- іне дейінгі мемлекеттік бюджетпен, тек 25-30%-іне ғана кәсіпорындар пайдасынан құралатын). Мемлекеттік көмек бағдарламасы бойынша қоғамның жаңа мүшелерін тәрбиелеу, қарттарды және еңбекке жарамсыздарды қолдау,білім алу, денсаулық сақтау қажеттіліктері өтеледі. Қоғамдық тұтыну қорларын бөлу үш бағытта жүреді. Бірінші бағыт халыққа берілетін төлемдер.Олардың көлемі еңбекшілердің бұрынғы және қазіргі жалақысына байланысты.Бұлар алдымен әлеуметтік қамсыздандыруға, ауырған кездегі төлемдерге, ақылы демалысқа, мүгедектігі мен қартайғандығына байланысты зейнетақы, жұмыссыздыққа байланысты көмек және т.б. қатысты.Стипендияға да осы тұрғыдан қараған жөн.Өйткені стипендия ынталандыру сипатында болғандықтан жұмсалған еңбекпен өлшенеді. Қоғамдық тұтыну қорды бөлудегі екінші бағыт-адамның еңбегіне байланысты түрлі төлемдер.Мұндай төлемдерге көп балалы ата-аналарға, жалғыз басты аналарға, арнайы емдеуге берілетін көмектер, мемлекеттің мектепке дейінгі балалар мекемелерін, мектеп-интернатты қаржыландыруға жұмсайтын дотациялар жатады.Жетім балалар,белгілі жағдайда көп балалы, табысы аз отбасылардың балалары да толық мемлекеттік қамқорлықта болады. Қоғамдық тұтыну қорлардан берілетін төлемдердің үшінші бағытының ерекшелігі-жеңілдіктер халыққа өндірістік емес сала мекемелер арқылы натуралды-заттай түрінде беріледі.ҚТҚ-ның бұл бөлігі қосымша табыстар, олар отбасы бюджетіне түспейді,оны өз қалауынша пайдалануға болмайды. Мұндай табыстар жеке дара еңбектің мөлшерімен бөлінбей, қоғамның нақтылы тарихи жағдайымен және мүддесімен анықталады.Қоғамдық қорлардың бұл бөлігін тұтынушылар барлық еңбекшілер емес,тек осыны тұтынуға тиіс қоғам мүшелері және сол қажеттіліктің шеңберінде ғана болады. Сонымен, нарық шаруашылығындағы мемлекеттің әлеуметтік саясаты өте нәзік құрал болуы тиіс,бір жағынан, ол әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға және әлеуметтік шиеленісті жұмсартуға көмектессе, екінші жағынан кәсіпкерлік пен жоғары тиімді еңбекті ынталандыруға салқынын тигізбеуі қажет.
3.Халықты әлеуметтік қорғау саясаты. Әлеуметтік қорғау жүйесі өзара байланысқан элементтер жиынтығын, нарыққа өтудің өтпелі кезең қиыншылықтарын жеңілдетуге,сонымен қатар барлық халық топтарының іскерлік белсенділігін ынталандыруға бағытталған Ең алдымен әлеуметтік қорғау жүйесі қоғамның ең қорғансыз бөлігі-қарттар, мүгедектер,көп балалы отбасылар, жетімдер, ауруларды қорғауды көздеді. Бұл зейнетақыны индексациялау,жәрдемақыны,әртүрлі талондарды таратып беру, түскі астар беру, тағы басқадай көмек түрлері жолымен жүзеге асырылады.Аталған қоғамдық топтарды қолдау үшін мейірбандық қорлар мен ұйымдардың, мемлекеттік және коммерциялық кәсіпорындардың, жеке азаматтардың көмегі маңызды рөл атқарады. Екіншіден, мемлекеттік сектордан босаған жұмысшыларды қабылдай алатын ұсақ және орта кәсіпорындардың дамуына мемлекет қажетті шараларды жасауға мүдделі және міндетті. Үшіншіден, мемлекет, одан кейін кәсіпкерлік құрылымдар, мамандықты жоғарылату, мамандықты ауыстыру немесе жұмыстан босатудың өндірістік немесе экономикалық себептеріне байланысты белгілі мөлшерде материалдық ресурстар шығындарын көтеру қажет. Төртіншіден, мемлекет жалпы адамдық мораль қалыптарына, салт-дәстүрге, мәдениетке және т.б.қайшы келмейтін заңдар жүйесін жасап, олар кезегінде әр азаматқа тіршілік түрін таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет. Нарықтық экономикаға өтпелі кезең әр адам, әр отбасы үшін қиын сынақ. Біреулер бұл кезеңнен жеңіл өтеді, біреулеріне қиындау, ал кейбіреулер үшін бұл апатпен тең.Бұл нарықтық экономиканы қалыптастыру кезеңі. Осы кезеңнің қиындықтарын күн ілгері көре білу, халықты әлеуметтік жағынан қолдау мен қорғау шараларын тереңінен ойластыру өркениетті мемлекеттің төл ісі.
Дебиеттер
1. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Я. Әубәкіров және т. б. Алматы, «Санат», 1998. 2. Экономикалық теория. Оқу құралы. Я. Әубәкіров және т. б. Алматы, Қазақ университеті, 1999. 3. Экономикалық теория. Мырзалиев Б.С. және т. б. Оқу құралы. Алматы, 2006.
Бақылау сұрақтары. 1.Мемлекеттің әлеуметтік саясатының қажеттілігі неде? 2.Табыстардың қандай түрлері бар? 3.Теңсіздік мәселесі дегеніміз не? 4.Қоғамдық тұтыну қорлары дегеніміз не? 5. Мемлекеттің халықты әлеуметтік қорғау саясатының негізгі бағыттары қандай?
Халықаралық экономикалық қатынастар. Сыртқы экономикалық Ызметті реттеу. Сабақтың мақсаты: студенттерді дүние жүзілік шаруашылықтың қалыптасуы мен әлемдік проблемалардың экономикалық жақтарымен таныстыру. Дәріс жоспары: 1. Халықаралық еңбек бөлінісі – дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуының негізі ретінде. 2. Әлемдік мәселелердің экономикалық жақтары.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|