ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Мемлекеттің әлеуметтік және аймақтық саясаты
Сабақтың мақсаты: студенттерді мемлекеттің әлеуметтік саясатының мазмұнымен, қажеттілігімен, табыстардың түрлері мен теңсіздік мәселесімен, Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау саяасатының негізгі бағыттарымен таныстыру.
Дәріс жоспары:
1.Мемлекеттің әлеуметтік саясаты: қажеттілігі,мәні және мақсаттары. 2.Табыстардың құрылымы.Қоғамдағы табыстарды бөлу, теңсіздік мәселесі. 3.Халықты әлеуметтік қорғау саясаты. 1.Мемлекеттің әлеуметтік саясаты: қажеттілігі, мәні және мақсаттары. Табысты нарықтық бөлудің бір ғана әділетті жолы бар, ол өндіріс факторлары иелерінің табыстары сұраныс пен ұсыныс заңының шекті пайдалылық негізінде анықталады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, мысалы, жоғары маманданған еңбек иелерінің егер оған сұранысы болмаса, табыстары төмен болуы әбден мүмкін. Ал астық бағасының динамикасын дәл болжап көрсете білген брокердің табысының жоғары болуы да әділетті. Нарықтық механизм әл-ауқаттың дәрежесіне кепілдеме бере алмайды.Дегенмен, XX ғасырда Батыстың өнеркәсібі дамыған елдерінде мемлекеттен адамдар үшін әл-ауқат стандартын талап ететін тұжырымдамалар мен доктриналар кеңінен тарай бастады. Әсіресе теория мен тәжірибеде «берекелі мемлекет» деген ұғым, яғни ауқымды әлеуметтік шараларды, ең алдымен, әлеуметтік қамсыздандыру шараларын жүзеге асыратын мемлекет деген ұғым қалыптасты.Нарықтық экономикасы қалыптасқан елдерде табысты бөлу тек нарықтық күштердің еркін ойынының нәтижесінде ғана емес, түрлі табыстар ағындарын мемлекеттік реттеу, қайта бөлу негізінде бөлінетінін байқадық. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты - оның қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын реттеу жөніндегі қызметінің бір бағыты. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәні қоғамдағы әлеуметтік қатынастарды қолдау немесе қоғамдағы әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастарды реттеу, қоғам мүшелерінің тұрмыс дәрежесін, әл-ауқатын көтерудің жағдайларын қамтамасыз ету, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандырудың әлеуметтік кепілдіктерін жасау. Мемлекеттің қоғамдық өндірісті реттеу мақсатында жүргізетін шаралардың құрамды бөлігі ретінде мемлекеттің әлеуметтік саясаты елдегі бүкіл экономикалық ахуалмен тығыз байланысты болады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|