ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Мемлекеттің монетарлық саясаты.Орталық банк банкнот (эмиссия) саласында ғана монопольдық жағдайда болып қана қоймай, сонымен қатар мемлекеттің монетарлық саясатын жүргізу барысында да маңызды рөль атқарады. Бұл саясат қысқа мерзімге айналған және жанама тәсілдер арқылы жүргізіледі. Монетарлық саясатты жүзеге асыра отырып, орталық банк экономикалық өсуге қолайлы жағдай жасау үшін алдына нақты мақсат қояды: экономикалық өсудің қарқынын реттеу, тауар, капитал және жұмысшы нарықтарындағы циклдық ауытқуларды жұмсарту, инфляцияны тежеу, төлем балансында сәйкестікке жету. Орталық банктың несие – ақша саясатының басты құралдары: 1. Ашық нарықтағы операциялар; 2. Дисконттық саясат (есеп ставкасының өзгеруі); 3. Міндетті резерв нормаларын өзгерту. 1. Орталық банктің несие – ақша саясатының басты бағыты - ашық нарықтағы операциялар. Мұның мәні мемлекет облигацияларын сатып алу мен сату. Мемлекет облигацияларын инвестициондық брокер диллерге сатып, ал олар оны коммерциялық банктерге, корпорациялар мен қаржы мекемелеріне қайта сатуды ұйымдастырып, орталық банк банктік резервті азайтуға, сол арқылы депозиттерді едәуір қысқартуға қол жеткізеді. Ашық нарықтағы операцияларды батыс елдерінің орталық банктері, әсіресе мемлекеттік облигация сыйымдылығы үлкен нарығы жүргізеді (АҚШ, Ұлыбритания, Канада). 2. Есеп – процент, дисконтты саясаттың мәні процент ставкасы көлемін реттеуден көрінеді. Ол коммерциялық банктер және орталық банктер мен резервтерді қамтиды. Әдеттегі тәжірибеде коммерциялық банктер орталық банктен аманат міндеттемелер немесе коммерциялық вексельдер есебінен несие алатын еді. Орталық банктер несие ставкасын көтерсе, коммерциялық банктер олардан алатын қаржылар көлемін азайтуға мәжбүр болады. Ал мұның өзі резервтерін төмедетіп, ставка процентін көтеріп, кредит (несие) операцияларын азайтады. Есеп – процент механизмі ғасырдың бас кезінде жақсы істеп, бірақ оны қолдану банк монополиялары тарапынан қарсы әрекеттерге кезікті. Олар проценттік ставканы нарыққа қалыптасқан жағдай бойынша емес, өзара келісіп белгіледі. Шаруашылық өмірдің интернационалдануы да есеп процент саясатының тиімділігіне теріс әсер етті. Қазіргі кезеңде ставка есебін төмендетсе, ол капиталдың сол елден басқа елге кетуін мәжбүр етеді, сөйтіп бұл саясат экономикалық конъюнктура әсерін әлсіретеді. 3. Орталық банк барлық банк мекемелерінің міндетті резервті нормасын бір мерзімде өзгерту арқылы банк резервінің көлеміне тікелей әсер ете алады. Осы құрал қаржы жағдайына оперативті түрде жедел ықпал жасайды. Резервтік норманың азаюы коммерциялық банкілердің еркін ақшаларын клиент арасында орналастыру мүмкіндігіне алып келеді де, ақша массасы мемлекетте өседі. Резервтік норманың өсуі ақша ұсынысының азаюына әкеледі, олардың бағасы, яғни пайыз деңгейі өседі, яғни ақша қымбаттайды. Орталық банк жүргізетін резерв саясаты ақша - несиелік реттеудің құралы болып табылады. Ол елдегі несие көлемін тез қысқарту немесе кеңейту құралы ретінде пайдаланады.
Дебиеттер 1. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Я. Әубәкіров және т. б. Алматы, «Санат», 1998. 2. Экономикалық теория. Оқу құралы. Я. Әубәкіров және т. б. Алматы, Қазақ университеті, 1999. 3. Экономикалық теория. Мырзалиев Б.С. және т. б. Оқу құралы. Алматы, 2006. Бақылау сұрақтары: 1.Экономикалық цикл және оның фазалары қандай? 2. Инфляцияның түрлерін атаңыз. 3.Несиенің нысандарын көрсетіңіз 4.Мемлекеттің монетарлық саясатының бағыттары қандай?
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|