Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз.




Егер үкіметтің шығындары оның табыстарына тең болатын болса, бюджет баланс береді. Ал шығыс табыстан асып кеткен жағдайда бюджет тапшылығы пайда болады. Оның негізгі себептері:

– Экономиканың дағдарыс жағдайындағы кірістің құлдырауы;

– Экономиканың көлеңкелі секторының өсуі;

– Акциз салығының азаюы;

 

– Мемлекеттік шығындардың өсуі.

Бюджет тапшылығын төмендету шараларына мыналар жатады:

– Қаржыландырудан несие беруге көшу;

– Мемлекеттік заемдар,

– Салық салуды қатайту,

– Мемлекеттік басқару жөніндегі шығындарды қысқарту.

Бюджет тапшылығы халықаралық стандартта бейнеленген бойынша ЖІӨ- нің 5 пайызынан аспауы тиіс. Экономикалық ауытқулар кезінде үкімет бюджет тапшылығын жою үшін көп жағдайда ақша эмиссиясына жүгінеді. Мұндай шараның салдары бақыланбайтын инфляцияға дейін өседі. Ол ұзақ мерзімді инвестициялардың ынтасын үзеді, тұрғындардың жинағын құнсыздандырады. Сондықтан да экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мақсатында үкімет ақша эмиссиясынан бас тартады.Өткен жылдардан жиналған бюджет тапшылығының жалпы сомасы мемлекеттік қарызды құрайды.

Мемлекеттік қарыз - бұл өндірістің құлдырауымен ақша эмиссиясымен қамтамасыз етілмеген шекті шығындардың өсуінен болатын бюджет тапшылығының көрінісі. Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарыздың өзара байланысы қарыздық міндеттемелердің кезекті өсуіне алып келетін бюджет тапшылығын жою үшін заемдар шығарудан көрінеді.

Мемлекеттік қарыз ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі қарыз – бұл үкіметтің ел ішіндегі өз азаматтарына, кәсіпорындарға қарызы. Сыртқы қарыз – бұл шетелдік ұйымдар мен азаматтарға қарызы.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных