ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Аржы жүйесі. СалықтарҚаржы – бұл мемлекет, заңды және жеке тұлғалардың арасында ақша құралдары қорларының қалыптасуы, бөлу және пайдалану жөнінде болатын экономикалық қатынастар жүйесі. Ақша құралдарын сәйкес мекемелер арқылы пайдалануға байланысты қатынастар жиынтығы қаржылық жүйені құрайды. Қаржының мәні оның қызметтері арқылы анықталады: бөлу, бақылау, ынталандыру, фискальдық. Қаржының бөлу қызметтері шаруашылық субъектілерін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету, олар мақсатты бағытталған ақша қорлары формасында пайдаланылады. Салық арқылы мемлекеттік бюджетте қаржы құралдары шоғырландырылып, өндірістік, әлеуметтік, халық шаруашылық проблемаларын шешуге жұмсалады. Салық арқылы мемлекет кәсіпорындардың, фирмалардың, азаматтардың табыстарының бөлігін қайта бөліп, оларды өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына, шығындарды белгілі мерзімде өтейтін қор және салаларға инвестиция түрінде жұмсайды. Ақша формасында қоғамдық өнімнің құнының қозғалысымен байланысты қаржылар ұдайы өндіріс процесін жалпы және фазалар бойынша сан жағынан бейнелейді. Сондықтан қоғамда қалыптасатын экономикалық пропорцияларды үнемі бақылап отыруға мүмкіндік береді. Қаржының ынталандырушы қызметі салық ставкаларын, жеңілдіктерді, салық салу жағдайларын өзгерту арқылы мемлекет белгілі салалар мен өндірістердің тез дамуына жағдайлар жасайды және қоғамның өзекті проблемаларын шешуге ықпал етеді. Салық жеңілдіктері арқылы мемлекет техникалық прогресті, жұмыс орындарының көбеюіне, өндірістің ұлғаюына күрделі қаржылардың салынуын ынталандырады. Қаржының фискалдық қызметі ол салық көмегімен кәсіпорындар мен азаматтардың табысының бір бөлігін орталықтандырып, мемлекеттік қызметті жетілдіру үшін өндірістік емес сфераны дамытуға жұмсайды. Ұлттық экономика шеңберіндегі қаржы қатынастарының жиынтығы мемлекеттің қаржы жүйесін құрайды. Қаржы жүйесі 3 құрамдас бөліктен тұрады: 1. Халық қаржысы. 2. Орталықтанбаған қаржы. 3. Мемлекеттік, яғни орталықтанған қаржы. Халық (үй шаруашылығы ) қаржысы табысты бөлімнен тұрады, жанұялардың алғашқы табыстарынан, шығыс бөлімінен және халық қор жинауынан тұрады. Орталықтанбаған қаржы әр түрлі меншік формасындағы кәсіпорындар мен фирмалардың қаржылары. Мемлекеттік, яғни орталықтанған қаржы – қаржы жүйесінің басты бөлігі. Мұнда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, мемлекеттік және жеке мүліктік сақтандыру, мемлекеттік несие, мемлекеттік бюджет кіреді. Мемлекеттік қаржының құрамдас бөлігі – мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік бюджет арқылы ЖҰӨ салалар мен территориялар арасында бөлініп, қайта бөлінеді. Бюджет – табыс пен шығыстың тепе-теңдігі. Ұлттық экономиканың дамуында бюджеттің рөлі тарихи дамудың әр түрлі кезеңдерінде бірдей емес. Оның кезеңін атап көрсетуге болады. Классикалық капитализм дәуірінде мемлекет шаруашылық іс-әрекетке белсенді араласпады. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап бюджет макроэкономиканың қуатты реттеушісіне айналды. Салықтар мен мемлекеттік шығындардың басым бөлігі жұмыспен қамтумен экономикалық өсуді қамтамасыз етуде бюджеттің алдыңғы қатарлы рөл ойнауына мүмкіндік береді. Бюджет қоғамдық ұдайы өндіріс пен экономикалық өсуді ынталандыруға ықпал етудің маңызды тетігі. Қандай да бір елдің бюджеттік жүйесінің құрылымы ең алдымен оның мемлекеттік құрылысына тәуелді. Унитарлық мемлекеттерде бюджеттік жүйе мемлекеттік және жергілікті бюджеттен тұрады. Федеральды мемлекеттерде аралық бөліктер – штаттар мен федерация субъектілерінің бюджеттерінен тұрады. Мемлекеттік бюджет үкімет қолындағы ақша ресурстарының орталықтанған қоры. Ең алдымен бюджетте мемлекеттің кірісі мен шығысының құрылымы бейнеленеді. Өзінің құрылымы жағынан бюджеттің шығысы мынадай бөлімдерден тұрады: мемлекетті басқару шығындары, әскери шығындар, әлеуметтік-экономикалық мақсаттағы шығындар, мемлекеттік шаруашылық жұмыстарының шығындары, сыртқы экономикалық қызметтердің шығындары. Мемлекет шығындарының басты тармағына экономиканың өндірістік секторының қызмет істеуін қамтамасыз етуге байланысты шығындар жатады. Әлеуметтік инфрақұрылымдарда білім беру мен денсаулық сақтауға бөлінетін шығындардың да үлесі айтарлықтай. Әскери шығындардың да үлесі қомақты. Әскери шығындарды айтқанда тек тікелей шығындарды ғана емес, жанама шығындарды да ескеру керек. Оларға әскери қарыздар бойынша проценттік төлемдер, зейнетақы, соғыс мүгедектеріне, ардагерлерге және т.б. көмек түрлері жатады. Мемлекет бюджетінің басты құрамды бөлігі жергілікті бюджеттер. Олар арқылы ең алдымен коммуналды, меншік объектілері, жол, мектеп, байланыс құралдарын дамыту және тұрғын үй құрылысы қаржыландырады. Жергілікті бюджетті жергілікті әкімшілік, полиция, сот пен прокуратура пайдаланады. Жергілікті бюджеттің үлкен бөлігі әлеуметтік-мәдени қажеттілікті өтеу, денсаулық объектілерін, экономикалық тепе-теңдікті сақтауға кеткен шығындардан тұрады. Мемлекеттік бюджеттің кірістері біріншіден, орталық және жергілікті органдар жинайтын салықтардан, мемлекеттік заемдардан, бюджеттен тыс немесе мақсатты қорлардың төлемдерінен құралады. Мұндай қорлардың құрылуы ірі қаржы ресурстарын нақты мақсаттарға, ең алдымен әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мақсаттарға шоғырландыру қызметінен туады. Бұлардың қатарына әлеуметтік қамсыздандыру, жол құрылысы, қоршаған ортаны қорғау, жұмыс күшін даярлау, қайта даярлау және т.б. жатады. Мемлекеттік бюджет түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90%. Салықтар – салық туралы заңға сәйкес заңды және жеке тұлғалардан мемлекет шоғырландыратын міндетті төлемдер. Салықтың элементтеріне төмендегілер кіреді: - салық субъектілері – заң бойынша салық төлеуге міндетті тұлға; - салық объектілері – салық салынатын табыс немесе мүлік; - салық ставкасы – салық объектісінің бірлігіне салық есептеулерінің мөлшері; - салық көзі – жалақы, табыс, кіріс, дивиденттер; - салық мөлшері – шекті, жеңілдікпен, орташа, нөлдік; - салықтық жеңілдіктер – салық мөлшерінің азаюы немесе салықтан толық босату. Салықтың атқаратын қызметтері: - фискалдық – мемлекет табысын жасау; - реттеу – экономиканың кейбір салаларын дамытуды ынталандыру немесе тежеу; - қайта бөлу-жинақталған салықтық түсімдерді қаржыландыруды қажет ететін бағдарламалар пайдасына сәйкес қайта бөлу; - ынталандырушы – бұл қызмет, негізінен, салықтық жеңілдіктер жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Салық мөлшері табыстың өсу деңгейіне байланысты салықтар прогрессивті, пропорционалды, регрессивті болып бөлінеді. Прогрессивті салық - жоғары табыстан жоғары процент алынатындығын көрсетеді, яғни салық мөлшері табыстың өсу деңгейіне байланысты. Пропорционалды салық – табыс мөлшеріне тәуелсіз табыстан алынатын белгілі бір процент ретінде алынады. Регрессивті салық – аз табыстан жоғары процент алынады, ал жоғары табыстардың проценті төмен болатын салық табыстың өсу деңгейіне қарай орташа мөлшері кемиді. Қалыптасу механизмі бойынша салықтар тікелей және жанама деп бөлінеді. Тікелей салық табыс алушыларға, мүлік иелеріне тікелей салынады. Оларға халықтың табысына салық, капитал өсіміне салық, мүлік салығы, мүрагерлік пен сыйға тартуға алынатын салықтар жатады. Жанама салық тауарды тұтыну немесе сату кезінде салынады. Оған қосылған құн салығы. акциздер, кеден салығы жатады. Бұлардың бастысы – акциздер. Олар тауар бағаларына немесе қызмет көрсету тарифтеріне қосылады. Әрбір елдің ерекшеліктеріне қарай акциздер халық тұтынатын тауарларға, транспорт, байланыс, тұрмыстық қызмет көрсету түрлеріне салынады. Қазіргі кезде акциздің бір түрі – қосымша құнға салық кеңінен дамуда. Бұл жағдайда салық тауарды өткізгеннен түскен барлық түсімге салынбай, тек осы кезеңдегі өндірістік қызметтің нәтижесінде қосылған құнға салынады.Жанама салықтың қатарында кеден, баж алымдары жатады. Олар тауарларды мемлекеттік шекарадан әрі- бері алып өткенде төленетін салықтар.Қазақстанда салық республикалық және жергілікті б олып бөлінеді. Республикалық салықтар – бұл міндетті салықтар, төлем сомасы республикалық бюджетке түседі. Жергілікті салықтың мөлшері жергілікті өкіметтің шешімімен анықталады.Қазақстан Республикасында мынадай салықтың түрлері белгіленген: 1. Корпоративті табыс салығы; 2. Жеке табыс салығы; 3. Қосымша құн салығы; 4. Акциздер; 5. Жер қойнауын пайдаланушылар мен арнайы төлемдер; 6. Әлеуметтік салық; 7. Жер салығы; 8. Көлік салығы; 9. Мүлік салығы; Салықтың экономикаға тигізетін әсері мен салық мөлшері жөнінде экономистер арасында біржақты пікір жоқ. Бұл жөнінде экономикада екі концепция бар: 1. Сұраныс экономикасы. Бұл теорияны жақтаушылардың пікірінше салықтың жоғары деңгейі жалпы сұранысты төмендетеді. Демек, баға түседі, инфляция мөлшері азаяды. Керісінше, салықтың азаюы жалпы сұраныстың өсуіне әкеледі, баға өседі де инфляция қарқыны жылдамдайды. 2. Ұсыныс экономикасы. Бұны жақтаушылар керісінше пікірде: салықтың жоғары болуы кәсіпкердің шығынын көтереді де, тауарын тұтынушыға жоғары бағамен сатуға тырысады, бұл инфляцияға алып келеді. 3. Салық мөлшері мен іскерлік белсенділік арасында байланыс жасауға әрекет жасалынып, американ профессоры А.Лаффер ұсыныс теориясын дәлелдеген. Табыс салығының көтерілуі іскерлік белсенділікті төмендетеді немесе кәсіпкерлік қызмет пайдасыз болады. Ал салық мөлшерінің аз болуы жұмысқа қор жинауға, инвестицияға, іскерлік тәуекелдік қабылдауға, ұлттық өндіріске және табысқа ынта туғызады. Нәтижесінде салық негізі кеңейеді. Бұл салық мөлшері төмен болса да салық түсімдерін жоғарылатады. Салық мөлшері мен салық кірісі арасындағы байланыс Лаффер қисығы деген атпен белгілі. Егер салық мөлшері 0 - ге тең болса, мемлекет ештеңе таппайды. Егер салық мөлшері 100% болса, онда ешкім жұмыс істеуге ынталанбайды, мемлекет те ештеңе ала алмайды. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|