Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Инфляция мен жұмысбастылық арасындағы байланыс. Филлипс қисығы.




Жұмысбастылық пен инфляция арасында байланыс бар. Бұл байланыс экономист Филиппспен көрсетілген. 1861-1956 жылдардағы Ұлыбритания санақтары деректерін пайдалана отырып, ол жалақы ставкасы өзгеруі мен жұмыссыздық деңгейінің арасындағы тәуелділіктің кері әсерін қисық сызық арқылы көрсетті. Сөйтіп, Англиядағы жұмыссыздықтың 2,5-3 проценттен артық көбеюі баға мен жалақы өсуін күрт баяулататынын дәлелдеді.

Қисық инфляция деңгейі аз болған жағдайда жұмыссыздық жоғары, ал инфляция өскенде жұмыссыздық азаятындығын көрсетеді. Филлипс номиналды жалақы мен жұмыссыздық арасындағы байланысты қарастырды. Ол келесі шешімге келеді: жұмыссыздық дәрежесінің төмендеуі бағаның және жалақының өсуімен бірге болады.

Қаншаға инфляция дәрежесі жоғары болса, соншаға жұмыссыздар үлесі төмен. Мемлекеттің араласуы жиынтық сұранысты көбейтіп отырып, жұмыссыздықтың дәрежесін төмендете алады. Осы жағдайда пайда болатын еңбек нарығындағы күйзеліс жалақыны, бағаның инфляциялық өсуіне жағдай жасайды.

Инфляцияны төмендету үшін сұранысты шектейтін саясат жүргізу керек. Ал ол өндірістің қысқаруына және жұмыссыздықтың өсуіне алып келеді. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, бұл жағдай тек қысқа мерзімге тән. Ұзақ мерзімде жұмыссыздықтың өте төмен дәрежесі инфляцияның өсуінен сақтайды.

Статистика көрсеткіштері көрсеткендей, инфляцияны 1% төмендету үшін жыл бойы жұмыссыздықтың табиғи дәрежесі 2% жоғары болуы керек. Еңбекке деген сұраныс жоғары болған жағдайда өзіне қажетті жұмысшыларды тарту үшін жұмыс берушілер жалақының жоғары ставкасын ұсынады. Жұмыссыздық деңгейінің түсуі баға мен жалақы өсіміне әкелді. Бірақ бұл жағдай қысқа мерзімге тән сипат. Ұзақ мерзімде (5-10 жыл) жұмыспен қамтылудың төменгі деңгейінің өзі инфляция өсімімен сақталмайды.

Өндірістің терең құлдырауы, яғни экономикалық өсімнің тоқтауы стагнация деп аталады. Инфляцияның стагнациямен қатар жүруі стагфляция деп аталады.

Инфляцияның әлеуметтік- экономикалық зардаптары және инфляцияға қарсы саясат.

Д.Кейнс айтқандай және тәжірибе көрсеткендей, баяу инфляция экономика үшін пайдалы, өйткені ақша массасының өсуі іскерлік белсенділікті ынталандырады, экономикалық өсуге жағдай жасайды және инвестиция процесін тездетеді. Бірақ инфляцияның жоғарғы қарқыны қолайсыз жағдайларға алып келеді. Күтілетін инфляцияның келесідей зардаптары бар:

1. Инфляциялық салықтың пайда болуын тудырады. Инфляциялық салықтан қорғану мақсатында субьектілер нақты шығынмен байланысты ұзақ пайдаланатын тауарлар сатып алуға көп қаржы пайдалануға тырысады. Инфляция жоғары болған сайын бұл шығындар да елеулі болады.

2. Инфляция салық салу ставкаларын өзгертеді, номиналды жалақы мен номиналды табыстың артуымен тұрғындар салық салудың жоғарғы категориясына өтеді, нәтижесінде салық ставкасы өседі.

3. Амортизациялық аударымдарға ықпал етеді, егер олар қалпына келтіру құны емес, алғашқы құнына негізделген болса. Бұл жағдайда амортизациялық аударымдардың нақты құны инфляциямен құнсызданады.

4. Әртүрлі шамада баға мен жалақы ставкалары өзгереді, бұл тұрғындардың әртүрлі топтары арасында табыс пен байлықты қайта бөлуге ықпал етеді.

5. Өндірушілердің сапасы жоғары тауарлар шығаруға қызығушылығы төмендейді, керісінше сапасы төмен тауарлар өндірісі өседі.

Күтілмейтін инфляцияның негізгі зардаптары:

1. Тұрғындардың әртүрлі топтары арасындағы табыс пен байлықтың қайта бөлінуі. Инфляция қарыз арзандатылған акшалармен қайтарылатындықтан байлықтың кредиторлардан дебиторларға қайта бөлінуін тудырады. Индивид біреуге қарыз болған жағдайда бағаның жылдам өсуі ол үшін көзделмеген ұтыс болады. Ұқсас жағдай мемлекет пен жеке секторда байқалады. Мысалы, инвестор жылжымайтын мүлікке инвестиция жасау мақсатында ақшаны қарызға ала отырып, күтпеген инфляция кезінде үлкен пайда ала алады.

2. Тұрақты табыс алатын тұрғындардың, әсіресе әлеуметтік топтардың (зейнеткерлер, студенттер, бюджеттік сфера жұмысшылары) нақты табыстарының төмендеуі.

3. Банктегі тұрғындардың жинақтарының құнсыздануы, өйткені салымдар бойынша проценттер жинақтардың нақты мөлшерінің төмендеуін өтемейді.

4. Инфляция жағдайында несие беру тиімсіз болады. Сондықтан адамдар қарыз бермейді, берсе, өте жоғары процентпен береді.

Инфляцияға қарсы саясат – бағаның жалпы деңгейін тұрақтандыруға бағытталған макроэкономикалық саясат. Бұл саясат өзіне екі блокты қосады:

А) жиынтық сұранысты реттеу;

Б) жиынтық ұсынысты реттеу.

Бірінші бағытты кейнсиандықтар, екінші бағытты монетаристер қолдайды. Кейнс ұсыныс деңгейін тиімді сұраныс арқылы көтеруге болатындығын айтады. Бұл мемлекеттік тапсырыс және арзан несиемен қалыптасады. Үкіметтің бұл шаралары құлдырауды қысқартуға, жұмыссыздықты азайтуға алып келеді. Осылайша жиынтық ұсынысты күшейту бағаның төмендеуі мен инфляцияның қысқаруын тудырады.

Кейнсиандық антиинфляциялық саясат мемлекеттік бюджеттің тапшылығын күшейтеді. Кейнс бұл тапшылықты қосымша ақша эмиссиясы емес, мемлекеттік заемдар арқылы жоюды ұсынады. Бұл саясат жалғаспалы уақыт ағымында тиімді нәтиже береді.

Монетаризм жиынтық сұранысты шектеуді ұсынады, өйткені оның тұжырымы бойынша жиынтық ұсынысты күшейту тек қана табысты қамтамасыз ете алады. Жиынтық сұранысты ақша реформасын жүргізу жолымен қысқартуға болады. Бұл елде ақша массасын қысқартуға және сұранысты азайтуға мүмкіндік береді. Монетаристер бюджет тапшылығын әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға кететін шығындарды қысқарту, қымбат несие енгізу, салық ставкаларын қысқарту есебінен жоюды ұсынады.

Инфляциямен күресудің монетарлық тәсілдерінің альтернативті варианттарының бірі баға мен табыстарды реттеу саясаты болып табылады. Ол өзіне келесі компоненттерді қосады: жалақы мен бағаны шектеу, жалақы мен бағаның көтерілуін жоспарлау, табыстарды салықтық реттеу,нарықтық механизмді күшейту. Алайда бұл саясат өзін-өзі ақтамады, сондықтан да нарықтық экономикасы дамыған көптеген елдермен қолданылмады.

Ақша құралдары инфляция салдарынан қымбаттайды. Бөлек кәсіпорындар, фирмалар инфляциямен күресе алмайды. Сондықтан бұл проблема мемлекеттің макроэкономикалық проблемаларының бірі.

Инфляцияны жою ол экономикалық құлдыраумен, жұмыссыздықтың өсуімен және инфляциямен күресу. Бұл жолдың экономикалық және әлеуметтік шығындары жоғары, бірақ нәтижесі тиімді. Ал бейімделу шараларына табыс индексациясы және баға деңгейін бақылау жатады.

Соңғы жылдары инфляция мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында жүріп отыр. Демек, инфляцияны төмендету үшін салықтарды ұлғайту арқылы бюджеттің табыс бөлігін ұлғайту немесе мемлекеттік шығындарды азайту аркылы тапшылықты жою керек. Көптеген елдер мемлекеттік шығындарды қысқарту жолын таңдайды.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных