ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Экономикалық циклдар. Инфляция және жұмыссыздық.
Сабақтың мақсаты: студенттерді экономикалық цикл, фазалар, дағдарыс, инфляция, жұмыссыздық түсініктерімен таныстыру. Дәріс жоспары: 1. Экономикалық цикл және оның фазалары. 2. Инфляция: мәні, себептері, түрлері. 3. Жұмыссыздық мәні мен нысандары. Оукен заңы.
1. Экономикалық цикл және оның фазалары. Нарықтық экономикаға тұрақсыздық, көтерілу және құлдырау қасиеттері тән, ол экономикалық кезеңді қалыптастырады және экономикалық кезеңді анықтайды. Өндірісті шексіз дамыту мен нарықты жаулап алу артық тауар өндірісіне әкеліп соқтырады. Артық өндіру бұл ұсыныстың сұраныстан көп болуы. Артық өндірудің себептерін зерттей келе экономистер сұраныстың өсуі мен азаюы, өндіріс көлемінің өсуі мен азаюын мезгілдігіне көңіл аударады. Циклдық ауытқу бұл экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуы. Экономикалық цикл – бұл бірэкономикалық дағдарыстың басынан екіншісінің басталуына дейінгі кезең, ол экономикада кезең – кезеңмен қайталанатын өрлеу және құлдыраумен сипатталады. Цикл төрт фазадан тұрады: құлдырау, тоқырау, жандану, өрлеу. Ең бастапқы фазасы – құлдырау. Бұл жағдайда экономикалық өсудің деңгейі мен қарқынының төмендеуі жүреді, одан әрі өнім шығару тоқтайды.Мұндай құбылыс тауардың артық өндірісімен байланысты. Бұл уақытта сатылмаған өнімдердің қорлары бірден ұлғаяды. Артық тауарларды сата алмайтын өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарының жаппай банкроттығы жүреді. Өндірістің тоқтауынан жұмыссыздық өседі, жалақы қысқарады. Қоғамда несиелік байланыстар мен бағалы қағаздар нарығы бұзылып, акция бағасы құлдырайды. Барлық кәсіпкерлер қарыздарды өтеу үшін ақшаға деген қажеттілікті қатаң сезінеді. Сондықтан банкілік сауда пайызының нормасы өседі. Құлдыраудан кейінгі фаза - тоқырау. Бұл уақытта өндірістің құлдырауы, ал онымен бірге бағаның төмендеуі тоқтайды. Бірте –бірте тауар запастары азаяды. Аз ғана сұраныс салдарынан еркін ақша капиталының массасы ұлғаяды, ал банкілік пайыз ставкасы төмендейді. Тоқырау кезеңінде тауарлар ұсынысы сұраныстан оза алмайды, сондықтан олардың арасында тепе -теңдік қалыптасады. Сол уақытта дағдарыстан шығудың табиғи жағдайлары қалыптасады. Өндіріс құралдарына бағаның төмендеуі және несиенің арзандауы капиталдың қорлануын жаңа техникалық негізде кеңейтілген ұдайы өндірістің қалпына келуін қамтамасыз етеді. Келесі фаза - жандану –дағдарыс алдындағы деңгейге дейін өндірістің кеңеюін білдіреді. Тауар запастарының мөлшері нарықты үздіксіз қамтамасыз ету үшін қажетті деңгейде белгіленеді. Тұтынушылық сұраныстың жандануымен туған бағаның аз ғана өсуі байқалады. Жұмыссыздық мөлшері қысқарады. Ақша капиталына сұраныс өседі және процент ставкасы ұлғаяды. Келесі фаза - өрлеу. Бұл кезеңдеөнім шығару көлемі дағдарыс алдындағы деңгейден асып түседі. Осымен байланысты жұмыссыздық қысқарады. Сұраныстың кеңеюімен тауарларға баға өседі. Өндірістің табыстылығы артады. Несие құралдарына сұраныс ұлғаяды және сәйкесінше банк пайызының нормасы өседі. Өндірістің циклдық дамуының себептері неде? Артық өндіру дағдарысы тұтынушылық сұраныс пен тауарлар ұсынысы арасындағы арақатынастың бұзылу нәтижесінде пайда болады. Экономикалық теорияда циклдың себептері әртүрлі түсіндіріледі. - Неоклассикалық бағыт дағдарысты кездейсоқ, тез өтетін құбылыс ретінде қарастырған; - Толық тұтынбайтын концепция – экономикалық дағдарысты жұмысшылар массасының кедейлігімен түсіндіреді; - Ақша - несие концепциясы дағдарысты ақшаға деген сұраныс пен ұсыныстың бұзылу нәтижесі деп түсіндіреді; - Маркстік концепция дағдарыстың себебін капитализмнің қайшылықтарымен байланыстырады; - Кейнс теориясы дағарысты нарық механизмінің әлсіздігімен түсіндіреді. Қазіргі экономистер циклдың себептерін үш жағдаймен байланыстырады: 1.Сыртқы факторлар: халық санының өзгеруі, инновация, соғыс және басқа саяси жағдайлар. Халықтың өсуі өндіріс өсуіне, жұмысбастылық деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Технологияның өзгеруі іскерлік белсенділікті шақырады, инвестициялауға ынталандырады. Саяси жағдай іскерлік белсенділікке әртүрлі әсер етеді. 2. Ішкі факторлар: тұтыну, инвестициялау және үкімет саясаты. Тұтыну әсері: фирма тұтынушыны барлық тауарлармен қамтығысы келеді, нәтижесінде тұтыну шығындары өседі, жаңа жұмысшылар жалданады. Сондықтан өндіріс көлемі, жұмысбастылық пен сату көлемі өсіп, экономика өрлеу фазасына өтеді. Тұтыну шығыны қысқарғанда, керісінше жағдай пайда болады және құлдырау кезеңі басталады. Инвестицияның әсері: негізгі қорға салынған салым жаңа жұмыс орнын ашады, тұтынушының сатып алу қабілетін жоғарылатады - бұл экономикалық өсуге мүмкіндік туғызады. Инвестициялау деңгейі төмендегенде экономикалық жағдай нашарлай түседі. Үкіметтің ықпалы фискальдық және монетарлық саясатпен жүзеге асырылады. 3. Ішкі және сыртқы факторлардың синтезі. Авторлардың пікірінше сыртқы факторлар циклды қозғаушы, ал ішкі факторлар фазалық ауытқуларға алып келеді. Ауытқудың үш түрі бар: 1.Нарықтық сұраныстың тауар мен қызмет көрсетуге ұсыныстың ауытқуы, бұл қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болады. Мысалы, қысқа мерзімді ауытқу (шапшаң): нан сататын киоск алдында жаңа нанға кезекке тұрады. Бұл тепе-теңдікті бұзу шапшаң, нан түсісімен шешіледі. Ал ұзақ мерзімді ауытқуда тепе-теңдік 3-4 жылда өзгерісті қайта салу жолында орнына келеді.Мысалы: қаладағы автобус парк дефицитін жаңа парк өндірісін қайта құрғанда жоғалады. 2.Құрал –жабдыққа, құрылысқа және т.б. сұраныстың өзгеруімен байланысты ауытқу. Капиталдың құйылу жолымен жаңаруы 8-12 жылға созылады. Бұл өнеркәсіп циклын Маркс, Энгельс, Ленин зерттеді. Шартты түрде бұларды орта ұзақтылық циклы деп атайды. Ұзындық уақыты 10-15 жыл негізгі капиталдың қызмет ету уақыты сияқты. Негізгі капиталдың жаңаруы экономиканың тірілуіне әкеледі, көтерілуге өтеді, техниканың ескіруі дағдарысқа ұшыратады. 4.Өндірісте технологиялық тәсілдің бір түрден екінші түрге өту ауытқуы.Бұл асулар өндірістің барлық элементтерін алмасуға әкеледі, бір буын жұмысшыларын басқамен ауыстыру немесе қайта білім алу саласын енгізеді. Бұл ұзақ мерзімді цикл 40-60 жылға орыс оқымыстысы Кондратьевтің ілімімен байланысты «Кондратьевтің ұзақ толқыны» атағын алды. Кондратьев СССР экономика институтында 1928ж. жасалған конъюнктураның ірі циклы баяндамасынан таныла басталды. Осы теорияны ХХ ғ. Шумпетер, Кузнец, Кларк, Митчел және т.б. дамытып, Мельников,Клименко, Яковец сияқты атақты оқымыстылар да кіреді. Екінші және үшінші ауытқу экономикалық дамудың жалпы теңдігі болады, олар өндірістің технологиялық тәсілі дамуымен байланысты, демек қоғамдық өндірістің ғылыми негізгі принциптерін қолданды. Ерекшелігі: Орташа ұзақтық циклы машинаның қызмет ету уақытысымен байланысты. Бір технологиялық өндіріс тәсілде әр түрлі бірнеше техникалық буынға өзгереді және солармен өз циклы сәйкес болады. Соңында өндіріс технология тәсіліндегі техника жетілуі бітеді. Жаңа өндірістің технологиялық тәсілінің уақыты келеді, жаңа Кондратьев циклы, жаңа ұзақ толқын келеді. Қазіргі заманғы жаңа өндірістің технологиялық тәсіл 60 жылға созылады. Барлық экономикалық дағдарыстар ұдайы өндіріс жүрісінің тез бұзылуынан басталады, осыған өндіріс аралық (нарықтағы тауар сұранысы) және халық тұтынуы (төлем мүмкіндік сұранысы) баланстарының тең еместігінен пайда болады. Сондықтан өндіріс тұтынуды қуып жетуі еді, ал төлем сұранысы өндірісті қуып жетеді. Бірінші жағдайда дағдарыс артық өндірісте, ал екіншіде-дағдарыс өндіріс жетілмегендігі. Бірінші артық өндіру экономикалық дағдарыс Англияда 1825 жылы болды, одан кейінгі дағдарыстар: 1836 жылы, 1841 жылы (АҚШ), 1847 ж. (АҚШ, Франция, Германия), 1857 ж. (бірінші дүниежүзілік дағдарыс), 1873 ж., 1882 ж., 1890 ж. ХХ ғасырда: 1900-1901 ж.ж., 1907-1908 ж.ж., 1913-1917 ж.ж., 1920-1921 ж.ж., 1929-1933 ж.ж. «Ұлы депрессия», 1937-1938 ж.ж., 1948-1949 ж.ж., 1957-1958 ж.ж., 1970-1971 ж.ж., 1974-1975 ж.ж., 1980-1982 ж.ж. 90-жылдар ерекшелігі құрылымдық дағдарыстар болды: мұнайға, энергетикаға, шикізатқа, валюталық, азық-түліктік. Ауыл шаруашылығында циклдық даму негізгі орын алады, аграрлық дағдарыстар пайда болады. Аграрлық дағдарыстың пайда болуының негізгі формалары: ауыл шаруашылығының тауарының сатылмаған запасының өсуі, оларға бағаның түсуі, өндіріс көлемі қысқаруы, жұмыссыздық өсуі, еңбекақы түсуі. Азық-түлікке қарағанда аграрлық дағдарыс көбіне ұзақ және тоқырамалы болады, циклдық сипаттамасы болмайды. Дағдарыстың бірнеше түрлері бар: 1. Қаржы дағдарысы – мемлекеттік қаржының терең бұзылуы, бұл бюджеттің терең тапшылығы. Қаржы дағдарысының шегі ол мемлекеттің шетел займына төлем қабілеттілігінің болмауы. 2. Ақша - несие дағдарысы – ақша–несие жүйесінің бұзылуы. Коммерциялық және банк несиесінің күрт қысқаруы, салымдардың банкілерден толық алынуы. Бұл кезде банктер жойылады, тұрғындар мен кәсіпкерлер нақты ақшаны іздейді, құнды қағаздардың курсы төмендеп, банк пайызының нормасы төмендейді. 3. Валюта дағдарысы – жеке елдер валютасының құнсыздануы, банкілерде валюта резервтерінің азайып кетуі, валюта курсының төмендеп кетуі. 4. Биржалық дағдарыс – құнды қағаздар курсының күрт төмендеп кетуі, олардың қысқаруы, қор биржасы қызметінің қысқаруы. 5. Аграрлық дағдарыс – ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу көлемінің қысқаруы, ауыл-шаруашылық өнімдеріне бағаның төмендеуі. 6. Құрылымдық дағдарыс - өндіріс салалары арасындағы қатынастардың бұзылуы. 7. Салалық дағдарыс – халық шаруашылығының бір саласында болады. Бұл дағдарыс өндіріс құрылымының өзгеруімен, шаруашылық байланыстардың бұзылуымен сипатталады. Нарықтық экономикасы дамыған елдер артық өндіру дағдарысымен күресу тәсілдерін шығаруда. Негізгі рөлі фискальды және монетарлы саясатты мемлекеттік органдарға бұру. Өрлеу кезеңіндегі маңызды дағдарысқа қарсы саясаттар: 1. Қаржы – несие саясаты: есеп ставкасын көтеру, ашық нарықта мемлекеттік бағалы қағаздарды сату. 2. Фискальды саясат мемлекеттік бюджет есебін қысқарту, салық ставкасын көтеру. 3. Еңбекақы және тариф саясаты, еңбекақыны төмендету. 4. Мемлекеттік инвестиция саясаты мемлекеттік құрылысты тежеу. Тоқырау кезіндегі дағдарысқа қарсы аса маңызды саясат: 1. Қаржы-несие саясаты: есеп ставкасы төмендеуі, ашық нарықта мемлекеттік бағалы қағаз сатып алу. 2. Фискальды саясат: мемлекеттік бюджеттің қосымша шығыны, салық ставкасын төмендету. 3. Еңбекақы және тариф саясаты: инвестициялық бағдарламаның тезірек жүзеге асуы.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|