ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Лттық экономика түсінігі, оның құрылымы және мақсаттары.
Ұлттық экономика құрылымын қарастыруды қоғамдық өндіріс құрылымы түсінігін анықтаудан бастаған жөн. Қоғамдық өндіріс құрылымы деп отырғанымыз, сол мерзімде экономикада әр қилы факторлар ықпалымен, қоғамдық еңбек бөлінісі мен қоғамдық ұдайы өндіріс пропорцияларын сипаттайтын салалардың арақатынасы. Ұлттық экономика бірнеше ірі өрістерден тұрады: материалдық, материалдық емес өндіріс, өндірістік емес өріс. Ұлттық экономиканың негізгі құрылымдық бөлігі материалдық өндіріс, онда өмірге және қоғамның дамуына қажетті өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттары өндіріледі. Материалдық өндіріске өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, байланыс және т. б. жатады. Материалдық өндіріс кәсіпорындарын екі бөлікке бөледі: 1) өндіріс құрал-жабдықтар өндірісі; 2) тұтыну заттар өндірісі. Материалдық емес өндіріске ғылыми білім және ақпарат, өнер туындылары (кинофильмдер, кітаптар, спектакльдер), халыққа көрсетілетін қызметтер жатады. Материалдық емес өндіріс келесі өрістерді қамтиды: ғылым, өнер және мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау және т.б. Өндірістік емес өріс игіліктерді өндірумен айналыспайды, бірақ қоғам үшін қажетті. Ол ел қорғанысын, сот және заң ұйымдарын, діни және әртүрлі қоғамдық ұйымдарды қамтиды. Әр ұлттық экономика келесі негізгі мақсаттарға жетуге ұмтылады: 1. Ұлттық өндіріс көлемінің тұрақты жоғары қарқында өсуі. 2. Баға тұрақтылығы. Ұзақ мерзім уақытында бағаның өзгермеуі жалпы ұлттық өнімнің өсу қарқынын баяулататынын ескеру қажет. Бағаның төмендігі тұтынушы үшін жақсы, бірақ өндірушінің ынтасын жоғалтады. Бағаның жоғары болуы өндірісті ынталандырады, бірақ халықтың сатып алу қабілетін төмендетеді. Сондықтан, практикада баға тұрақтылығын қамтамасыз ету оның ұзақ мерзім уақытқа «мұздатылуы» емес, бағаның реттелген өсуі. 3. Жоғары деңгейдегі жұмыспен қамту. Бұл жағдайда егер қоғам жұмысшылардың тиімді санын жұмыспен қамтамасыз еткен жағдайда жетуге болады. Бірақ толық жұмыспен қамту жұмысқа қабілеті бар халықтың бәрін қамтиды емес, кез-келген мемлекетте қазіргі кезде уақытша жұмыс істемейтін адамдардың тобы бар, мысалы, жұмыс орнын немесе тұрғын орнын ауыстыруға байланысты (фрикциондық жұмыссыздық). Сонымен қатар, әруақытта құрылымдық жұмыссыздық бар. Жаңа жұмыс орындарының құрылымы бар жұмыс күшінің құрылымына сәйкес келмеуінен пайда болатын жұмыссыздық нысанасы болып табылады. Фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық қосындысы жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады. 4. Сыртқы сауда балансын қамтамасыз ету. Оның мазмұны экспорт пен импорттың арасында теңдікке жету, ұлттық валютаның басқа елдер валютасына тұрақты алмастыру бағамын қамтамасыз ету. Қоғамдық ұдайы өндірістің пропорциялары өндірістің әр қилы элементтері мен бөліктерінен қалыптасқан арақатынасы және ұдайы өндірістік процестің жеке фазаларының, факторларының, салаларының т.б. арасындағы өзара байланыс пен өзара тәуелділікті сипаттайды. Экономикалық процестердің арасындағы байланыс белгілі бір сандық пропорциялар арқылы көрсетуге қарай былайша бөлінеді: 1) Жалпы экономикалық қоғамдық ұдайы өндірістің макроқұрылымының элементтерінің арасындағы сандық арақатынас (мысалы, тұтыну мен қор жинау, жалпы ұлттық өнім мен ұлттық табыс, өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттары өндірісі, т. б. арасындағы); 2) Салааралыққа-қоғамдық өндірістің әр қилы салаларының сандық арақатынасы (мысалы, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы, материалдық пен материалдық емес, т. б. арасында); 3) Ішкі салааралыққа-сала мен өндіріс ішіндегі сандық арақатынасы (мысалы, шойын мен болат, мақта-мата өндірісі, т. б.); 4) Мемлекетаралыққа – ұлттық шаруашылықтар мен әр қилы елдердің жекелеген өндіріс салаларының сандық арақатынасы. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|