Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Шығындар туралы жалпы түсінік. Шығындардың негізгі түрлері.




Нарықтық ортада кез-келген фирманың қызметінің негізгі мақсаты – пайданы мейлінше жоғарылату. Осы мақсатты жүзеге асырудың мүмкіндіктері біріншіден, өндіріс шығындарымен, екіншіден, фирманың өндірген өніміне сұраныспен шектелген.

Шығындар - өндірістің сатып алынған факторларының төлемі.

К.Маркс шығындарды талдауды құнда, сосын шығындарда көрінетін жалдама еңбекті пайдалану ерекшеліктерін зерттеуге ұмтылумен байланыстырды. Ол үшін тауарды өндіру үшін қоғам құрал-жабдық, шикізат, отын т.б. құнында бейнеленген заттанған еңбекпен қатар тірі еңбекті де пайдалану керек.

Бұл еңбек шығындары, ол қоғамдық еңбек шығындары деп атаған тауар құнын жасайды. Тауарды өткізген соң капиталист ақшалай табыспен құрал-жабдыққа, шикізатқа, отынға, энергияға және қажетті еңбек төлемін жабады. Демек, капиталист шеккен шығындар, яғни оның өндіріс шығындары төленбеген қосымша еңбек шамасына қоғамдық шығындардан (тауар құнынан) аз.

Дәл осы пайда көзі болып табылады. Олай болса Марксте пайда шығындар шегінің сыртында жатыр.

Өндіріс шығындарымен басқа Маркс айналым шығындарын, яғни тауарды өткізу процесімен байланысты шығындарды бөліп алды.

Тауар құны жасалуда барлық айналым шығындары қатыспайды, тек оның өндіруші болып табылатын, яғни айналым сферасында өндіріс процесінің жалғасы болып табылатын бөлігі ғана қатысады (тасымалдау, сақтау, орау т.б.)

Олай болса, Маркс үшін барлық шығындар баға құрушы болып табылмайды. Қазіргі батыс экономистердің Маркстен ерекшелігі сол, олар шығындарды шаруа адамы тұрғысынан қарастырады. Олар кәсіпкер барлығынан, сонымен қоса, шығындардан да табыс күтеді деп есептейді. Осы негізде, олар шығындарға тәуекел үшін төлем ретінде пайданы кіргізеді.

Олардың теориясында орташа әдеттегі пайдадан тұратын өндіріс шығындары экономикалық шығындар деп аталады.

Ал, Маркс өндіріс шығындары мен пайда қосындысы өндіріс бағасын құрады деп санады.

Шығындарды бағалау әдісіне байланысты, олар бухгалтерлік және альтернативтік шығындарға бөлінеді.

Бухгалтерлік шығындар - өнімнің белгілі санын өндіру үшін жұмсалатын өндіріс факторларының сатып алу бағасы бойынша шығынды қарастырылады. Бірақ, бірдей ресурстарды әр түрлі альтернативті мақсаттар үшін пайдалануға болады. Сондықтан жіберіп алған мүмкіндіктер шығыны немесе альтернативтік шығындар болады. Мысалы, кәсіпкер тоңазытқыш өндірісін ұйымдастыра отырып, автомобиль шығару мүмкіндігін және онымен байланысты пайдаларды босқа жіберіп алуы мүмкін.

Альтернативтік шығындар – ресурстарды пайдаланудың мүмкін болатын альтернативті әдістерінің ең тиімдісін қолданғанда алуға болатын ақша сомасы.

Құрал-саймандардың кіруіне байланысты шығындар сыртқы және ішкі шығындарға бөлінеді (айқын және айқын емес).

Сыртқы шығындар – фирманың шикізат, құрал-жабдық, транспорт, энергияны басқа жақтан, яғни кәсіпорын құрамына кірмейтін жабдықтаушылардан сатып алуға кеткен ақшалай шығындары.

Ішкі шығындар - өзі өндірген және дербес қолданылатын ресурсына төленбейтін шығындар. Мысалы, өсірген бидайдың бір бөлігін фирма өзінің егіс алқаптарына себуге пайдаланады. Бұл бидайды фирма өзінің ішкі мұқтаждықтарына жұмсайды және төлемейді.

Шетел әдебиетінде шығындарды күрделі топтастыру кездеседі. Оларға өндіріс төлемдерінің артуының әсеріне байланысты шығындар тұрақты және айнымалы болып бөлінеді.

Тұрақты шығындар - өндіріс көлеміне байланыссыз шығындар. Оларға құрылыс және ғимараттарға амортизациялық аударымдар, ренталық төлемдер, әкімшілік басқару шығындары т.б. жатады. Бұндай шығындар тіпті кәсіпорын жұмысын тоқтатқанда да төленуі тиіс.

Айнымалы шығындар - өндіріліп жатқан өнім көлемі санынан тәуелді шығындар. Олар шикізатқа, материалдарға, еңбекақыға және т.б. кететін шығындардан тұрады. Өндіріс көлемі өскен сайын олар өседі.

Шығындарды шартты түрде жасалып отырған кезеңге де байланысты болады. Ұзақ мерзімде барлық шығындар айнымалы болады, себебі ұзақ мерзімде барлық құрал – жабдықтар ауыстырылады. (жаңа завод сатып алынады немесе ескісі сатылады).

Айнымалы және тұрақты шығындардың қосындысы жалпы шығындарды құрайды.

Өнім бірлігін өндіруге жұмсалатын шығынды өлшеу үшін орташа жалпы, орташа тұрақты және орташа айнымалы шығындар қолданылады.

Орташа шығындар – фирманың кірістерін анықтау үшін маңызды: егер баға орташа шығындарға тең болса, фирма пайда алмайды.

Егер баға орташа шығындардан кем болса, онда фирма зиян шегеді және банкрот болады. Егер баға орташа шығындардан жоғары болса, фирма баға мен шығындар арасындағы айырма мөлшерінде пайда табады.

Орташа жалпы шығындар жалпы шығындарды өнім көлеміне бөлгенге тең.

Орташа тұрақты шығындар жалпы тұрақты шығындарды өнім көлеміне бөлгенге тең.

Орташа айнымалы шығындар жалпы айнымалы шығындарды өндірілген өнім санына бөлгенге тең.

Фирма шығаруға мүмкіндігі бар өнімнің максималдылығын анықтау мақсатында шекті шығындар есептеледі.

Шекті шығындар – берілген өнім көлемін салыстырғанда өнімнің әрбір қосымша өнім бірлігін өндіруге кеткен қосымша шығындар.

Олар фирма стратегиясын анықтау үшін өте маңызды. Тұрақты шығындар өзгеріссіз болғандықтан, шекті шығындар айнымалы шығындардың (яғни шикізат, жұмысшы күші) өсіміне тең.

Пайда экономикалық теорияда ең күрделі және қарама-қайшы мәселелердің бірі болып табылады.

Меркантилистер пайда айналыста пайда болады және оның қайнар көзі сыртқы сауда болып табылады деп есептеген.

А.Смит және Д.Рикардо пайданы өнімнен жұмысшы еңбегі үлесін алып тастағанға тең деп есептейді. К.Маркс пайданы тек жалдамалы еңбекпен жасалған екінші, туынды және өзгертілген фирмадағы қосымша құн деп қарады.

Батыс экономистерінің бұл категорияға берген анықтамалары:

- пайда – бұл барлық өндіріс факторлардан алынған табыс, яғни рента, процент, жалақы;

- пайда – бұл кәсіпкерлік қызмет үшін марапаттау және техникалық жетістіктерді енгізуге төлем;

- пайда – бұл тәуекел және белгісіздік үшін төлем.

Фирма жалпы, орташа және шектік табысты есептейді.

Жалпы табыс – барлық сатылған өнімнің түсіміне тең.

Орташа табыс – сатылған өнім бірлігіне есептелінеді.

Шектік табыс қосымша бірлігін сатқандағы жалпы табыстың өсуі.

Сандық жағынан пайда тауарды сатқандағы жалпы табыс пен өндіріс шығындарының арасындағы айырма.

Шығындар құрамына не енетініне байланысты экономистер бухгалтерлік және экономикалық пайдаларды айырады.

Бухгалтерлік пайда – бұл жалпы табыс пен өндірістегі бухгалтерлік шығындар арасындағы айырма.

Экономикалық пайда – бұл жалпы табыс пен экономикалық шығындар арасындағы айырма. Дәл осы экономикалық ілімді зерттеудің пәні болып табылады.

Егер, фирманың жалпы табыстары оның шығындарына тең болса, онда экономикалық пайда нөлге тең немесе қалыпты болады.

Қалыпты пайда – бұл фирманы істе ұстауы үшін оның сондай үлкен табысы.

Пайда нормасы – бұл процентте өрнектелген, пайданың өндіріс шығындарына қатынасы.

Шығындарды қысқартудың негізгі бағыттары:

1. Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін қолдану;

2. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;

3. Экономикалық ресурстарды тиімді пайдалану;

4. Экономикалық процестерді мемлекеттік реттеу.

2. Ресурстар нарығындағы бағаның






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных