Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ақша нарығы. Банктік жүйе.




Ақша массасы – бұл экономикада тауарлар мен қызметтердің айналымы үшін қажетті қолма-қол және аударым ақша нысанындағы барлық ақша құралдарының жиынтығы. Басқа да нарық сияқты, ақша нарығында ақшаға сұраныс пен ұсыныс болады.

Ұсыныс – ақша массасының айналымы немесе айналымдағы барлық ақшалар. Ақша ұсынысының сипаттамасы үшін ақша агрегаты қолданылады. Олар әр түрлі ликвидті активтер тобын көрсетеді:М 1, М 2, М 3, L және т. б.

М 1 агрегаты(келісім шарт үшін ақша) айналыстағы қолма-қол ақшалар: монета, қағаз ақшалар, ағымдық есептегі ақшалар;

М 2 агрегаты – М1 + тұрғындардың депозиттері мен банктік емес заңды тұлғалардың депозиттері, ағымдық салымдар;

М 3 агрегаты – М 2 + коммерциялық банктердің жинақ шотындағы ақшалар, мамандандырылған қаржы институттарындағы депозиттер.

L агрегатына бағалы қағаздар тобы кірсе, Х – шетел валютасынан және т.б. тұрады.

Ақшаға сұраныстың үш түрі ажыратылады:

1. Келісім жағынан ақшаға сұраныс

2. Активтер жағынан ақшаға сұраныс

3. Ақшаға жалпы сұраныс

1) Келісім жағынан ақшаға сұраныс. Ақша адамдарға айналым құралы ретінде, яғни тауар мен қызметтерді сатып алу үшін қажет. Үй шаруашылығына тауар сатып алуға қарыздар мен коммуналдық төлемдерді төлеуге жұмсалады. Кәсіпорындарға еңбекақы төлеуге, материалдар мен энергияға кеткен шығындарды төлеу үшін қажет. Осы мақсаттар үшін қажетті ақша келісім жағынан ақшаға сұраныс деп аталады. Келісім үшін қажетті ақшаның саны жалпы ұлттық өнім құнымен анықталады.

Ақша айналымының заңы айналыс үшін қажетті ақшаның санын реттейді:

Ақша саны = Барлық тауарлар мен қызметтер бағасының сомасы

Ақша бірлігінің айналым саны немесе ақша жылдамдығы

Біріншіден, қажетті ақшаның саны өндірілген өнім мөлшері мен тауардың бағасына тәуелді. Екіншіден, ақша белгілері санының ұлғаюы өзгеріссіз жалпы ұлттық өнім жағдайында бағаның өсуіне алып келеді. Осы және басқа ерекшеліктері ақша айналысын реттеуде қолданылады. Айналымдағы ақшаның саны қажетті мөлшерден аз да, көп те болмауы қажет. Ақшаның қажетті мөлшерден артуы инфляцияға, ал жетіспеушілігі өндірістің тоқтауына алып келеді.

2 ) Активтер жағынан ақшаға сұраныс. Адамдар ақшаны қор жинау құралы ретінде, актив түрлерінің бірі ретінде ұстауды көздейді. Қаржылық активтерді әртүрлі формада – акция, облигация немесе ақшалай ұстауға болады. Демек, активтер жағынан ақшаға сұраныс бар. Ақшаны иемдену өз алдына құндылық болып табылады. Активтерге қолма – қол ақша, ағымдық, мерзімсіз шоттардағы, жедел шоттардағы ақшалар, сертификаттар, облигация, акция, алтын және күміс заттар, автокөлік, жер учаскесі, пәтер, үй жатқызылады. Кез келген уақытта толық құны бойынша басқа кез келген затқа айырбасталатын актив ликвидті (өтімді) актив деп аталады. Ақша басқа актив түрлерінің ішіндегі ең ликвидті (өтімді) актив. Егер ақшаны иемденудің артықшылығы оның ликвидтілігі (өтімділігі) болса, кемшілігі басқа қаржы активтерімен салыстырғанда оның процент түрінде табыс әкелуі болып табылады.

Жинақтаушы салымдар, облигация мен басқа да бағалы қағаздар бойынша процент ставкасы активтің қанша бөлігін бағалы қағаздар, қаншасын ақшалай түрде ұстау керектігін шешуге ықпал етеді.

3) Ақшаға жалпы сұраныс. Ақшаға жалпы сұраныс бұл келісім жағынан сұраныс пен активтер жағынан ақшаға сұраныстың қосындысы. Ақшаға жалпы сұраныс жалпы ұлттық өнім құны мен проценттік ставкаға тәуелді болады.

Ақша нарығындағы тепе – теңдік. Ақшаға сұраныс пен ұсынысты біріктіре отырып, біз ақша нарығы мен тепе – теңдіктің проценттік ставкасын анықтай аламыз. Тауарлар нарығы сияқты ақшаға сұраныс пен ұсыныстың қиылысуы тепе – теңдіктің бағасын анықтайды. Тепе – теңдіктің процент ставкасы ақшаны пайдаланғаны үшін төленетін баға болып есептелінеді.

4. Кредит (несие): мәні, қызметі және нысаны.

Өндіріс қисыны мынадай, ақша ылғи айналыста болуы керек. Осыдан кейбір фирмаларда белгілі бір уақытта ақша құралдары уақытша босатылады, ал осы уақытта басқа фирмалар жоқ ақшаға қажеттілікті сезеді.Бұл қайшылық кредит көмегімен шешіледі.

Кредит (несие) – қарыз капиталының қозғалысы, несие беру мүмкіндігі ақшасын төлеу, қайтарып беру және мерзімдік принциптеріне құрылған. Айналым процесінде босатылған фирманың ішкі құралдары несиенің қайнар көздері болып табылады.

Оларды қарастырамыз:

1. Негізгі капитал айналымға түскенде, амортизациялық қорға құндық қор жинауы пайда болады. Өндірістің жаңа құрамдарын алғанша ол несиеге берілуі мүмкін.

2. Жаңа шикізатты сатып алу және дайын өнімді сату уақытының сәйкес келмеуімен байланысты, айналым капиталының бір бөлігі ақшалай түрде босатылады. Ол да несие ретінде пайдалануы мүмкін.

3. Төлем уақыты келмегенше, еңбек ақы төлеуге арналған ақшалар, уақытша бос ақша капитал бола алады.

4. Өндірісті кеңейту үшін, яғни табысты капитализациялау үшін, оны қажетті мөлшерде жинау керек, ал оған дейін оны біреуге несиеге беруге болады.

Несие нарықтық экономика тұсында маңызды қызметтер атқарады.

1. Тарихи тұрғыдан несие қоғамдық өндірістік шеңберін айтарлықтай кеңейтті.

2. Несие қайта бөлу қызметін атқарады. Осының арқасында жеке жинақтар, кәсіпорындар пайдасы, мемлекет табысы қарыз капиталына айналып, халық шаруашылығының кіріс келтіретін салаларына жұмсалады.

3. Несие айналым шығындарын үнемдеуге көмектеседі. Оның дамуы барысында банктік есепшот пен алымдар (несие карточкалары, әртүрлі есепшоттар, депозит сертификаттары) қолма – қол айналымға түседі, сөйтіп ақша ағымы жеделдейді.

4. Несие капиталдың орталықтануы мен шоғырлануын түзету қызметін атқарады. Кредитті бәсекелік күресте жиі пайдаланады, ол фирмалардың бірігуі мен бірін – бірі жойып жіберуіне ықпал етеді.

Несие беру процесінде несиені әр түрлі нысанда жіктейді.

Несие беру тәсілі бойынша несие натуралды және ақшалай деп ажыратылады.

Натуралды несие беруде несие нысандары ретінде инвестициялық тауарлар, тұтыну тауарлары, шикізат, ресурстар, өндірістік тұтыну заттары ұсынылады.

Ақшалай несиенің нысандары: ақшалай сатып алу құралдары, ақша капиталы, акциялар, вексельдер, облигациялар және басқа міндетті қағаздар.

Несие беру мерзіміне байланысты:

· Қысқа мерзімді несие, мұнда бір жылға дейін беріледі;

· Орта мерзімді несие, 2 жылдан 5 жылға дейін;

· Ұзақ мерзімді несие, 6 жылдан 10 жылға дейін;

· Арнайы ұзақ мерзімді несие, 20 жылдан 40 жылға дейін.

Несиелік кеңістіктің сипаты бойынша несие халықаралық, мемлекеттік, банктік, коммерциялық, тұтынушылық, кепілдік болып бөлінеді.

Халықаралық несие – бұл қарыз капиталының халықаралық экономикалық қатынастың аумағындағы қозғалысы, оның тауарлы немесе ақшалай (валюталы) нысаны болады. Үкімет, банктер, жеке фирмалар несие беруші де, несие алушы да бола алады.

Мемлекеттік несие – мемлекет несиені халыққа және жеке бизнеске береді. Бұл несиенің қайнар көзі мемлекеттік займ облигациялары болып табылады.

Банктік несие – несие – қаржылық мекемелер (банк, қорлар және тағы басқалар) кез келген шаруашылық субъектілеріне (фирмаға, жеке кәсіпкерлерге, т/б) ақша ссудасы түрінде береді. Бұл ссудалық капиталдың несиесі, оның объектісі – ақша.

Коммерциялық несие – бұл несие шаруашылық тұлғалары басқаларына төлемнің мерзімін ұзарту арқылы тауарды сату түрінде беріледі. Бұл – тауар несиесі. Оның объектісі тауарлы капитал. Ол тауар айналымын тездетіп, айналымға керек түрде ақша массасын қысқартады.

Тұтынушылық несие – жоғары процентте (30%) көбіне анықталған мерзімге (1 жылдан 3 жылға дейін) жеке тұлғаға беріледі. Бұл несие мерзімі ұзартылған төлемді тауарды сату түрінде бөлшек дүкендер арқылы немесе банктік ссуда беру түрінде беріледі.

Ипотекалық кепілдік несие – несие кепілдеме түрінде беріледі, яғни ақша, мүлікпен қамтамасыз етіледі. Бұл несиені банктер жеке тұлғаға қозғалмайтын мүлікті кепіл ретінде алып (оған жер, құрылыс, ғимарат жатады) беріледі. Бұл несиенің қайнар көздері: ипотекалық облигациялар, оны банктер және кәсіпорындар шығарады.

Несиелік жүйе – валюта қаржылық мекемелердің кешені, бұл кешен айналымдағы бар ақша санын өзгерту жолымен экономиканы реттейді.Қазіргі кредиттік жүйеде мынадай үш негізгі буын бар: орталық банк, коммерциялық банк, маманданған несие – финанс институттары. Кредиттік жүйеде жетекшілік орынды банк атқарады, ол капитализмнің бастапқы сатысында ХVІІІ – ХІХ ғасырларда коммерциялық банктерден бөлініп шықты. Тек орталық банкке ғана мемлекет ақша шығаруға (эмиссия) ерекше монопольдық құқық берді. Көптеген орталық банктер бірден мемлекеттік институттар болып құрылды (немістің федеральдық банкісі, Австралияның резервтік банкі), басқалары екінші дүниежүзілік соғыстан кейін мемлекет иелігіне айналды (Франция банкісі, Англия банкісі, Жапония банкісі, Нидерланд банкісі). Бірқатары осы күнге дейін аралас мемлекеттік жеке меншік негізінде жұмыс істейді. Мысалы, АҚШ-тың федеральдық резервтік жүйесі (1913), бұрынғы КСРО да орталық банк – КСРО Мемлекеттік банкі болды. Қазақстанда қазір Ұлттық банк осындай рөль атқарады.

Орталық банктер көптеген қызметтер атқарады, солардың ішінде бастылары:

· банкнот эмиссиясы (шығару);

· мемлекеттік алтын – валюта резервін сақтау;

· басқа несие беретін мекемелердің резервтік қорларын сақтау;

· экономиканы ақша – несие арқылы реттеу;

· коммерциялық банктерге несие беру және мемлекеттік мекемелерге кассалық қызмет көрсету;

· есепшот жүргізу және ақша аудару операциялары;

· несие беретін мекемелердің қызметіне бақылау жасау.

Коммерциялық банктер несие жүйесінің «нервтік» орталығы болып есептеледі. Қазіргі коммерциялық банктер несие финанс мекемелерінің әмбебап сипаттағы түрі. Ол халық пен кәсіпорындардан салымдар қабылдап, несие беріп қана қоймай, сонымен қатар клиенттерге қаржылық қызмет көрсетеді. Коммерциялық банктердің операциялары пассивті (қаржыларды келтіру) және активті (қаржыны орналастыру) болып бөлінеді.

Арнайы несие – қаржылық институттармен ұсынылған несие жүйесінің үшінші деңгейі: зейнетақы қоры, сақтандыру компаниялары, инвестициялық банктер, ссуда – қор жинау ассоциациялары және т/б. Олар өздерінде көптеген ақша ресурстарын жинайды, сондықтан ақша саясатына үлкен ықпал жасайды. АҚШ -тың барлық маманданған несие қаржы мекемелерінің жинақтық активі коммерциялық банктердің активінен екі есе артық.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных