ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Табыстардың құрылымы. Қоғамдағы табыстарды бөлу, теңсіздік мәселесі.Мемлекеттің әлеуметтік саясаты тізбегіндегі басты буын – халық табысын құру саясаты. «Табыс» деген түсінік экономикалық жұмыс нәтижесінің көрсеткіші. Экономикалық әдебиетте «табыс» дегенді жаңадан жасалған құнның мөлшерін анықтауға қолданып, өндірілген құнның оны өндіруге жұмсалған шығындардан артық болуы, әр таптың, әлеуметтік топтың немесе жекелеген адамның өндірілген өнімдегі үлесі, оны иемденуі мағынасында түсіндіреді. Қоғам мүшелерінің табыс дәрежесі деңгейі олардың әл-ауқатының басты көрсеткіші, өйткені ол жеке адамның материалдық және рухани өмірін анықтап, демалуына, білім алуына, денсаулығын сақтауына, күнделікті тұтыну қажеттілігін өтеуге мүмкіндік береді. Халық табысының мөлшеріне тікелей әсер ететін факторлардың ішіне, жалақының көлемінен басқа бөлшек сауда бағасының динамикасы, тұтыну нарығын тауарлармен толтыру және т.б. бар. Халық табысының деңгейі мен динамикасын сараптау үшін номиналды, қолдағы және нақтылы кірістердің көрсеткіштері қолданылды. Табыс – белгілі бір уақыт аралығында алатын және игілікпен қызметке ие болумен қатар, және тұтынуын қамтамасыз ететін ақша құрылымының сомасы. Номиналды табыс – жекелеген адамдардың белгілі уақытта алған ақшасының саны. Қолдағы табыс – жеке тұтынуға және жеке жинақтауға болатын табыс.Қолдағы бар табыс номиналды табыстан салық пен міндетті төлемдер сомасына кем болады. Нақтылы табыс – белгілі бір уақытта қолдағы бар табысқа сатып алған қызмет пен тауарлардың саны,ол баға деңгейінің өзгеруімен түзетіліп отырады. Халықтың нақтылы ақшалай табыстарының құрылымының бірнеше қайнар көздері бар, олардың негізгілері: факторлық табыстар, қоғамдық тұтыну қорларынан бірлесетін төлемдер мен жеңілдіктер,финанс жүйесі арқылы келетін (банктерден, жинақ кассаларынан, сақтандыру мекемелерінен және т.б.) және басқа түсімдер. Жалақы, кәсіпорындардағы, кооперативтердегі жалақы тектес табыстар, өз шаруашылығының табыстары және басқалар.Еңбек факторына ақы төлеудің тенденциясын талдау бұл табыс түрінің болашақта да жалпы ақша табыстарының көлемін құруда жетекші рөль атқаратынын көрсетеді. Халық табысының құрылуына айтарлықтай әсер ететін жай қоғамдық тұтыну қорынан (қтқ) берілетін төлемдер мен жеңілдіктер немесе мемлекеттік көмектің бағдарламасы. Осылардан зейнеткерлерді қамсыздандыруға, уақытша жұмысқа жарамсыздарды қолдауға әр түрлі жәрдем ақыға(балаларды күтуге, дәрігерлік қамту, табысы аз отбасыларының балаларына, жұмыссыздарға жәрдем беру)қаржы бөлінеді. Халық табысында трансферттік төлемдер мен жалақы үлестерінің арақатынасы жеке адамның экономикалық мүдделілігі мен еңбекке ықыласын қалыптастыруда ерекше рөл атқарады. Жалпы табыстар сомасындағы жалақының басым болуы кәсіпкерлік,жаңашылдық,іскерлік сияқты жақсы қасиеттерді қалыптастырады. Қоғамдық тұтыну қорынан берілетін төлемдерді күшейту (немесе мемлекеттің көмек бағдарламасын) өндірістік қызметке қатысу деңгейін төмендетіп,біреуге арқа сүйеушілік, масылдық психологияны тәрбиелейді. Қаржы-несие жүйесі арқылы алатын халықтың ақшалай табыстары мынадай түрде көрінеді: - мемлекеттік сақтандыру төлемдері; -жеке тұрғын үй құрылысы үшін, жас отбасыларына шаруашылық заттарын алуға, бау-бақша серіктестіктеріне және т.б.техника, инвентарь сатып алуға берілетін қарыз; -жинақ кассаларындағы салымдарға жыл аяғында қосылатын проценттер; -акция құндарының өсуінен, облигация мен заемдардан түсетін табыстар, -лотерея ұтыстары; -тауарларды несиеге сатып алудан құралатын уақытша бос қаржылар; -әр түрлі қайтарымдар (компенсация). Басқаша ақша түсімдеріне комиссиондық және сату дүкендерінен, ауыл шаруашылық өнімдерін дайындаудан түскен кірістер жатады. Халықтың номиналды табысына атап өткеніміздей олардың таза табыстарымен қатар міндетті төлемдері де жатады. Төлемдер мен алымдарды жинақтай отырып, мемлекет өзінің ресурстарын құрайды, әлеуметтік саясатты жүзеге асырады, ақша қаржыларын қайта бөледі, табысы аз азаматтарға көмек көрсетеді. Табысы аз азаматтардың мүддесін қорғау мақсатында және әл-ауқат дәрежесін белгілі деңгейден төмендетпеу үшін мемлекет табыстың ең төменгі табалдырығын анықтап, оған салық алмайды. Сонымен қатар жоғары табысқа үдемелі салық ставкасын тағайындайды. Экономикалық теория салықтың екі тобын көрсетеді:тікелей және жанама. Тікелей салықтар тек жалақыдан және басқа факторлық табыстардан алынып, мемлекет қазынасына түседі. Жанама салықтар (акциздер) тауар бағасында «жасырылады», бірақ жекеленген елдерде оны дүкенде тауар сатып алғанда әлеуметтік ашық мәлімдеу тәжірибесі қолданып жүр. Сонымен, халыққа салық салу-табысты бөлудің дербес тұтқасы, саясаттың бір бағыты. Халықтан алынатын салық пен төлемдердің көлемі табыстың өсуімен көбейіп отырады. Салық түсімдерінің ішінде шешуші рөлді табыс салығы алады,сонымен қатар жеке табыстан, мұрагерлікпен, ауыл шаруашылығынан, отбасы шағын азаматтардан, сатудан және т.б салық алынады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|