Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






лемдік мәселелердің экономикалық жақтары.




Соңғы он жылдықтарда бүкіл адамзат өмірінде әлемдік мәселелердің маңызы ерекше өсіп отыр. Әлемнің едәуір бөлігінің жанталаса қарулануы мен даму деңгейінің төмендеуі жағдайында азық-түліктің, шикізаттың тапшылығы, энергетикалық, демографиялық дағдарыстар қосылды.

90- жылдардағы адамзат алдында тұрған әлемдік проблемаларды мынадай үш топқа бөлуге болар еді. Бірінші топқа интерәлеуметтік проблемалар жатады. Бұл топтағы өз шешімін күтіп отырған мәселелер: соғыс және бейбітшілік мәселелері, қарулануды біртіндеп шектеу, экономикалық және ғылыми-техникалық артта қалушылықты жою.

Екінші топқа жеке адамның өзі мен оның ішкі дүниесі, мәдени-этникалық жүйе мен дүниетаным проблемалары жатады. Бұл топқа демографиялық мәселелер, ашаршылық, ауру-індетпен күресу, артта қалушылықты жою, ұлттық мәдениет пен өнерді сақтау және байыту т.б. проблемалар да жатады.

Әлемдік мәселелердің үшінші тобына, қоғам мен табиғаттың өзара әрекетінен туындайтын проблемалар жатады. Бұл топқа минералды шикізат қорларының шектеулілігі, энергетикалық проблемалар, қоршаған ортаны қорғау, әсіресе ядролық сынақтардан зардап шеккен аймақтарды сауықтыру, дүниежүзілік мұхиттың ресурсын игеру, космос кеңістігін зерттеу мен пайдалану және азық-түлік проблемалары жеке бір мемлекет мүдделерімен шектелмейді, олар кең ауқымды, көп қырлы мәселелерді анықтап зерттеуді, оны бірлесіп шешуді қамтитын проблемалар.

Аса маңызды әлемдік проблемаларға соғыс және бейбітшілік, экономиканы халық тұтынатын азаматтық өнімдерді өндіруге көшу проблемалары жатады.

Қырғи қабақ соғыс кезеңіндегі қарсыласудың нәтижесінде әлемде көптеген ядролық қарулар жинақталған. Олар тіршіліктің күлін көкке ұшыратуы мүмкін. Ядролық қарудың негізгі орталықтары АҚШ және бұрынғы КСРО елдері болды. Олардың арасында 70-жылдың өзінде-ақ белгілі ядролық ракеталық қарама-қарсылық қалыптасқан болатын. Тек соңғы жылдарда ғана жаңаша саяси ойлауды, конфронтацияны жоюды, қарулы күштерді қысқартуды қайта қарастырудың қиын процесі басталды. Осы бағытта алғашқы жетістіктерге де қол жетті. Жаппай қарулану елдер үшін қымбатқа түсті. АҚШ-тың федерациялық қарызы 3 трлн. долларға артты, ал КСРО-ның ішкі қарызы 1990 жылы 550 млрд. сомнан асып түсіп, 1991 жылы 1 трлн. сомға жақындады. Дүниежүзіндегі әскери қажеттіліктерге жұмсалатын қаржының жалпы құны жылына 1 трлн. доллардан асып кетті. Бұл шамамен, әлемдік ЖҰӨ-нің 6-7%-і, ал АҚШ-та 8%-ке жуық, бұрынғы КСРО-ның ЖҰӨ-нің 18%-не тең.

Варшава келісімі елдер блогының жойылуы, одан кейін Совет Одағының ыдырауы конфронтация атмосферасын одан әрі әлсіретті. НАТО кейбір өзінің стратегиялық мақсаттарын қайта қарастырып, әскери және саяси блок ретінде сақталып қалды.

Бұрынғы КСРО-ның әлсіреген экономикасына конверсияны, қорғаныс өнеркәсібінің жаңа технологиялық өзгерістерін қаржыландыруға тура келіп тұр.

Жаппай қаруланудан шығатын екінші қорытынды, әскери шығынның әрқашан тапшылыққа, қайыршылыққа ұшырататыны және түпсіз тұңғиыққа кетіп жатқан капиталға тән екендігі. Милитаризацияға аз шығындалатын елдер әлеуметтік-экономикалық дамуда неғұрлым мол табыстарға жетуде. Мысалы ретінде Жапонияны, Швейцарияны т.б. елдерді атауға болады.

Конверсия әлемдік проблемаларды шешуге, үлкен ресурстарды бөлуге мүмкіндік береді. Конверсияның қандай түрі болса да халық шаруашылығына, қоғамға айтарлықтай пайда келтіреді.

Адамзатқа төнген жойылып кету қауіп-қатері тек жаппай қарулануда ғана емес. Ол тектоникалық сипат алған өндірістің іс-әрекетінен де келеді. Қазір жер шарының барлық жерінде дерлік адам газданған ауамен дем алады, сапасы жағынан күдікті су ішеді, зиянды заттарға толы тағамдар жейді.

Әзірше, өндіріске тартылатын заттардың жалпы көлемінен түпкі өнім формасын тек 1-1,5%-і ғана қабылдайды. Қалған 100 миллиондаған тонна қалдықтар, улы газдар, қышқылдар бүлінген заттар. Олар қоршаған ортаны атмосфераны, су және жер ресурстарын ластайды, флора мен фаунаға зиян келтіреді, жылылық эффектісімен адамзатқа қауіп төндіреді, адам денсаулығына зиянын тигізеді.

Экологиялық қауіп деңгейін төмендету шаралары жүйесін жасап және оны бірте-бірте жүзеге асыру үшін дүние жүзі елдері қоршаған ортаны қорғауға жылына жүздеген миллиард доллар қаржы бөлуі керек. Ғалымдар мен практиктер қалдықтар мен жарамсыз заттарды тек қосымша тазалаушы және қалпына келтіруші жүйелерді қолдану арқылы ғана емес, ең алдымен қалдықсыз технологияны енгізу арқылы оларды қайтара пайдалану жолымен қысқартуды ұсынады. Шаруашылықты жүргізу ісінде бұл әдістерді қолдану өте тиімді. Олар материал және энергия сыйымдылығын қысқартып, адам мен табиғат үшін шаруашылық іс-әрекеттің қауіптілік дәрежесінің төмендеуіне көмектеседі. Қалдықсыз технологияға қаржы бөлу, оның толық циклын жүзеге асырған жағдайда өз шығынын ақтайды және жоғары табыс әкеледі.

Халықтың санының өсуі, урбанизация, қайыршылық пен аурулар т.б. проблемаларды шешу үшін едәуір қаржы керек. Әзірше экономикалық өсу, атап айтқанда, азық-түлікпен қамтамасыз етудің қарқыны халық санының өсу қарқынына жете алмай отыр. 1960 жылы жер шарында 3 млрд. адам өмір сүрді, ал 2025 жылы болжам бойынша халықтар саны 8,5 млрд. адамға жетеді. Халық өсімінің табиғатқа жасайтын әсері ормандар мен егістіктің көлемінің қысқаруымен, құстар мен жабайы аңдардың, өсімдіктердің сирек түрлерінің жоғалып кетуімен қатар жүреді.

Жер асты қазбалы байлықтары шектеулі, сондықтан, әлемдік мұхит байлықтарын игеру мәселесі де адамзатты алаңдатып отыр. Адамзат қазірдің өзінде энергияның жетіспеушілігін көріп отыр. Ал оны толықтыру үшін альтернативті энергия көздерін ашу қажет.

Шикізаттық, энергетикалық, азық-түліктік проблемалардың шиеленісуі – «үшінші әлем» елдерінің өнеркәсібі дамыған елдердің экономикалық деңгейіне жетуін күрделендіреді.

Адамзаттың әлемдік проблемаларын шешу үшін, әлемдік деңгейдегі бар күш-жігерді біріктіру қажет.

Міне, сондықтан да барлық елдердің, оның халықтарының ынтымақтастығын нығайту, халықаралық еңбек бөлінісін тереңдету, халық шаруашылықтық байланыстарды интернационалдыру, жер бетінде баянды бейбітшілік орнатудың, әлемдік проблемаларды шешудің нақты жолы.

 

Дебиеттер

 

1. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Я. Әубәкіров және т. б. Алматы, «Санат», 1998.

2. Экономикалық теория. Оқу құралы. Я. Әубәкіров және т. б. Алматы, Қазақ университеті, 1999.

3. Экономикалық теория. Мырзалиев Б.С. және т. б. Оқу құралы. Алматы, 2006.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Дүние жүзілік шаруашылықтың қалыптасуының обьективті негіздері неде?

2. Халықаралық экономикалық қатынастардың нысандары қандай?

3. Әлемдік проблемалардың түрлерін көрсетіңіз.

 

Тест тапсырмалары

1. Экономикалық теория... зерттеу үшін қолайлы.

а) барлық экономикалық жүйені

б) шаруашылықтың тек капиталистік жүйесін

в) социализмге тән экономикалық қатынастарды

с) қоғамның өндірістік күштерінің өзгерістерге ұшырауын

д) тек индустрияландыруға дейінгі жүйені

2. Саяси экономия терминін өз еңбегінің тақырыбына бірінші қолданған ғалым:

а) Адам Смит

б) Адам Смит Антуан де Монкретьен

в) Аристотель

с) Карл Маркс

д) Альфред Маршал

3. Өндірістің негізгі факторы... болып табылады.

а) еңбек, жер,капитал, кәсіпкерлік қабілеті

б) жер, адамдар, ауа, адамдар идеясы

в) еңбекақы,капитал, пайыз, табыс

с) қаржы, валюта,пайыз,рента

д) макроэкономика және микроэкономика

4. Өндіріс, ауыл шаруашылығы,құрылыс... салаларға жатады.

а) материалдық игілік өндіретін

б) материалдық қызмет көрсететін

в) материалдық емес игілік өндіретін

с) материалдық емес өндіріс

д) материалдық емес қызметтер көрсетілетін

5. Денсаулық сақтау және білім беру... салаларға жатады.

а) материалдық емес қызмет көрсететін

б) материалдық қызмет көрсететін

в) материалдық емес игілік өндіріс

с) материалдық игілік өндіріс

д) өндірістік

6. Қайта өндіру-бұл:

а) өндірістің үнемі қайталанатын үдерісі

б) өндірістің өзі

в) өндіріс және айырбас

с) өндіріс және бөлу

д) өндіріс пен тұтыну

7. Жай қайта өндіру- бұл:

а) жылдан-жылға өзгермейтін көлемде өндірістің жаңа қосылып отыратын

үдерісі

б) көбейіп отыратын көлемдегі өндірістің қайта жұмыс істеуі

в) өндірістің өзі

с) өндірістің үнемі қайталанатын үдерісі

д) өндіріс пен тұтыну

8. Кеңейтілген қайта өндіру-бұл:

а) көбею көлеміндегі өндірістің қайта жаңартылуы

б) өндірістің өзі

в) өндірістің үнемі қайталанатын үдерісі

с) өндіріс және тұтыну

д) өндіріс және айырбас

9. Өндірудің экстенсивтік нысаны... сипаттайды.

а) қосымша еңбек және табиғи ресурстарды және бұрынғы

техникалық негіздегі өндіріс құралдарын тартуды

б) жұмыс істейтін кәсіпорынды қайта құруды

в) өндіріс пен өнімді жаңарту есебінен дамытуды

с) технологияны өзгертуді

д) салалық құрылымды өзгертуді

10. Өндірудің интенсивтік түрін... сипаттайды.

а) жаңа технологиялар негізінде барлық факторларды тиімді пайдалану

есебінен өндірісті кеңейтуді

б) өндіріс құралдарын жетілдіру және бір және сол жылы шығарылған

техниканы пайдалануды

в) жұмыс күшін көбейту есебінен дамытуды

с) жаңа кәсіпорынның құрылысын салу және капитал салуды өсіруді

д) салалық құрылымды өзгертуді

11. Меншіктің экономикалық санаты... қатынастарды көрсетеді.

а) өндіріс нәтижелері мен құралдарын иемдену бойынша

б) менеджмент

в) адамның табиғатқа

с) жіктік белгілері бойынша адамдар арасындағы

д) құқықтық өкілет жүйесі бойынша

12. Меншік-бұл:

а) қандай да бір материалдық игілікті иемдену мәселесі бойынша адамдар арасындағы қатынастар

б) адамның затқа қатынасы

в) заттар арасындағы қатынас

с) заттардың адамға қатынасы

д) адамның игілікке қатынасы

13. Натуралды нысандағы шаруашылыққа... тән.

а) тұтыну мен өндірістің тікелей байланысы

б) шаруашылықтың ашықтығы

в) еңбекті бөлу мен мамандандыру

с) ауыстыру мақсатында өнім өндіру

д) жұмыс күшінің тез жиналуы

14. Алғашқы ірі қоғамдық еңбекті... сипаттайды.

а) жер игеру мен мал бағу қызметтің ерекше түріне жекеленуі

б) көпестік пен суданың жекеленуі

в) кәсіптің қызметтің ерекше түріне жекеленуі

с) өндірістің қоғамдасуы

д) тауар өндірудің жекеленуі

15. Еңбектің екінші ірі қоғамдық бөлінуі... сипаттайды.

а) қол өнерінің ерекше қызмет түріне жекеленуі

б) сауда мен көпестің жекеленуі

в) мал бағудың қызметтің ерекше түріне жекеленуі

с) жер игеру қызметтің ерекше түріне жекеленуі

д) өсімқордың жекеленуі

16. Тауарлы өндіріс... сипаттайды.

а) еңбекті бөлу мен шаруашылықтың ашықтығы

б) өндіріс пен тұтынудың тікелей байланысы

в) өнімнің натуралды нысаны

с) еңбектің әмбебапты сипаттамасы

д) жұмыс күшінің жинақылығының болмауы

17. Тауар - бұл:

а) айырбасқа арналған еңбек өнім

б) табиғат сыйы

в) экономикалық емес игілік

с) өзі тұтыну үшін арналған өнім

д) капитал

18. Экономикалық санат ретінде ақша... болады.

а) жалпы баламаның рөлін атқаратын тауар

б) алтын мен күміс

в) басқа тауарға қарағанда, өзінің құнын көрсететін тауар

с) алтынмен бағаланған тауар құны

д) тауардың ерекшелігі

19. Баға деген түсінікті анықтайтын ақшаның қызметі - бұл:

а) құн шарасы.

б) жинақтау құралы.

в) айналым құралы.

с) төлем құралы.

д) әлем ақшасы.

20. Тек алтын ғана орындай алатын ақшаның... қызметі бар.

а) қазынаның пайда болу құралы

б) айналым құралы

в) төлем құралы

с) құн шарасы

д) әлем ақшасы

21. Ақша... қызметінің негізінде кредит ақшасы пайда болады.

а) төлем құралы

б) әлем ақшасы

в) құн шарасы

с) айналым құралы

д) жинақтау құралы

22. Экономикалық мәселелер кейде нарықпен, кейде мемлекетпен жекелей

шешілген кезде, онда экономика:

а) аралас

б) нарықтық

в) дәстүрлі

с) әміршіл

д) кезеңдік

23. Өндірістік қатынастар- бұл:

а) өндіріс үдерісіндегі адамдар арасындағы қатынастар +

б) табиғи, материалдық,ақпараттық ресурстарды пайдалану бойынша қатынастар

в) адамның табиғатқа қатынасы

с) әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар

д) таптар арасындағы қатынастар

24. Өндіріс - бұл:

а) өндіргіш күш пен өндірістік қатынастардың өзара іс-қимылы және бірлігі

б) қоғамның дамуының белгілі бір кезеңіне тән экономикалық тәртіп

в) қоғамдық-экономикалық формация (кезең)

с) материалдық және рухани құрылымның деңгейі

д) технология

25. Рынок шаруашылығының негізгі субьектілері... болып табылады.

а) үй шаруашылығы, бизнес және үкімет

б) өндіріс факторының иелері

в) өндірістік, сауда және несие беруші капиталистер

с) жалдамалы жұмысшылар,капиталистер, жер иелері

д) кәсіподақ, кәсіпкерлердің бірігуі, мемлекеттік институттар

26. Олигополия (өктемдік)-бұл:

а) стандартталған және сараланған тауар шығаратын бірнеше ірі фирма билейтін рынок

б) еркін бәсекенің рыногы

в) бір фирма ғана билейтін рынок

с) жетілдірілген бәсекенің рыногы

д) монопсония

27. Монопсония- бұл:

а) рынокта бір сатып алушының болуы

б) рынокта бір сатушының болуы

в) рынокта көп сатушының болуы

с) рынокта көп сатып алушының болуы

д) бірнеше сатушы мен сатып алушының болуы

28. Монополия – бұл:

а) бір фирмадан тұратын сала

б) олигополия

в) нақты баламаның болуы,өнімнің жақын айырбастаушысы бар

с) салаға кіруге кедергі жоқ

д) бірнеше ірі фирмалар билік жүргізетін сала

29. Сұраныс заңы... көрсетеді.

а) тауар бағасынан сұраныс көлемінің кері тәуелділігін

б) бағасыз факторларға сұранымның тәуелділігін

в) бағадан сұраныстың кез-келген тәуелділігін

с) тауар бағасына сұраныс көлемінің тікелей тәуелділігін

д) сұраныстан бағаның кез келген тәуелділігін

30. Ұсыныс заңы... қарастырады.

а) баға мен сатылатын тауардың арасындағы тікелей байланысты

б) әр тауардың икемділік шарасын

в) баға мен сатылатын тауардың саны арасындағы кері байланысын

с) тауардың өзара айырбасталуы және өзара толықтыру арасындағы байланысын

д) ресурстардың құнына ұсыныстың тәуелділігін

31. Тауар рыногы мен қызмет... тепе-теңдік жағдайда болады.

а) сұраныс көлеміне ұсыныс көлемі тең болса

б) ұсыныстан сұраныс көп болса

в) баға сатып алушылар мен сатушыларды қанағаттандырса

с) нақты жалпы ұлттық табыстың өсуіне сұраныс тұрақты болса

д) сатып алушылар саны мен сатушылар саны тұрақты болса

32. Егер тауар бағасы сұраныс қисығы мен ұсыныс қисығының қиылысуы нүктесінен төмен болса, онда... туындайды:

а) тапшылық

б) артықтық

в) жұмыссыздардың көбеюі

с) инфляция

д) қайта өндіру дағдарысы

33. Кәсіпкерлік-бұл:

а) тәуекелмен байланысты және табыс алуға бағытталған шаруашылық қызметі

б) тәуекелді қызметтің түрі

в) меншіктен бөлінбейтін қызмет түрі

с) болашағы айтылмайтын қызмет түрі

д) кез келген бизнес турі

34. Фирма қызметінің... мақсаты маңызды болып саналады.

а) табыс алу

б) сатуды көбейту

в) өнімдердің сапасын көтеру

с) қызметкерлердің еңбекақысын көтеру

д) адамдардың тұтыну қажетін қанағаттандыру

35. Негізгі капиталға... жатады.

а) ғимарат,құрылыс, машиналар және басқа да құралдар

б) шикізат, материалдар, жанар май энергия

в) жұмыс күші және өндіріс құралы

с) өндірістің заттық және жеке факторы

д) өндіргіш күштер

36. Айналымды капиталға... жатады.

а) шикізат, материалдар, жанар май; энергия

б) жұмыс күші және өндіріс құралы

в) өндірістің заттық және жеке факторы

с) өндіргіш күштер

д) ғимарат,құрылыс, машиналар және басқа да құралдар

37. Тұрақтыға... шығындары жатады.

а) өнім шығарылмаған уақыттағы фирма

б) қысқа және ұзақ кезеңдерде өзгермейтін

в) өзгерісті капиталдың

с) шикізатты сатып алуға жұмсалатын

д) жұмыс күшіне жұмсалатын

38. Жалпы шығындар... құралады.

а) тұрақты және өзгермелі шығыннан

б) өзгермелі шығындардан

в) жеке және қоғамдық шығындар

с) айқын және айқын емес шығындар

д) фирманы ұйымдастыруға кететін шығын қосылған өнім шығаруға кететін шығын

39. Жалпы табыс – бұл:

а) барлық өнімдерді өткізгеннен алынған табыс

б) барлық шығарылған өнімдердің құндық көрсетілімі

в) бухгалтерлік шығындар- өткізілуден түскен түсім

с) экономикалық шығындар - өткізілуден түскен түсімдер

д) шығарылған өнімдердің көлемі

40. Бухгалтерлік шығындар- бұл:

а) айқын шығындар

б) айқын емес шығындар

в) ішкі шығындар

с) жалпы шығындар

д) шектеулі шығындар

41. Жер рыногының ұсынысы... болып табылады.

а) абсолютті икемді емес

б) абсолютті икемді

в) икемді емес

с) икемді

д) жеке икемділігі бар

42. Еңбекақы... төленетін табыс.

а) еңбекке

б) капиталға

в) жерге

с) кәсіпкерлік қабілетке

д) дарынға

43. Факторлы табысқа... жатады.

а) еңбекақы,рента, пайда, пайыз

б) лотереядағы ұтыстар

в) көлеңкелі экономикадан табыс

с) жергілікті органдардың салымы

д) мемлекеттің салығы

44. Жалпы ұлттық өнімді табыстар ағымы әдісімен есептегенде... ескеріледі.

а) жалақы, пайда, процент, рента

б) жалақы, ұлттық табыс, трансферттер, процент

в) жалақы, ұлттық табыс, жеке табыс, процент

с) ұлттық табыс пен амортизация

д) ұлттық табыс пен трансферттер

45. Жалпы ұлттық өнімді шығындар ағымы әдісімен есептегенде... ескерілмейді.

а) жалақы

б) жалпы инвестициялар

в) таза экспорт

с) таза инвестициялар

д) мемлекеттік шығындар

46. Нарық ұғымы- бұл:

а) тауар –ақша айырбасы сферасы

б) айырбасқа негізделген өндіріс жүйесі

в) өндіріс факторларына меншік түрлері көптігі

с) жалдама еңбек жоғары дамыған қоғам

д) сұраныс пен ұсыныс қатынасы

47. Нарықтың анықтамасы- бұл:

а) сатып алушылар мен сатушылардың байланыстарын тауар бағалары еркін теңдесу тенденциясына ие болатын қатынастар жүйесі

б) сатып алушылар мен сатушылардың өзара ерікті әрекеттесу механизмі, сұраныс пен ұсыныс қатынасы

в) өнім өндірушілер мен оны тұтынушылардың байланыстарын айырбас кеңістігі

с) тауар өндірісімен айналыс заңдары бойынша ұйымдастырылған жүйе тауар ақша қатынастарының жиынтығы

д) тауар ақша қатынастарының жиынтығы

емін еркін баға құру

48. Бәсекенің формасына... жатады.

а)жетілген және жетілмеген бәсеке

б) таза және жетілмеген бәсеке

в) еркін және монополиялық бәсеке

с) таза және ашық бәсеке

д) жетілмеген және монополиялық бәсеке

49. Технологияны жетілдіру........ жылжытады:

а) ұсыныс қисығын төмен оңға қарай

б) сұраныс қисығын жоғары-оңға қарай

в) сұраныс қисығын төмен оңға қарай

с) ұсыныс қисығын жоғары солға қарай

д) ұсыныс қисығы жылжымайды

50. Микроэкономика... зерттейді.

а) фирмалар теориясын

б) бүкіл экономика ауқымындағы өндірісті

в) шаруашылықта жұмыс істейтіндер санын

с) қант өндірісі мен оның баға динамикасын(қозғалысын)

д) жалпы баға деңгейін

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы- Алматы, 1995.

2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030». Қазақстан халқына Президенттің Жолдауы. Астана-1997 ж.

3. Назарбаев Н.Ә. Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19 наурыз 2004 жыл.

4. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан Республикасының Президенттің Қазақстан халқына жолдауы. Егемен Қазақстан, 18 ақпан 2005 жыл.

5. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. «Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» // Қазақстан. 2006, 1 наурыз.

6. Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. /Егемен Қазақстан. 30 қаңтар 2010 ж./

7.Қазақстан Республикасының заңдары:

7.1 Меншік туралы.

7.2 Мемлекет қармағынан шығару және жекешелендіру.

7.3 Кәсіпорын туралы.

7.4. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы.

7.5 Қазақстан Республикасының Салық кодексі.

7.6 Тікелей инвестициаларды мемлекеттік қолдау туралы.

7.7 Тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етілуі туралы.

7.8 Шетел инвестициясы туралы.

7.9 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі туралы.

8. Экономикалық теория негіздері. Оқулық / Я.Әубәкіров және т.б. Алматы,

«Санат». 1998.

9. Экономикалық теория. Оқу құралы. Я. Әубәкіров және т.б. Алматы, Қазақ

университеті, 1999.

10.Нарықтық экономика теориясына кіріспе. Мәдешев Б. Оқу құралы. Алматы, 1995.

11.Жалпы экономикалық теория. Шәденов У.К, Сағындықов Е.Н, Байжомартов У.С. Оқулық. Алматы- Ақтөбе. 2002.

12.Жаңа кезең-экономикалық теориясы. Сахариев С.С. Оқулық. Алматы. Дәнекер. 2004.

13.Хожаназаров Қ. Маркетинг негіздері. Алматы. 1996.

14.Экономикалық теория. Мырзалиев Б.С. және т.б. Оқу құралы. Алматы. 2002.

15.Осипова Т.М. Экономикалық теория негіздері. Оқу құралы. Алматы. 2002.

16.Макконнелл К.Р., Брю С.Л. Экономикс- 13 изд.- М., ИНФРА- М, 2001.

17.Ашимбаев Т.А. Экономика Казахстана на пути к рынки.- Алматы Казахстан, 1994.

18.Гамарник Г.Н. Управление экономикой Казахстана- Алматы, Экономика, 2002.

19.Кенжегузин М.Б.Экономика Казахстана на пути преобразований. Алматы. ИЭМОН. РК, 2001

20.Темірбекова А.Д. Экономикалық теория. Оқу құралы-А, 2008.

21.Экономическая теория: Учебник. / Под ред. В.Д. Камаева/ - М., 2006.

22.Курс экономической теории: Учебник./ Под.ред. М.И. Плотницкого, Минск, 2005.

23.Экономикалық теория. Мырзалиев Б.С. және т.б. Оқу құралы. Алматы-2006.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных