Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Халықаралық еңбек бөлінісі – дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуының негізі ретінде.




ХХ ғасырдың екінші жартысы дүниежүзілік шаруашылықтың жедел даму дәуірі болды. Дүниежүзілік шаруашылықтың өндіргіш күштердің тарихи ұзақ уақыт дамуының объективті нәтижесі. Ұлттық шаруашылық шеңберінде қоғамдық, ұдайы өндірістің негізгі процестері жүзеге асады. Тарихи тұрғыдан дүниежүзілік шаруашылық ХІХ-ХХ ғасырларда дүниежүзі халықтарының басым көпшілігінің әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы нәтижесінде қалыптасты.

Ұлттық шаруашылықтар бір-бірімен халықаралық еңбек бөлінісі, өндіргіш күштер, өндірістік қатынастар арқылы әр түрлі деңгейде және әр қилы түр-сипатта көрінетін өндірістік, ғылыми-техникалық т.б. байланыстар кешені.

Дүниежүзілік шаруашылықта соңғы он жылдықта күрделі процестердің жақындасуы және интеграция деп аталатын бірыңғай шаруашылық организмін құруға бағытталған, көптеген елдердің ұлттық шаруашылықтарының бірін-бірі толықтыру процесі жүріп жатыр. Ол интеграцияға бағыт алған елдердің экономикалық және саяси өмірінің әр түрлі жақтарын қамтиды.

Интеграция – шаруашылық өмірді интернационалдандырудың (халықаралық қоғамдастырудың) жоғарғы формасы, өте жоғары дәрежедегі халықаралық еңбек бөлінісі және корпорациялық байланыстардың нәтижесі. Қазіргі кезде дүние жүзінде жүріп жатқан интеграциялық процестер негізінен аймақтық сипатта болып отыр. Жоғары дамыған интеграциялық процестер негізінен аймақтық сипатта болып отыр. Жоғары дамыған интеграциялық одақтар Батыс Еуропада орналасқан. Ең алдымен осы елдердегі жаңа сипаттағы өндірістердің ұлттық нарықтың тар шеңберіне сыймағандығы көрінді. Оларды экономикалық интеграцияға АҚШ және Жапония сияқты бәсекелестермен күресте төтеп беру қажеттігі де итермелейді. 60-жылдардың ортасында Батыс Еуропада Еуропалық экономикалық бірлестік («Ортақ рынок») құрылды. Ортақ рынок шеңберінде кедендік салықтар жойылды, экспорт пен импортқа қатысты бірыңғай кедендік тарифтер енгізілді, аграрлық қор және ауыл шаруашылығындағы бағаны реттеудің жалпы тәртібі қалыптасты. Бірыңғай паспорттар, стандарттар коммуникациялық жүйелер енгізіліп, өзара саудадағы салықтар мен баж төлемдерін реттеуші нұсқаулар жойылды. Білім туралы ұлттық дипломдар тең бағалы деп есептеледі. Еуропалық Экономикалық Бірлестікті Еуропалық Одаққа айналдыру процесі ойдағыдай жүргізілуде. Мамандардың бағалауы бойынша экономикалық интеграцияның одан әрі даму бағдарламасын жүзеге асыру ең алдымен Батыс Еуропа елдеріндегі өндіріс шығындарын төмендетеді, ғылыми - техникалық процесті жеделдетеді, экономикалық өсу қарқынын жоғарылатады, сауда жағдайын жақсартуды көздейді.

Ұлттық шаруашылықтардың біртұтас дүниежүзілік шарауашылыққа бірігуінің негізінде халықаралық еңбек бөлінісі (ХЕБ) жатыр. Ол жеке елдердің өнімінің белгілі бір түрлерін өндіруге мамандануы болып табылады, солар арқылы елдер өзара өнім айырбасын жүзеге асырады. ХЕБ капитализм дамуының мануфактуралық сатысында пайда болды.

Өнеркәсіп төңкерісі дәуірінде ұлттық шаруашылықтардың өзара байланысы нығайып, олардың дүниежүзілік нарыққа тартылуы өсті. Ірі машиналы индустрияның дамуы, өндіріс көлемінің ұлғаюы, өнеркәсіптің өзінде мамандандырудың тереңдеуі жағдайында жекелеген еңбек шеңберінде қазіргі заманғы өнеркәсіп өнімдерінің ұлғаймалы ұдайы өндірісін қалыптастыру мүмкін емес. Дүниежүзілік өндіргіш күштердің одан әрі дамуы ХЕБ-тің тереңдеу тенденциясына жағдай жасайды, өнеркәсіп салалары ішінде мамандандырудың анағұрлым дамыған түрлері кеңінен тарала бастайды (заттық, бөлшектік, технологиялық). Ал мұның өзі өнеркәсіп өнімдерінің халықаралық айырбасының өсуінен көрініс тапты. Капиталды сыртқа шығару мәселесінде трансұлттық фирмалық кооперация елеулі рөл атқарды. Сонымен, халықаралық мамандану неге негізделген? Бұл сұраққа осыдан 170 жылдан астам уақыт бұрын салыстырмалы шығындар теориясын жасаған Д.Рикардо жеткілікті түрде нақты жауап берді. Рикардоның идеяларын қарапайым мысалдармен көрсетейік. Әрқайсысында табиғи байлықтың, өнеркәсіптік тауарлардың белгілі бір көлемі жинақталған екі елді алайық. Бұл елдер арасында орын алатын айырбастың қажеттігінің бірінші дәлелі олардың өндіріс жағдайларының әр түрлілігі. Климат жағдайларына сәйкес солтүстік елдерде тропикалық жемістерді өсіру қолайсыз, немесе жекелеген бір ел табиғи байлыққа, айталық мұнайға зәру. Ал екінші бір елде оның өте мол қоры бар. Сондықтан басқа елдермен салыстырғанда белгілі бір тауарды аз шығынмен өндіруге мүмкіндігі бар ел үшін де мамандану пайдалы. Айталық кенеп өндірісінің шығыны Англияда Португалиямен салыстырғанда аз, ал шарап өндіру шығыны керісінше. Бұл жағдайда артықшылықтары бар тауар өндірісіне мамандану осы тауардың дүниежүзілік өндірісі мен сауда көлемін ұлғайтумен қатар әрбір елдің осы екі тауарды тұтыну мүмкіндігін де жоғарылатады.

Әлемдік шаруашылық – бұл халықаралық еңбек бөлінісінің жүйесіне ұлттық шаруашылықты біріктіретін глобальды экономика. Әлемдік шаруашылықта халықаралық экономикалық қатынастар қалыптасады. Олар келесі нысанада болады:

- халықаралық сауда;

- капитал шығару және халықаралық несие;

- халықаралық валюта қатынасы;

- халықаралық жұмыс күші миграциясы;

- ғылым және техника аумағындағы халықаралық айырбас.

Халықаралық сауда – мемлекеттер мен ұлттық шаруашылықтар арасындағы тауар және қызметтердің айырбасы. Ол ерте заманда қалыптасты, бірақ тек ХХ ғасырда ғана дүниежүзілік нарық формасына ие болды, өйткені оған негізінен өнеркәсібі дамыған елдер ғана қатынасады. Халықаралық сауда қазіргі дүниежүзілік еңбек бөлінісіне, әр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейіне және олардың табиғи-географиялық жағдайларына сәйкес тауарлардың белгілі бір түрлерін өндіруге маманданудың нәтижесі ретінде көрінеді.

Халықаралық сауданың маңызы:

- ұлттық ресурс негізінің шектігінен өту;

- ішкі нарықты кеңейту және ұлттық нарықты әлемдік нарықпен байланысын орнату;

- ұлт және халықаралық өндіріс артықшылығы айырмасының арқасында қосымша табыс табу;

- шетел ресурсын табу арқылы өндіріс ауқымымен кеңейту.

Мемлекет протекционизм және еркін сауда саясатын жүргізу арқылы экспорт пен импорт қатынасын реттейді.

Протекционизм – бұл импортты шектей отырып, ұлттық экономиканы шет ел тауарларынан қорғауға бағытталған саясат.

Фритредер – еркін сауда саясаты.

Дүниежүзілік сауданың динамикасы мен құрылымы өндіргіш күштердің дамуына дүниежүзілік өндірістің құрылымына тәуелді. Егер ХІХ ғасырда айырбаста көбінесе шикізат, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп өнімдері ғана болса, қазіргі кезде өнеркәсіп тауарларының үлесі, әсіресе машиналар мен жабдықтардың үлесі елеулі түрде өсті.

Қазіргі уақытта халықаралық айырбас өрісіне ғылыми-техникалық жетістіктер айырбасы қосылды, олардың үлесі халықаралық сауданың жалпы айналымының 10%-ін құрайды. Технологиялық күрделі өнімдерімен, лицензияларымен сауда-саттық жедел өсіп отыр. Егер 1970 жылы лицензиялардың дүниежүзілік экспорттағы көлемі 2,4 – 2,7 млрд. доллар болса, 80-жылдардың екінші жартысында бұл сан жылына 17 млрд. доллардан асты.

Халықаралық сауда объектілерінің қатарына қазіргі уақытта жобалау жұмыстары, лизинг (жабдықтарды ұзақ мерзімге жалға алу); инжиниринг (инженерлік-құрылыс атқару үшін жасалынған келісімдер) жатады.

Халықаралық саудада «Жаңа индустриалды елдер» (Гонконг, Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайвань) үлкен рөль атқара бастады. Бұл елдердің экспортында өнеркәсіптік тауарлардың алатын орны елеулі және олардың дүниежүзілік экспорттағы үлесі 1960-1985 жылдары 2 еседен асып түсті.

Капитал шығару – бұл ұлттық айналымынан капитал бөлігін алып тастап, басқа елдегі өндіріске әр түрлі нысанада енгізу.

Қазіргі уақытта жекелеген елдер арасындағы капитал қозғалысы кеңінен дамып отыр. Бұл елдердің әрқайсысы бір мезгілде капиталды шетке шығарушы да, капиталды әкелуші де болады, яғни капиталдардың елдер арасындағы ауысуы жүзеге асады. Бұл жағдайда шетке капитал шығару өз елінде капитал қорлары жетпеген кезде де жүзеге асырылады, ал шетел капиталының келуі бәсекелік қабілеті төмен ұлттық капиталды ығыстырады. Капитал негізінен кәсіпкерлік және қарыз формасында шетке шығарылады. Кәсіпкерлік капитал шет елдерге тікелей инвестиция түрінде шығарылады. Тікелей инвестиция өз өндірісін құру үшін немесе жергілікті компаниялар акцияларының бақылау пакетін сатып алу мақсатында капитал жұмсау арқылы жүзеге асады. Қарыз капиталы қарыз өсімін әкелетін заемдар, несиелер түрінде шығарылады.

Кәсіпкерлік капиталдар экспорты негізінде басқа елдерде өздерінің өндірістік филиалдарын құру арқылы жоғары дамыған елдердің концерндері өз тауарларын сыртқа шығаруға көп мүмкіндік алады, кедендік кедергілерді жойып, арзан жұмыс күшін шетел нарықтарында пайдаланады. 60-жылдардың ортасынан бастап ФРГ, Жапония сияқты елдердің шетелдік капитал қорлары жедел өсті. Тікелей инвестицияның орташа жылдық өсімінің қарқыны, бұл елдерде АҚШ-пен салыстырғанда екі еседен артық болды. Егер ХХ ғасырдың бірінші жартысында монополиялардың экономикалық экспансиялық жасау объектісі негізінен отар және тәуелді елдер болса, қазіргі тікелей шетелдік инвестицияның 70-75 % өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің үлесіне тиеді.

Қазіргі уақытта дамушы және өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы капитал қозғалысында елеулі өзгерістер пайда болды. Жас ұлттық мемлекеттерден капитал шығару, бір жағынан, олардың экономикасының дамуына мүмкіндік берсе, екінші жағынан, өнеркәсібі дамыған елдер жас ұлттық капиталдың өз елдеріне келуіне кедергі жасайды, сөйтіп дамушы мемлекеттерде негізінен шикізат өндірісін дамытады.

Соңғы он жылдықтарда өндірісті интернационализациялау, қоғамдастырудың халықаралық түрлерінің көбеюі капиталдың трансұлттық, монополиялық нысандарының дамуына әкеп соқты. Қазіргі кездегі халықаралық монополия дегеніміз - дүниежүзілік шаруашылықтың бір немесе бірнеше сферасында үстемдік жүргізуші концерн немесе бірқатар елдердің концерндері одақтарының жүйесі. Қазіргі уақытта дүниежүзілік нарықта айналымы 1 млрд. доллардан асатын 600 халықаралық алпауыт монополиялар өз қызметтерін атқарады. Олар дүниежүзілік нарықтағы өнеркәсіп өндірісінің 1/3-нен артығын, сыртқы сауданың жартысынан астамын, жаңа технологияның 80%-ін бақылайды.

Халықаралық монополиялар үш топқа бөлінеді. Олар трансұлттық, көпұлттық корпорациялар және халықаралық монополиялық одақтар. Трансұлттық корпорациялар (ТҰК) қазіргі кездегі дүниежүзілік шаруашылық байланыстарының негізгі субъектілері болып есептеледі. Бұл ірі компаниялар акционерлік компаниялардың ядросы. ТҰК – көптеген елдерде әрекет етеді, сол елдерде туынды кәсіпорындары (дочерние предприятия) филиалдарын, тірек (опорный) орталықтарын, бөлімшелерін жасайды. Мысалы, «Дженерал Моторс», «Экссон», «ИБМ», «Симменс», «Филипс» және т.б. екі немесе бірнеше елдерде туынды компаниялары бар корпорациялардың саны 11 мыңнан асады.

Көп ұлтты корпорациялар (КҰК) қызмет көрсету түрлері, көлемі жағынан ғана емес, сонымен қатар капиталы және оны бақылау ерекшелігімен айқындалатын халықаралық монополиялар. Олардың қатарында екі немесе одан да көп елдердің меншігіне негізделген «Роел-датч-Шел», «Юнилевр», «АРБЕД» және т.б. сол сияқты көп ұлттық корпорациялар жатады.

Халықаралық монополиялық одақтар (картельдер, консорциумдар) өндірістік, ғылыми-техникалық және коммерциялық негізде құрылып, соған сәйкес өнеркәсіптік, банктік және т.б концерндер бірлестігі болып табылады.

Халықаралық жұмыс күші миграциясы, яғни өмір сүру жағдайларын жақсарту мақсатымен еңбекке қабілетті халықтың бір елден екінші елге ауысуы, соңғы онжылдықта кең таралып отыр.

Миграцияның себептері ірі жеке елдердегі қорлану процестерінің біркелкі болмауынан, жалақы төлеудегі ұлттық айырмашылықтардан, сөйтіп жекелеген елдерде салыстырмалы басы артық жұмыс күші пайда болып, ал басқа бір елдерде жұмыс күшінің жетіспеуінен туындайды. Дәл осы салыстырмалы басы артық халықаралық жұмыс күші миграцияның негізгі қайнар көзі болып табылады. Халықаралық еңбек миграциясы дамыған елдерге қарағанда экономикасы нашар дамыған елдердегі жұмысшылардың арзан еңбегін пайдалануға негізделген. Бастапқыда халықаралық жұмыс күші миграциясы аса көп мөлшерде Еуропадан АҚШ-қа қарай ағылды. Оның себебі, жедел дамып келе жатқан капитализмге жұмыс күші қажет болды. ХІХ ғасырдың соңынан бастап, негізгі миграциялық аймақтар экономикалық даму деңгейі төмендеу Еуропа және Азия елдері болды. Қазіргі халықаралық миграцияның басты заңдылықтарының бірі оның мөлшерінің тұрақты түрде көбеюі, бұл процеске барлық елдердің еңбекшілерінің тартылуы. Бұл қазіргі дүниежүзілік қоғамдастықтың әлеуметтік-экономикалық өміріне тән маңызды құбылыс.

90-жылдардың басында дүниежүзілік капиталистік шаруашылықта 25 млн. мигрант-еңбекшілер болғанын еске алсақ дүние жүзіндегі жалпы мигранттар саны бұдан 3-4 есе артық болды. Олардың жартысынан көбі дамушы елдерден келген және олардың 2/3-і өнеркәсібі дамыған елдерде орналасқан. 70-80-жылдары көптеген елдер иммиграцияның қатаң түрде шектеуге іс-шаралар қабылдады, соған қарамастан иммигранттар саны, әсіресе Шығыс Еуропа елдері есебінен тез өсіп отыр. Егер ХХ ғ. 60-жылдарда 1миллионнан астам адам жыл сайын жұмыс іздеу мақсатымен Еуропаның бір елінен екіншісіне келсе, 80-жылдары олардың саны 5 миллионнан асты. Еуропадағы миграциялық қозғалысты күшейтіп жіберді. Тек «Ортақ рынок» мемлекеттерінде 90-жылдардың басында ресми түрде тіркелген иммигранттар саны 13 млн болды.

Шетел жұмысшыларын өздеріне жұмысқа тартатын Батыс Еуропадан басқа орталықтар пайда болды. Оларға Таяу және Орталық Шығыс т.б. елдері жатады. Ерекше демографиялық жағдай Аравияның шығысындағы мұнай өндіруші елдерде де қалыптасты. 80-жылдардың ортасында иммигранттар бұл елдердегі жалпы халықтың 60-75%-ін құрады.

Қазіргі кездегі күрделі проблемалардың бірі жасырын миграция, оның сандық мөлшерін дәл бағалау мүмкін емес. АҚШ-та жасырын иммигранттар саны 2-13 млн. аралығында деп есептелуде.

Жасырын миграцияның өсуі көптеген себептермен түсіндіріледі. Олардың ішіндегі ең бастысы көбірек пайда табу мақсатында кәсіпкерлердің өте арзан және құқықсыз жұмыс күшін пайдалану мүмкіндігіне ие болу. Еңбекшілердің көп мөлшерде көшіп-қону қозғалысын реттеу үшін мемлекеттер тарапынан қажет болған іс-шараларды жүзеге асыру тиіс. XVIII ғасырдың соңында көптеген елдер арасында жұмысшылардың көшіп-қону қозғалысын, олардың өмір сүруі жағдайларын реттейтін конвенцияға қол қойылды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Еуропа елдері өздерінің территорияларында капитал, тауар және жұмыс күшінің еркін ауысуы туралы келісімге келді.

Халықаралық жұмыс күші миграциясының салыстырмалы жаңа түрі ғылыми-техникалық кадрлар миграциясы болып табылады. Өз мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін қолайлы жағдайлар және соған сәйкес жоғары өмір сүру дәрежесін іздеген кадрлар АҚШ-қа, Еуропа елдеріне келеді.

Интеллектуалды жұмыс күшін қабылдау нәтижесінде АҚШ соңғы 25 жыл ішінде білім беру және қызмет көрсету сфераларында 15 млрд. долларға жуық қаржыны үнемдеді. Дайын білімді «қанаудан» түскен Канаданың пайдасы оның дамушы елдерге берген көмегінің көлемінен 7 есеге асып кетті. Ғалымдардың есептеуі бойынша көптеген шығыс Еуропа елдеріндегі миграциялық процестердің күшеюі ол елдерде ғылыми-техникалық кадрлардың тапшылығын тудырады, ал өз кезегінде сол жоғары білімді мамандардың көпшілігі шетелден өз білім деңгейіне сәйкес қызмет таба алмайды. Халықаралық миграция ел ішінде орын алып отырған жұмыссыздық деңгейін кемітеді және қабылдаушы елдердегі жалдама еңбек нарығының сұранысын қанағаттандырады деп ойлаудың қажеті жоқ. Жұмысшы күшін экспорттайтын елдер тұрақты эмиграцияға қарамастан, жұмыссыздықтың құрсауынан әлі де құтыла алмай отыр, ал қабылдаушы мемлекеттердің өзінде де жұмыссыз отырған адамдар миллиондап саналады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных