ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Сұраныс заңы. Сұраныстың бағалық емес факторлардың әсерінен өзгеруі.Сұраныс төлем қабілеті бар қажеттіліктерді көрсетеді. Сұраныс – бұл нарықтық баға құрылу процесіне әсер ететін жақтарының бірі. Сұраныс – деп белгілі бір уақыт аралығында тиімді бағаға сатылып алынуы тиіс тауардың мөлшері деп аталады. Сонымен, сатып алушының ақша қаражатымен қамтамасыз етілген қажеттілік сұраныс немесе төлем қабілеттілік деп аталады. Сұранысқа көптеген факторлар әсер етеді, олардың негізгісі болып баға аталады. Баға мен сұраныс шамасының арасында кері байланыс бар: бағаның көтерілуі сұранысты түсіреді және керісінше. Баға мен сұраныс шамасының арасындағы кері байланыс сұраныс заңы деп аталады. Бұл тәуелділікті графикте сұраныс қисығы (D) түрінде көрсетуге болады, бұл жерде Р-баға, Q-сұраныс мөлшері, d-сұраныс. (сурет-1)
Р d3 d1 d2
О Q сурет 1. Тік сызықтағы әрбір нүкте нақты бағаны, ал көлденеңдегі тұтынушы осы бағамен сатып ала алатын өнім мөлшерін білдіреді. D1 қисығы онымен көрсетіліп тұрған баға мен сұраныс шамасынын арасындағы байланыс кері болғандықтан төмен және оңға қарай жылжиды. Сұраныс қисығы бойымен қозғалыс, баға өзгерісіне тәуелді тауардың сатып алынған мөлшері өзгерістерін көрсетеді. Бұл "сұраныс көлемінің" өзгеруі деп аталады. "Сұраныс қисығы бойымен қозғалу" мен "сұраныс қисығының қозғалуын" айыра білу керек. "Сұраныс қисығының қозғалысы" сұраныстың бағалық емес факторлардың әсерінен өзгерген кезде айқындалады. Егер, мысалы тұтынушылар әрбір баға бойынша осы тауардың көп мөлшерін сатып алғылары келсе, онда сұраныс қисығы оңға "D1" -ден "D2"-ге ауысады. Тауарды аз қалау сұранысты азайтады және сұраныс қисығын солға "D1" -ден "D3"-ке қозғалтады. Бағалық емес факторлар: - тұтынушылар таңдауы (талғамы); - сатып алушылар табысы; - сатыпалушылар саны; - балама тауарлардың бағалары; - қолайлы жағдайды күту жатады. Олардың сұранысқà әсерін қарастырайық. 1. Тұтынушылар таңдауы өте субьективті және оларды ескеру қиын, бірақ даму бағыттарын анықтауға болады. Бір тауарға тұтынушылар ұнатуы жағымды өзгерсе, îл сұранысты көбейтеді және сұраныс қисығын оңға жылжытады. Керісінше жағдай сұранысты азайтады, қисықты солға жылжытады. 2. Сатып алушылар санының көбеюі сұранысты көбейтеді. Керісінше жағдай сұранысты азайтады. 3. Табыс мөлшері әсері күрделі құбылыс. Êөптеген тауарларға қатысты жағдай, табыстың көбеюі сапалы тауарларға сұраныстың өсуіне әкеледі. Сұранысы табыстың өзгеруіне тікелей байланыстà өзгеретін тауарлар жоғарғы категориялы тауарлар деп аталады. Сұраныс табыстын түсуі кезінде өсетін тауарлар төменгі категориялы тауар деп аталады. Табыс өсуінің белгілі шектерінде сұраныс өзгермейтін жағдайлар көп кезедеседі. 4. Балама тауарлар бағалары. Тауарлар әдетте 2 топты құрайды: алмастырушы (субститут) және толықтырушы (комплементарлы). Олар сұранысқа әртүрлі әсер етеді. Мәселен, кофенің бағасы өссе, оның орнына шәй пайдаланылады. Өзара толықтырушы тауарларға сұраныс бір уақытта ұсынылады. Мысалы, фотоаппаратты сатып алу пленканы сатып алуды тудырады. Егер фотоаппараттың бағасы өссе, пленкаға сұраныс түседі. 5. Болашақтағы бағаға қатысты тұтынушының күтуі, оның болуы және табыс өзгерістері мүмкін болатын сұранысты өзгерте алады. Сыныс заңы. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|