Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Нарық субьектілері және обьектілері.




Нарық–бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру және оларды ақшаның көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы.

Ұзақ экономикалық даму барысында адамдардың келесі экономикалық проблеманы шешудің нәтижесінде нарық пайда болған: сирек, шектелген ресурстар-әртүрлі игіліктерге деген адамның шексіз қажеттіліктері. А.Смиттің ойы бойынша, нарықтың пайда болуы, экономикалық ресурстардың сиректігі мен адамның өндірістік мүмкіндігінің шектелуінің салдарынан болған деп түсіндірген. Кез келген маманданған адам белгілі бір салада ғана өнімді тиімді өндіреді, ал оның қажеттіліктері миллиондап есептеледі.

1. Экономикалық ресурстардың шектелуі-обьективті заң, шаруашылық жүйесіндегі адамдардың субьективті тәртібінің сәйкестігін қажет етеді. Ресурстардың сиректік заңы немесе адамдардың өндірістік мүмкіндіктерінің шектеулігі өндірістің кез келген факторына әсер етеді. Әр кезеңде кез келген экономикалық ресурстарға және өндіріс факторларына: еңбекке, жерге және оның қазбаларына, капиталға шектелу тән: олардың саны белгілі және де шегі бар, олардың көбін, әсіресе бірінші экономикалық ресурстардың қандай-да бір өрісте пайдалануы, олардың басқа сферада қолданылуының мүмкін емес екенін көрсетеді. Мысалы, мынадай экономикалық ресурс-жерге тән қасиет, оның әр учаскесі бір мезгілде бір-ақ салада пайдалануы мүмкін: не ауыл-шаруашылық өнім өндіру үшін, не құрылыс үшін, не табиғат қазбаларын алу үшін. Осы жер учаскесін бір салада ғана қолдануымыз мүмкін, ал басқа салаларда қолдана алмаймыз, олардың өніміне қажеттік бар болса да.

Шикізат ресурстары, жер ресурстары сияқты да шектелген және сирек. Мұнда да, кез келген шикізатты бір ғана өнім өндіруге қолдануға болады, бірақ оны басқа салалардағы өнімді өндіруге қолдана алмаймыз, олардың өніміне қажеттігіміз болса да. Мысалы: 1 тонна металдан не станок өндіруге болады, не жеңіл машинасын, немесе 1 млн-ға жуық әйелдердің шашына қажетті шпилькалар өндіруге болады. Бірақ бірінші де, екінші де, үшінші де өнімдерді бірігіп 1 тонна металдан өндіруге болмайды.

2. Еңбек бөлінісі. Экономикалық ресурстардың шектеулі, сиректігі қоғамдық еңбек бөлінісі мен салалар мен адамдардың іс-әрекеттерінің түрлерінің көбеюінің себебін құрайды.

Ресурстардың шектелуі алғашқы қауымдық қоғамда адамдардың еңбек бөлінісі кез келген жұмысты орындағанда еңбек өнімділігі мен тиімділігінің өсуінің негізгі шарты екенін түсінуіне әкеледі. Осы себептен бірінші қоғамдық еңбек бөлінісі-мал шаруашылық пен жер шаруашылық тайпалардың арасында болды.

Қоғамдық еңбек бөлінісі обьективті экономикалық заңдардың бірі. Ол адамдардың еңбек өнімділігінің артуына және нарықтың пайда болуына әкелді. Қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі өндірістік мүмкіндіктерді кеңейтуге және әртүрлі тұтыну тауарларын өндіруге қолданылатын экономикалық ресурстардың шектелуін қысқартуға мүмкіндік береді.

Ресурстардың және өндірістік мүмкіндіктердің шектелуі адамдарды тұтынуға қажетті сирек кездесетін тауарлардың арасында таңдауға мәжбүр етеді: ол өнімдердің біреуін өндіру басқа өнімдерді өндіруден бас тартуға мәжбүр етеді. Еңбек бөлінісі және мамандану ресурстардың шектелуін қысқартуға мүмкіндік береді, өндірістік мүмкіндіктердің шекарасын кеңейтеді.

3. Еңбек нәтижесімен алмасу. Нарықтың пайда болуының тағы бір обьективті және маңызды буыны болып еңбек нәтижесінің алмасу қатынастары. Мұндай экономикалық қатынастар өзіне қажетті көптеген басқа игіліктерді алу үшін өз еңбегімен өндірген өнімді алмасу қажеттігі - адамның табиғи қажеттерінен шығады. Бір тауарды басқа тауарға алмастырып адамдар өздерінің көптеген қажеттіктерін толығырақ қанағаттандырады.

Бір еңбек өнімінің екіншісіне алмасу қажеттігі болмас еді, егер ресурстардың шектелуі еңбек бөлінісі мен мамандануына әкелмесе, оның нәтижесінде барлықтарының еңбек өнімділігінің артуына әкеледі. Осы мағынада экономиканың нарықтық ұйымдастырылуы біреудің ақылдылығының нәтижесі емес: оның пайда болуы адамдардың еңбек өнімдерінің алмасу үдерісінің нәтижесі.

Нарық субьектілері: үй шаруашылығы, фирмалар және мемлекет ретінде қарастырылады,

Үй шаруашылығы (жанұя)-бұл бір немесе бірнеше тұлғадан тұратын экономикалық бірлік.

Фирма -бұл сату мақсатымен өнімді шығару үшін өндіріс факторларын қолданады, пайдасын максимизациялауға ұмтылады, өздігінен шешім қабылдай алатын экономикалық бірлік болып табылады. Олар: кәсіпорындар, ұйымдар, ассоциациялар, кооперативтер, акционерлік қоғамдар немесе заңды тұлғалар.

Мемлекет қоғамдық мақсатты қамтамасыз ету үшін шаруашылық тұлғалары мен нарықты бақылауды қамтамасыз ету үшін заңды және саяси билікті іске асыратын үкімет мекемелерінен тұрады.

Нарықтық шаруашылықтың обьектілері болып: тауарлар мен қызмет көрсетулер, өндіріс факторлары (еңбек, жер, өндіріс құралдары), ақша, бағалы қағаздар және т.б. болып табылады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных