Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері.




Алғашқы кезеңде айырбас өте кездейсоқ, жай түрде орын алды. Осыған орай құн да кездейсоқ, жай нысанда дамыды. Мысалы, бір қой бір қап астыққа айырбасталады, яғни бір заттың құны (қойдың) екінші бір тауар арқылы (астық) анықталады. Біздің мысалымызда бірінші тауар (қой) активті рөл атқарып тұр. Яғни өзінің құнын екінші бір тауар астық арқылы анықтап отыр. Сондықтан оны относительді құн нысаны дейміз. Ал екінші тауар (астық) пассивті рөл атқарады, бірінші ретінде қарсы тұрады немесе оны эквивалентті құн нысаны деп атайды.

Өндіргіш күштердің дамуы, онымен байланысты қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі кездейсоқ айырбастан оның жүйелі нысанына, құнның толық нысанына көшуге негіз қалады. Мысалы:

3 грамм алтынға немесе 10 балтаға

1 қой =

немесе 1 қап астыққа айырбасталады.

Мұның құнның жай нысанынан айырмашылығы жалпы эквивалент рөлін бірнеше тауарлар атқарады. Бұл айырбас процесін қиындатты. Сөйтіп дамудың белгілі бір дәрежесінде жалпыға бірдей құн нысаны пайда болды.

 

3 грамм алтын =

10 балта = 1 қойға айырбасталды.

1 қап астық =

Сөйтіп жалпы эквивалент рөлін бір тауар атқарды. Бұл жағдайдың өзі де көпке бармады. Өйткені жалпы эквивалент рөлін ертедегі грек, араб, үнді елінде – мал, ертедегі орыс, скандинавия елдерінде – аң терісі, Африка елдерінде – піл сүйегі, Қытайда – тұз атқарды.

Алайда өндіргіш күштердің қарқындап дамуы, қоғамдық еңбек бөлінісінің одан әрі тереңдеуі жалпы эквивалент рөлін әр елде әр түрлі тауарлардың атқару тәртібі қала бастады да оны бір ғана тауар, яғни ақша атқаратын болды. Осымен байланысты құнның ақшалай нысаны дүниеге келді. Мысалы:

1 қой =

10 балта = 3 грамм алтынға айырбасталды.

1 қап астық =

Бұл нысан эквивалент рөлін алтын, бағалы металдар атқарған кезде ғана беки бастады. Бір кезде эквивалент рөлін тек алтын ғана атқарды. Сөйтіп айырбас процесі тауарлар дүниесінен ерекше тауар – ақшаның бөлініп шығуына жеткізді.

Ақша дегеніміз тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүниесімен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквивалент рөлін атқарады.

Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар: 1) ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын, 2) онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын; 3) тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді.

Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни, ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас. Ақшаның қызметі:

1) құн өлшеуші;

2) айналыс құралы;

3) төлем құралы;

4) қазына жинау;

5) дүниежүзілік ақшалар.

Құн өлшеуші. Мұнда ол жалпы эквивалент рөлін атқарды. Оның мәні барлық тауарлардың құны ақша арқылы анықталады. Мұндай қызметті өзіндік құны бар тауар ғана атқара алады. Бұдан шығатын қорытынды, барлық жағдайда құн өлшеуші қызметін алтын ғана атқарды.

Ақшаның пайда болуымен байланысты бір тауардың екінші бір тауарға тікелей айырбасталуы (Т-Т) біржола тауар айналымына (Т-А-Т), яғни ақша арқылы тауар айырбасына орын береді. Ақша тауар айырбасында аралық, яғни айырбас құралының қызметін атқарады. Мұндай қызметті атқару үшін нақты ақша немесе ақша белгісі қажет, өйткені тауар тек нақты ақшаға, ал ақша тауарға тікелей айырбасқа түседі.

Әсіресе халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі мен экономикалық қатынастар шеңберінің ұлғаюымен ақша төлем құралы ретінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде қолма-қол ақшаның болуы міндетті емес. Оның қызметін кредит ақшалар атқарады. Соңғы кездерде есеп айырысу құралы ретінде тек қана банкноттар, чектер, қағаз ақшалар ғана емес, кредит карточкалары да кеңінен дамуда.

Қазына жинау тауар өндірісінің объективті қажеттілігінен туындайды, әрбір тауар өндіруші өзіне өз тауарларының өту-өтпеуіне қарамастан қандай жағдайда болсын басқа бір тауарды сатып аларлықтай, әр түрлі кездейсоқ жасауы керек. Кез-келген затқа әрдайым айырбастай аларлықтай белгілі бір мөлшерде ақша қоры болуы шарт. Тауар-ақша қатынасы, осымен байланысты ақшаның үстемдік етуі белгілі бір дәрежеге жеткенде кейбір адамдар үшін ақша қорын молайту олардың өмір сүруінің мақсат-мүддесіне айналады.

Тауар-ақша қатынасының ұлттық шеңберден шығып, дүниежүзілік нарықты қамтамасыз етуі, оның дүниежүзілік қызметті көрсетеді. Дүниежүзілік ақшалар үш қызмет атқарады: 1) халықаралық төлем құралы; 2)халықаралық сатып алу- сату құралы; 3)қоғамның байлығын сипаттаушы құрал.

Сонымен, ақша – бұл жалпы эквивалент рөлін атқаратын ерекше тауар.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных