Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Н заңы және оның тауар өндірісіндегі қызметтері.




Қоғамдық өндірістің тауарлы нысанының ерекшелігі құн заңының іс-әрекетінен нақты көрінеді. Құн заңы тауар өндірісі мен тауар айналысының негізгі заңы. Құн заңының іс-әрекетінің мәні мынада: тауарларды өндіру мен айырбастау оларды жасап шығаруға жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек шығындары негізінде жүзеге асырылуға тиіс. Сонымен құн заңы әр қилы тауар өндірушілердің шаруашылық нәтижесінің қорытындысында өнім айырбастауда эквиваленттілікті талап етеді. Ал тауар ақша айналысында құн заңы баға заңы болып табылады. Баға құн заңының көрінісі. Құн баға заңы немесе бағаның жинақталған көріну нысаны.

Құн заңын дұрыс басшылыққа алудың қоғамдық еңбек өнімділігін, өндірістің тиімділігін арттыруда, аз шығынмен көп нәтижеге жетуді, нақты нарықтық қатынасқа көшуді қамтамасыз етуде, шаруашылық реформасын іске асыруда маңызы зор. Тауар өндірісінің экономикалық негізі қоғамдық еңбек бөлінісі. Ол болмаса тауар өндірісі де, нарық та болмас еді.

Құн заңы дегеніміз баға заңы. Құн заңының негізгі қызметтері:

1. Өндірістің негізгі факторларын бөлу. Баға өскен байқалған салаларда өндірістің маңызды факторлары тоғысады. Осының нәтижесінде тауарлар ұсынысы оларға деген сұраныстан асатын болса, кері процесс басталады. Нарықтық бағалар төмендей бастайды және бұл саладан ресурстардың басқа салаға ауысуы орын алады.

2. Өндіргіш күштердің дамуын ынталандыру. Нарықта тауар еңбек шығындарына емес, қоғамдық қажетті еңбек шығындарына сәйкес бағалармен сатылады. Егер қандай да бір фирма немесе жеке тауар өндіруші өндіріс шығындарын ғана азайтуға қол жеткізсе, ол пайда алады. Бұл үшін технологияны жетілдіру, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін қолдану, ресурстарды үнемдеу қажет. Сонымен құн заңы өндірушіні өндіргіш күштерді жетілдіру мен дамытуға қатысуға мәжбүр етеді.

3. Тауар өндірушінің жіктелуі. Құн заңының бұл қызметі алдыңғы екеуінен шығады. Өндіріс шығындары төмен, нарықтың жай-жапсарын дұрыс бағалай білген тауар өндіруші алынған пайданың өсуіне байланысты байи түседі. Басқа тауар өндірушілер «ұтылыста» қалып зиян шегеді. Тауар өндірушінің жіктелуі құн заңының, баға заңының объективті нәтижесі.

Әдебиеттер

 

1. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Я. Әубәкіров және т. б. Алматы, «Санат», 1998.

2. Экономикалық теория. Оқу құралы. Я. Әубәкіров және т. б. Алматы, Қазақ университеті, 1999.

3. Экономикалық теория. Мырзалиев Б.С. және т. б. Оқу құралы. Алматы, 2006.

Бақылау сұрақтары:

1.Натуралды шаруашылық пен тауарлы өндірістің айырмашылығы неде?

2.Тауардың қасиеттерін көрсетіңіз.

3.Ақшаның қызметтерін атаңыз.

4.Құн заңының қызметтерін атаңыз.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных