ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Оғамдық шаруашылықтың формалары: натуралды және тауарлы.Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың тарихи бірінші нысаны – натуралды шаруашылық. Натуралды шаруашылық дегеніміз - өндірушілер өнімді айырбасқа емес, өз қажеттіліктерін өтеу үшін ұйымдасатын шаруашылық. Еңбек өнімі өндірушінің жеке басының қажетін қанағаттандыруға арналады да, ол тұтынушының қолына тікелей бөлу жолымен тиеді. Мұнда тұтыну өндірумен сәйкес келеді де, олардың арақатынасын реттеу қиынға соқпайды. Мұндай қатынастар, әсіресе алғашқы қауымдық құрылыста кең орын алды. Натуралды шаруашылыққа патриархалды шаруалар қожалығы және феодалдық иеліктегі шаруашылықтар жатады. Натуралды шаруашылықтың белгілері: 1. Ұйымдастыру – экономикалық қатынастар жүйесінің тұйықтылығы; 2. Ерекшеленген түрлерге бөлуді жоққа шығаратын әмбебап қол еңбегі; 3. Өндіріс және тұтыну арасындағы тікелей экономикалық байланыстар. Ол мынадай формула бойынша дамиды: «өндіріс – бөлу - тұтыну», яғни жасалған өнім айырбасқа түспестен өндіріске қатысушылар арасында бөлініп, тұтынуға түседі. Натуралды шаруашылық әрі тұйық, әрі тұрақты, әрі өсуі өте баяу. Бұл қазіргі дүниеде де кездесіп отыр, әсіресе экономикасы әлсіз елдерде елеулі орын алуда. Тіпті дамыған елдердің өзінде де натуралды шаруашылықтың кейбір нысаны сақталуда. Шаруашылықтың ең кең таралған нысаны тауарлы шаруашылық болып табылады. Тауарлы шаруашылық деп өнімдер сату үшін өндіріліп, өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыс нарықтық көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық болып табылады. Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты – нақты бір өнімдер шығаруға өндірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі. Қоғамдық еңбек бөлінісі тарихи 3 кезеңнен тұрады. Біріншісінде, мал шаруашылығы егіншіліктен бөлініп шығып, тайпалар арасындағы ұдайы айырбастың болуына жағдай жасады. Екіншісінде – қолөнер егіншіліктен бөлініп пайда болды. Үшінші кезеңде сауда өндірістен оқшауланды және көпестік капиталдан бөлініп шықты. Осы кезеңде нарықтық байланыстар ұдайы қалыптасты. Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір-бірінен экономикалық жағынан оқшаулануы нәтижесінде өз еңбектерінің өнімдеріне өздері болып нарыққа сатуға шығады. Тауарлы шаруашылыққа тән: 1) ашық ұйымдық – экономикалық қатынастар; 2) еңбекті бөлу және оның әсерінен тауар айырбасы жүреді; 3) өндіріс пен тұтыну арасындағы жанама байланыстар. Ол «өндіріс-айырбас-тұтыну» формуласы бойынша дамыды. Натуралды өндірістің күйреуі, тауар өндірісінің пайда болуы және орнығуы экономикадағы маңызды алға басушылық болды. Тауар өндірісі жұмыс уақытын үнемдеу мен еңбек өнімділігін арттырудың тиімді механизмін жасады. Тауар өндірісін жай және капиталистік тауар өндірісі деп екі түрге бөледі.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|