Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру саясаты.




Қазақстан Республикасында меншіктің алуан түрлері мен формаларын қалыптастыру мемлекеттенген меншікті қайта құру жолымен немесе мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру жолымен жүзеге асырылады.

Мемлекет иелігінен алу, оның билігін шектеу бұл өндірісті тікелей мемлекеттік әкімшілік реттеуден басым түрде нарықтық механизмдер негізінде реттеуге көшу. Жекешелендіру – бұл мемлекеттік немесе муниципалды меншікті ақыға немесе тегін жеке меншікке беру.

Экономиканы әміршілдік - әкімшілдік басқару жүйесі кезінде мемлекеттік меншік түрі өте қатты дамыды. Меншікті мемлекеттендірудің басты екі кемшілігі болды: а) еңбек адамы сол меншіктің билеушісі жағдайын жоғалтады және оны тиімді қолдануға жігерленбейді; ә) өндірісті басқаруда бюрократтану жүріп, экономиканың артықшылығы топталды.

Ұлттық бағдарламаға сай Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру келесі кезеңде жүргізілді:

- бірінші кезең 1991 – 1992 жылдар;

- екінші кезең 1993 – 1995 жылдар;

- үшінші кезең 1996 жылдан басталып, 1998-шы жылдың бірінші жартысына дейін созылды.

Қазақстанда мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің негізгі мақсаты:

- шаруашылық субьектілерінің тиімді түрі ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру;

- бәсекелестік ортаны құрып, өндірісті монополиясыздандыруды қамтамасыз ету;

- шағын және орта бизнесті дамыту;

- шет мемлекетті өзіне тарта білетін, жеке бизнес басымырақ ұйымдық- шаруашылық құрылымды қалыптастыру;

- бағалы қағаздар нарығының субьектісі ретінде инвестициялық құрылым жүйесін дамыту және нығайту.

Қазақстан Республикасының ерекше меншік обьектілері жекешелендіруге жатпайды. Олар –жер, оның байлығы, су, әуе кеңістігі, өсімдік пен жануарлар дүниесі, елдің тарихи және мәдени құндылықтары.

Елімізде мемлекеттік меншік объектілерін мемлекет иелігінің алу мен жекешелендірудің төмендегідей түрлері қолданылады:

а) мемлекет кәсіпорын мүлігін жалға беру;

б) жалға берілген мемлекеттік кәсіпорын мүлігін сатып алу;

в) мемлекеттік меншік объектілерін концессияға беру;

г) мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғам мен серіктестік ретінде құру;

д) еңбек ұжымы мүшелерінің мемлекеттік кәсіпорын мүлігін сатып алуы;

ж) мүліктері мемлекеттік меншікке жатпайтын мемлекеттік кәсіпорын мүлігін заңды тұлғаға және азаматтарға конкурс немесе аукцион арқылы сату.

Жекешелендірудің төмендегідей тәсілін айтуға болады:

а) аукциондық, жекешелендірілетін меншікке кім жоғары баға ұсынса соған сатылады;

б) конкурстық – таңдау сатушының ойынша, дұрыс жағдай ұсынған сатып алушыға артықшылық көрсетіледі;

в) кәсіпорын акциясын ересек тұрғындарға беру;

г) купондық тәсіл.

Қазақстан Республикасы 1993 жылы қараша айынан бастап жаппай жекешелендіруге көшті. Мақсаты – тезірек меншіккерлер тобын қалыптастыру. Тұрғындарға бірдей мүмкіндіктер жасау үшін инвестициялық жекешелендіру купондары берілді. Қазақстандық модельдің негізгі ерекшелігі мынада:

1. Жекешелендірілген инвестициялық купондарды қайтарымсыз үлестіру;

2. Жекешелендірілген инвестициялық купонды тек қана инвестициялық – жекешелендіру қоры арқылы қолдану мүмкіндігі болды.

Қазақстан Республикасындағы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру меншік құрылымын түпкілікті өзгертті. Жеке меншіккерлер тобын қалыптастырды.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных